Жұма, 11 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4836 5 пікір 10 Ақпан, 2018 сағат 15:32

Тіліміздегі "назар" және "амал" деген сөздерімізден бас тартамыз ба?

Естеріңізде болса, өткенде сіздер мен біздер бір-екі термин жөнінде ой бөліскен едік. Сөз "теория" мен "практика" деген сөздердің ана тіліміздегі баламасы туралы болған.

Жақында менің қолыма әл-Фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаев ағамыз Әбу Насыр әл-Фарабидың "Музыка туралы үлкен кітап" деген еңбегінің қазақша аудармасын ұстатты.

Әл-Фараби бабамызды оқып отырсам, біздің ана тілімізде күнделікті қолданылып жүрген "назар" және амал" деген сөздер терминдердің түбірі санатында қолданылыпты. ОЛ кісі біз еуропаша айтудан жалықпайтын "теория" деген сөзді "назария", ал "практика" деген сөзді "амалия" деп қолданады. Біз қайтеміз? Тілімізге ғасырлар бойы сіңісті болып кеткен "назар" және "амал" деген сөздерімізден бас тартамыз ба? Әлде "әлемнің екінші ұстазы" атанған ұлы бабамызға жүгінеміз бе?

Сағатбек Медеубекұлы

Facebook-тегі парақшасынан

 

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1070
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2621
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 745
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 711