Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 14 Қаңтар, 2011 сағат 04:33

Сансызбай Нұрбаба. Қазақстанда неге ет қымбат?

«Ет қат дүниеге айналып, шартарап шандыр шайнады дейік. Тісі қышыған елдердің алды қытайшылап бақа-шаянды көже-қатық қылса, енді біреулері кәрістер құсап ит жей бастады деп қояйық. Бірақ сондай заман туғанның өзінде Қазақстандағы еттің құны дәл осылайша көтерілуге тиісті емес. Бүгінгі баға - қолдан жасалған баға. Үкіметтің қазіргі жұмысынан оны арзандатудың амалын көрмек тұрмақ, нышанын да сезбейсіз. Демек, биліктің өзі ет бағасының шығандап кетуіне мүдделі сияқты», - дейді аты-жөнін атамауды өтінген академик ағамыз. Сонымен, ет бағасын қалай арзандатуға болады?

Ағамыздың айтуынша, оны түсіндіру үшін қарапайым есепке жүгінеміз. Есептеуге оңай болуы үшін, 1 қойдың баға­сын 10 мың теңге (әрине, на­рық­тағы баға бұдан әлдеқайда қымбат) деп белгілеп қояйық. Ал енді осы 10 мың теңге қай­дан шығады? Базардан қой алып көрген қалалық болсаңыз, өзіңіз де жақсы білесіз, қойды соямыз, терісін тастаймыз, бас-сирағы мен ішек-қарны да қалады жайына. Ұшасын (туша) өлшейміз, бағасы - 10 мың теңге. Міне, біздегі қой бағасы осылай өлшенеді. Егер ішек-қарын мен теріні кәдеге жарат­сақ, қой құнының 25 пайызын еншілер еді. Сонда таза еттің өзі 7500 теңгеге төмендейді. Ал нәтижелі көрсеткіш - 50 де 50. Өйткені тері мен ішектің бағасы еттен әлденеше есе қымбат. Не айтпағымызды түсіндіңіз деп ойлаймыз. Ал оны жүзеге асыру үшін, велосипед ойлап табу­дың қажеті жоқ.

«Ет қат дүниеге айналып, шартарап шандыр шайнады дейік. Тісі қышыған елдердің алды қытайшылап бақа-шаянды көже-қатық қылса, енді біреулері кәрістер құсап ит жей бастады деп қояйық. Бірақ сондай заман туғанның өзінде Қазақстандағы еттің құны дәл осылайша көтерілуге тиісті емес. Бүгінгі баға - қолдан жасалған баға. Үкіметтің қазіргі жұмысынан оны арзандатудың амалын көрмек тұрмақ, нышанын да сезбейсіз. Демек, биліктің өзі ет бағасының шығандап кетуіне мүдделі сияқты», - дейді аты-жөнін атамауды өтінген академик ағамыз. Сонымен, ет бағасын қалай арзандатуға болады?

Ағамыздың айтуынша, оны түсіндіру үшін қарапайым есепке жүгінеміз. Есептеуге оңай болуы үшін, 1 қойдың баға­сын 10 мың теңге (әрине, на­рық­тағы баға бұдан әлдеқайда қымбат) деп белгілеп қояйық. Ал енді осы 10 мың теңге қай­дан шығады? Базардан қой алып көрген қалалық болсаңыз, өзіңіз де жақсы білесіз, қойды соямыз, терісін тастаймыз, бас-сирағы мен ішек-қарны да қалады жайына. Ұшасын (туша) өлшейміз, бағасы - 10 мың теңге. Міне, біздегі қой бағасы осылай өлшенеді. Егер ішек-қарын мен теріні кәдеге жарат­сақ, қой құнының 25 пайызын еншілер еді. Сонда таза еттің өзі 7500 теңгеге төмендейді. Ал нәтижелі көрсеткіш - 50 де 50. Өйткені тері мен ішектің бағасы еттен әлденеше есе қымбат. Не айтпағымызды түсіндіңіз деп ойлаймыз. Ал оны жүзеге асыру үшін, велосипед ойлап табу­дың қажеті жоқ.

Кешегі кеңестік үкіметтің тірлігіне назар ауда­ры­ңыз: бір Қазақстанның өзін­де 40-қа жуық ет комбинаты болған. Алматы ет комбинатында күніне 2-3 мың қой сойылса, Семейдің ет комбинатында әр күн сайын 10 мың қой қасапханадан өткен екен. Сонда не істелген дейсіз  ғой: ішек­тің бәрі мемлекеттік бағдарла­ма бойынша Қазан қаласына жөнелтілген. Татарстанда бүкіл Одақтан жиылған ішектен кетгуд жібі әзірленген. Оның қа­сие­ті сол, адамға операция жа­са­ған кезде кетгудпен тіксе, жіп­ті қайтып алудың қажеті жоқ. Және пышақ тілген жерде тыртық қалмайды. Ал малдың қанынан құрама жемге керекті қоспа дайындалған. Теріні былай қойғанда, сүйектің бәрі өң­деу­ден өткен. Алдымен жілікті сүйектерден сүйек майы алын­ған. Содан кейін барлық сүйек атаулы жоғары температурамен қыздыратын арнайы қа­зан­дықтарда өңдеуден өтіп, сүйек ұны шығарылған. Бұл не? Бұл - қып-қызыл кальций.

Қа­зір еліміз ең көп мөлшер­де импорттайтын ет түрі - құс еті. Мем­лекет қолдау білдір­геннің өзінде бұл сала қанатын жая алмай келеді. Тіпті шығынға ұшырап, қайта жабылып жатқан құс фермалары бар. Неліктен? Оның бір себебі - құс өсіру­шілер жем қоспаларын сырттан тасиды. Жалпы, құс жемі жиырмадан астам қоспадан тұрса, соның 70-80 пайызы шетелден әкелінеді. Ал оның ішінде осы сүйек ұны да бар. Сондай-ақ, құс фермалары шетелдің вакцинасына да тәуелді. Вакцина демекші, ет комбинаттарының жанында сол кезде дәрі-дәрмек өндіре­тін зауыттар да жұмыс істеген. Малдың қаны­нан, жұлынынан, өтінен меди­ци­наға қажетті дәрілер дайын­далғанын қазір біреу білсе, біреу білмейді.

Мәселен, пепсин, пепсидил препараттары кеңінен өндіріл­ген. Ал инфаркт алған адамның жүрегіндегі ұйыған қанды ыдырататын аса қымбат дәрі бүкіл Одақ бойынша Ленинград (қа­зіргі Санкт-Петербург) пен Алматы ет комбинаттарында ғана жасалыпты. Ол дәрі ірі қара малдың жүрек қантамыр­лары­нан алынған. Жиылған қанта­мыр­дың салмағы 200 келі­ге жеткенде, одан бір флакон дәрі жасалған. Соған орай оның баға­сы құнды әрі таптырмайтын препаратқа айналған. Сонымен қатар бүгін біз жұртта қалған деп жүрген кеңестік технология мүйіздің өзін кәдеге жаратқан екен. Соңғы жылдары бездің өзінен медициналық дәрі-дәрмектер жасап жүрген елдер бар.

Енді осыны бүгінгі таңда жүзе­ге асыруға бола ма? Бұл жерде ең алдымен «Біздегі мал саны сондай жұмыстар істеуге жеткілікті ме?» деген орынды сауал туады. Ғалымның пікірін­ше, Қазақстанда 19 миллионға жуық уақ мал бар. 150 миллион халықты асырап отырған Ре­сей­дегі қой мен ешкінің саны 20 миллионнан аспайды екен. Демек, 16 миллион халқы бар Қазақстан үшін 19 миллион бас мал - қыруар байлық. Тағы да есепке жүгінейік. Қойдың жыл сайын шамамен 20 пайызы сойысқа кетеді. Бұл дегеніңіз, 3 млн 800 мың бас. Осы 3 млн 800 мың қойдан 3 млн 800 мың дана тері шығады. Оның 800 мыңы стандартқа сәйкес кел­мейді дегеннің өзінде 3 млн тері қолда қалады. 6 қойдың терісі - 1 тон. Бұл - сонда Қазақстан­да жыл сайын 500 мың тон тіге­тін шикізат далада қалып жатыр деген сөз.

Осы жерде тағы бір мәсе­ленің шеті шығып тұр. Кеңестік кезеңде мал мемлекеттікі болатын, қазір жекенің қолында. Ендеше, ет комбинаттарын өмірге қайта әкелгенде, оған ауылдағы ағайын малын өткізе қоя ма? Ғалымның пікірінше, қуана-қуана өткізеді. Өйткені малшы қауымға керегі, жоғары­дағы есепке салсақ, - 10 мың теңге. Яғни ауылдан қалаға әкеліп, 10 мың теңгеге сауда­лағанша, жақын жерден сол ақшаға бере салған әлдеқайда тиімді. Жақын жерден деуіміз­дің себебі - ондай ет комбинаттары мал шоғырланған аймақ­тардан салынғаны жөн. Ол үшін мамандардан арнайы топ құры­лып, қай өңірде қанша мал бар, ол қандай түлік деген сау­ал­дарға нақты жауап алынуға тиіс. Содан кейін ғана болашақ ет комбинатының орны бел­гіленеді. Егер бұл жұмыстар атқарыла қалса, малды аймақ­тардан жаңа жұмыс орны ашылады, тері-терсек, жүн-жұрқа жұртта қалмайды, жеңіл өнер­кә­сіптің тамырына қан жүгіреді, өңдеу ісіне жан бітеді және ет бағасы арзандайды. Бүгінгідей төрт түлікті топырлатып қалаға айдау тыйылады.

Осы шаруа қолға алына қал­са, отандық ғалымдардың ет өндірісіне қосар өзіндік жа­ңа­лықтары да жоқ емес. Айта­лық, кез келген ет түрінің құра­мында май қышқылдары, амин қышқылдары, микроэлементтер, дәрумендер болады. Бірақ соның барлығы кейде адам ағ­засына қажетті деңгейге жет­пейді. Мәселен, қой етінде май қышқылдарының ішінде ара­хи­дон, линон, линолен қыш­қыл­дары - жоқтың қасы. Бұл - адам­ның ойлау қабілетін дамытатын элементтер. Міне, осы­ған байланысты Алматы Технология уни­верситетінің ғалым­дары қой етін керекті май қыш­қыл­дарымен байыту ісін мең­гер­ген. Яғни дәрумендер мен микро­­элементтерді және өсім­дік композицияларын пайдалану арқылы бауыр мен асқазан­ның жұмысын жақсартатын, қан айналымы жүйесін реттей­тін, ойлау қабілетін арттыратын ба­йытылған ет өндіруге болады. Бір қызығы, мұндай еттің баға­сы кәдуілгі еттен қымбат емес. Өйткені байытылу кезін­де еттің шығымы сәл де болса артады. Осы салмақ байытуға кеткен шығынды жабады. Өкініш­ке қа­рай, дамыған шетел ғалымдары да қол жеткізе алмаған бұл жа­ңалық елімізде өндіріске енбей тұр.

Бұл өз алдына, ет өндірісін­дегі селқостық халықтың сапасыз тағам тұтынуына да себепкер болып отыр. Мәселен, бү­гін­де дүкен сөрелерін жаулаған шұжық өнімдерінің дені адам ағзасына аса қауіпті. Оқыр­манға құлаққағыс ретінде айта кетейік, шұжық сатып аларда тауар белгісіндегі канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқи­ят назар салған жөн. Сапасы тө­мен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісі әртүрлі дертке тез шалдығады. Тіпті қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым әлде­қашан дәлелдеген. Жылдар бойы улы заттар жиналған адам­­ның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл-күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауыр, бүйрек қатерлі ісігінің пайда болуына да ең бірінші себепкер - осы канцерогендер. Егер тағамның тауар белгісінде құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдеуіштер, жасанды бояулар қосылған деп ұғыңыз. Олар - өнімді бұзылу­дан сақтайтын күшті реагенттер, сондай-ақ сау адамды науқас қылатын қоспалар.

Ендеше, шағын және орта кәсіпорындар неліктен жоға­ры сапалы өнім шығара алмайды? Тағы да айтайық, мұның бәрі үкіметтің бұл салаға мойын бұрмай отырғандығында. Өйт­кені отандық өндірушілер шетелдің шикізатына тікелей тәуелді.

Ал шұжыққа қо­сар дәм­деуіштерді былай қой­ғанда, табиғи қаптамаларды да (ішек) сырттан тасиды. Польша мен Чехиядан және Германиядан ішек тасыған соң, жұмыста қандай береке болады? Шұжық өндірісіне «клипси» деген атау­дың енгеніне де біршама уақыт болды. Ол не? Ол - шұжықтың шетін қысып қоятын қысқыш темір. Онда өнімнің шыққан мерзімі көрсетіледі. Осы кіш­кентай алюминийді де шұжық өндіру­шілер шетелден сатып алады. Қыл аяғы елімізде шұ­жықтың шетін түйетін стандарт­қа сәй­кес жіп шығаратын да өндіріс жоқ. Осыдан кейін шұ­жық өн­дірушілердің жұмы­сына сын айтудың, халықты неге алдай­сыңдар деп жазғы­рудың өзі қаншалықты орынды?..

Соңғы кездері еттің қым­бат­тауы ауылға пайдалы дей­тін­дер көбейді. Шындығында, солай ма? Мал бағасы көте­ріліп, еттің құны артса да, ауыл жұрты сол баяғы жұпыны қал­пында. Мал бағып, езуінен ақ май ағып жүрген ешкім жоқ. Жыл он екі ай жанға тыным бермейтін төрт түлік өсіргендер қанша жерден дәулет жиса да, қалалық кәсіпкерлермен иық теңестіре алмайды. Неліктен? Себебі, ауылдан қалаға мал жеткізу дегеніңіз - нағыз тозақ­тың өзі. Ең алдымен әр бас мал­дың жеке құжаты болуы шарт. Одан кейін мал дәріге­рінен қағаз аласыз. Тасымалға әкімшіліктің мөрі де қажет. Осының бәрі - шытырлаған ақша. Жол полицейлері де мал тасығандардан «тиын сауып» әбден құнығып алған. Және мұның бәрі - қалаға жеткенге дейінгі ғана шығындар. Базарға кіру мен тұратын орынға төлеу де мал иесінің қалтасын бір­шама қағып тастайды. Сонда ет бағасының көтерілуінен ауыл қазағына келген пайда қайсы?

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта Кәрім Мәсімовтің үкі­меті ет бағасын арзандатудың жолын іздеп жатқан жоқ. Асуыл шаруашылығы министрлігі мүлде басқа дүниемен бас қатырып кетті. 2010 жылы 1,4 мың тонна етті Аустралиядан, 4,3 мың тонна етті Аргентинадан тасымалдаған Қазақстан әліне қарамай, енді Бразилиямен бәсекелесуге бел буды. Не үшін дейсіз бе: Ресей нарығына таласу үшін. Ең қызығы, бұл мақсат ешқашанда орындалмайды. Өйткені Ресей сырттан келетін еттің тең жартысын Бразилиядан тасымалдайды. Ал Бразилия қандай ел? Бір сөзбен айтсақ, жасыл аймақ. Яғни қыс болмайды, мал жыл он екі ай жайылыммен күнел­теді. Және тауарының бәрін су жолы арқылы тасымалдайды.

Ал Қазақстанда жем-шөп мәселесі - ең күйіп тұрған шаруа. Шетелмен салыстырғанда, біздегі мал азығының құны үш есе қымбат. Соған қарамастан, әрқайсысы 4,5 мың доллар тұратын Америка сиырын тасып жатқан Қазақстан Ресейге 60 мың тонна ет сатып, ақша­ның астында қалмақ ниетте. Күлкілі ме, күлкілі. Ал ет комбинаттарын қалпына келті­ріп, ауылға да, қалаға да пайдалы, ең бастысы, халыққа тиімді тірлік жасау әзірге билікте­гілердің қауашағына кірер емес. Жоғарыда айтқан академик ағамыз, міне, осыған жылайды.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 01 (84) 12 қаңтар  2011 жыл.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458