Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 12:13

Есмұқан Обаев: «Көрерменнің көңілінен шығу – театрдың басты парызы»

Бүгін - Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы қазақтың академииялық драма театрының құрылған күні. 1926 жылы ашылған театрдың негізін қалауда Жұмат Шанин, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытовтардың ерен ерлігі жатыр. Сексен бестің сеңгіріне шыққан әкемтеатр қазақ театр өнерінің кәсіби ұлттық мектебінің қара шаңырағы. Қазақ өнерінің айтулы да, аяулы тұлғалары ұлт өнеріне қызмет еткен қасиетті орын, киелі сахна.

Атаулы күні  - театрдың директоры Есмұхан Обаев мырзамен аз-кем әңгіме құрған едік.

Аға, мерекелеріңіз құтты болсын!

-  Рахмет! Қазақтың профессионалды театр өнерінің қара шаңырағы - Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы академиялық театры бүгінде 85 жасқа толып отыр. Бұл - 13-нші қаңтар 1926-ншы жылы сол кездегі қазақтың астанасы Қызылорда қаласында тұңғыш шымылдығын көтерген қазақтың профессионалды театры.

Бүгінде Қазақстанда алты тілде сөйлейтін мемлекеттік театрлар бар. Бұл басқа мемлекетте жоқ нәрсе. Қазақтың, орыстың, кәрістің, немістің, ұйғырдың, өзбектің театрлары жұмыс істейді. Осының бәрі біздің мемлекеттіміздің театр өнеріне деген өте үлкен көңіл бөлуінен, ұлттық өнерге қамқорлығынан деп есептеймін.

Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде орыстілді облыстардың көбінде қазақ театрлары ашылды. Мысалы үшін Сәбит Мұқанов театры Петропавелда, Ілияс Омаров театры Қостанайда, Нұрмұқан Жантөрин атындағы театр Ақтауда сонымен бірге Өскеменде, Түркістанда, Сайрамда қазақ театрлары көрерменіне қызмет етіп келеді. Міне, осының бәрі ұлттық өнердің бағасын алғаны деп ойлаймын. Жоғарыда аталған театрлардың бәрі - Әуезов театрынан тараған. Оған қоса, опера театры, филормания, қазақконцерт де біздің театрдың төлдері.

Бұл театрда - ұлы қазақ өнерінің пионерлері: Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбеков, Жұмат Шанин осы кісілер салып кеткен із күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Қазір 85-ке келіп отырған театрда төрт буын өкілі жұмыс істейді. Театрда 65 жылдан бері Хадиша Бөкеева мен Хабиба Елебекова апаларымыз қызмет етіп келе жатыр. Бүгінгі таңда театрдағы төрт буын өкілдері қазақтың прфессионалды өнерінің туын көтеріп жүр десек артық айтқандық емес.

Біздің театрдың әртістері - бүтін қазақ театрының, қазақ киносының, қазақ телевидениясының, қазақ дубляжының, қазақ радиосының әртістері. Сондықтан, театрдың көтеріп жүрген жүгі өте үлкен.

Әуезов театры - қазақтың кәсіби драматургиясын, театр өнерін, режиссурасын, актерлық мектебін шетелге де таныстырып жүрген өнер ұжымы.  Әлемге әйгілі театрлардың бірі.

Ал, театр актерларының жетпіс пайызы жастар. Бұлар бұрынғы актерлық мектепті жалғастырушы әрі соның туын жоғары ұстаушылар деп ойлаймыз.

Мен осы театрда сонау 1964 жылдан бері бір келіп, бір кетіп жұмыс істеп жүрген адаммын.

Қазіргі кезде театрға деген көрерменнің жылылығы, көптігі соншалықты біздің көптеген спектаклдерімізге билет табыла бермейді. Бүгін де елдер рухани аштық жасамас үшін сүйікті театрына келеді.  Көрерменнің көңілінен шығу - театрдың басты парызы.

-Театрдың бүгінгі репертуары қандай?

- Репертуарда 55 спектакль бар. Оның 11-і жаңа қойылымдар. Ең соңғы жаңа: Әуезовтің «Абай», Гоголдің «Үйлену» қойылымдары бар. Сексен бес жылдыққа арналған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы жүріп жатыр. Және Дулат Исабековтің «Жау жүрек - Балуан Шолақ» пьесасымен жұмыс істеп жатырмыз.

- Әңгімеңізге рахмет, аға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439