Татамидің тарланбозы
Асхат ЖИТКЕЕВ зюдодан Олимпиаданың күміс жүлдегері (2008),
әлем чемпионатының қолажүлдегері (2001),
Азияның үшдүркін чемпионы (2003, 2004, 2008),
Азия ойындарының үшдүркін қола жүлдегері (2002, 2006).
2004 ылы финны аласында өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақтың көк байрағын ұстап шығу құрметіне танымал балуан Асхат Житкеев ие болған-ды. Әдетте ту ұстаған азаматқа ерекше сенім артылады. Ол міндетті түрде жүлделі орындардың бірін иеленуге тиіс деген жазылмаған заң бар. Бұрындары үнемі солай болған. 1992 жылы Барселонада Дәулет Тұрлыханов, 1996 жылы Атлантада Ермахан Ыбрайымов Олимпиаданың ашылу рәсімінде ту ұстап, сол жарыстарды қола медальмен қорытындылады. 2000 жылы ердің «сойы» Ермахан Сиднейде алтыннан алқа тағынды. Ал ежелгі Эллада елінде сондай құрметке ие болған Асхат балуан жеңіліп қалып, жеңіспен өрілген дәстүріміз үзіліп қалғандай күй кештік...
Асхаттыңтуып-өскенжері – бұрынғыТалдықорғаноблысыАқс
уауданыныңЖансүгіркенті. Көрші-қолаңның балаларымен ілесіп, дзюдо үйірмесінің табалдырығын аттағанда ол не бары тоғыз жаста еді. Күрес әліппесін оған ең алғаш үйреткен жергілікті жас бапкер Саят Құдайбергенов еді.

ЖиткеевтенжақсыбалуаншығатынынатүбегейлікөзжеткізгенСаятҚұдайбергеновалдағыуақыттатөлшәкіртішеберлігінҚаркенАхметоватындағыдарындыбалаларғаарналғанмектеп-интернаттаұштағанынқалады. Әкесі мен анасының келісімін алғаннан соң, Саят Асхатты қасына ертіп, Алматыға бір-ақ тартты. Шевченко мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан интернатқа құжаттарын тапсырды. Қырағы деген бапкерлердің сынағынан сүрінбей өткен Асхат сол мектепке қабылданды. Сөйтіп, жапон күресінің болашақ жұлдызы үшін спорттағы жаңа кезең басталды. Бұл 1994 жылдың қоңыр күзі еді.
Алғашында Александр Потокиннің тәлім-тәрбиесін көрді. Одан кейін Жексен Саламатовтың қол астына ауысты. Сол кісінің біліктілігінің арқасында жас жігітке жаңа асулар бағына бастады. Республикамыздың ең таңдаулы деген жасөспірімдері мен жастарын шетінен ұтты.
1999 жылыШымкенттеөткенересектерарасындағыелчемпионатынаалғашретқатысқанАсхатайтулыжарыстақарсыласшыдатпады. 100 келіге дейінгі салмақта күрескен Серік Адығанов пен Асланбек Омаров сынды танымал балуандардың өздері 18 жастағы дарынды жігіттің қарқынына төтеп бере алмады. Алда Сидней Олимпиадасы меңмұндалап тұрды. Алайда ең соңғы сәтке дейін бапкерлер айтулы додада жас балуанға сенім артуға жүрексінді. Кейбіреулер үшін бұл нәтиже кездейсоқтық болып көрінді, кейбіреулер оның тәжірибесінің жоғын алға тартты. Бірақ Асхат келесі жарыста – Алматыда өткен Санжар Жандосовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде өзінің мықтылығын тағы бір мойындатты. Жоғарыда есімдері аталған қарсыластары бірінен кейін бірі бастапқы бәсекелерде-ақ жеңіліске ұшырағанда, Житкеев шетелдік дзюдошылардың барлығын бір деммен ұтты. Финалда Дастан Пірімқұловтан айласын асырып, алтыннан алқа тағынды. Сол жарыстан кейін Асхатқа ешкім қарсы тұра алмайтынына көз жеткізген ұлттық құрама бапкерлері оны лицензиялық турнирге апаруды жөн санады.
ОлимпиадажолдамаларысарапқасалынғанАзиячемпионатындабесіншіорыналғанАсхатЖиткеевОлимпиадағабаратындартізімінеқосылды. Алайда Сиднейде оның жолы болмады. Алғашқы айналымда жеңіліс тапқан ол көрермендер қатарын толықтырды.
Асхат айтады: Ол кезде не бары 19 жастамын. Сол себепті де менен ешкім айтарлықтай нәтиже күтпеген еді. Мен де медаль ала алмай қалдым деп аса қайғыра қойған жоқпын. Алайда алғашқы айналымда-ақ жеңіліп қалғаныма қатты намыстанғаным рас. Жалпы, Сиднейде өткен Олимпиадада Қазақстан құрама командасының мүшелері тегістей жеңіліп қалды. Тіптен тәжірибелі деген дзюдошыларының жолы болмады. Есесіне, Қырғызстан құрамасының сапында өнер көрсеткен қандасымыз Айдын Смағұлов айды аспанға бір-ақ шығарып, қола медаль жеңіп алды. Жат елдің намысын жыртса да, ол өзіміздің азамат қой. Әйтеуір бір қазақтың маңдайы жарқырағанына қуандық. Сол Айдынның мойнындағы медаліне қызыға да, қызғана да қарадық. Біз қашан сол деңгейге жетеміз деп қиялға баттық.

Таланттыжігіттіңтопжаруыүшінасакөпуақыткетеқойғанжоқ. Сол жылдардан бастап, күні бүгінге дейін Житкеев елішілік жарыстарда ешкімге есе жіберген жоқ. Халықаралық жарыстарда да оның айдарынан жел есті. Десек те Асхат өзінің ең тұңғыш ірі жеңісіне 2001 жылы қол жеткізді. Германияның Мюнхен қаласында өткен әлем чемпионатында Житкеев жасындай жарқырады. Жарыс жолына шыққан ол алғашқы екі қарсыласын сең соққандай етіп, үшінші белдесуде Олимпиада чемпионы Иноеге қарсы шықты. Жапон жігітіне жерлесіміздің әлі жетпеді. Одан кейін тағы екі қарсыласын қапыда қалдырған Асхат қола медаль үшін грузиялық балуанымен айқасты. Қарсыласы да осалдар санатынан емес-ті. Алғашында әуелі біздің балуанды ығыстырып, «вазари», «коко», «юко» әдістерімен ұтып жатты. Ал уақыт болса, сырғып өтіп жатты. Өзінің ұпай қорын түгендеп алғаннан кейін грузин дзюдошысы, уақыт созуға кірісті. Асхат біразға дейін оның осал тұсын таба алмай, әлекке түсті. Десек те бәсекенің аяқталуына 40 секундтай уақыт қалғанда, Асхат қарсыласын кілемге алып ұрды. «Иппон!» Сөйтіп, әлем чемпионатында жүлде алған тұңғыш дзюдошы ретінде Асхат Житкеевтің есімі Қазақстанның күрес тарихында қалды. Ал келесі күні оның бұл ерлігін қандасымыз Асхат Шахаров қайталап, қоржынымызды тағы бір қола медальмен толықтырды.
Асхаттың содан кейінгі спорттық өмірбаянында жеңіс пен жеңіліс алмасып жатты. Бірде қуаныш, бірде сәтсіздік. Бәлкім, спорттың құдіреті де сонда шығар. Айналдырған аз ғана уақыт ішінде Азияның үш дүркін чемпионы атағына қол жеткізіп, Азия ойындарында үш мәрте жүлделі орындарды олжалады. Аса ірі халықаралық турнирлерде топ жарып, талай мәрте өз жанкүйерлерінің мерейін тасытты. Алайда солай бола тұра, Мюнхеннен кейін өткен әлем чемпионаттарында ол жеңіс тұғырына бір көтеріле алмай-ақ қойды.
Афиныдағы ойындар қарсаңында республикамыздың спорт басшысы Дәулет Тұрлыханов сол жарыстың ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығуды Житкеевке сеніп тапсырды. Асхаттың өзі де ұзын бойлы, тұлғасы келіскен, сымбатты жігіт қой. Көк байрағымызды ол Олимпиаданың ашылу рәсімінде ұстап шыққанымен, ежелгі Эллада елінде оны биікте желбірете алған жоқ. Тырнақалды тартыста Беларусь балуанынан ұтылып, қалған екі бәсекеде Финляндия мен Грузия өкіліне сан соқтырды. Одан кейінгі айқаста Әзірбайжан дзюдошысы Мавлут Мералиевпен белдесті. Бұрын ол балуанды бір мәрте жеңгені бар. Жай ғана ұпай санымен емес, атойлап ұтқан. Егер осы бәсекеде ұтса, қола медаль үшін таласуға тамаша мүмкіндік туындайтын еді. Алайда бұл жолы Қап тауының өкілі Асхатқа қарағанда алымды көрінді. Житкеев жетінші орында қалып қойды.
Асхат айтады: Бұл сәтсіздік маған өте ауыр тиді. Өкініштен өзегім өртенді десе де болады. Нағыз атой салатын тұста жанкештілік таныта алмағаным күйіндірді. Өйткені Елбасының өзі мемлекеттік туымызды Олимпиаданың ашылу рәсімінде ұстап шығуды маған сеніп тапсырған еді. Бұл – өте жауапты іс. Үлкен міндет. Ал мен ел сенімін ақтай алмадым. Елге оралғаннан кейін бапкеріммен бірге сәтсіздіктің себебін терең талдадық. «Қай жерде мүлт кеттім?», «Осал соққан тұсым қайсы?» деген сауалдар төңірегінде көп толғандым. Ақыры «Олимпиадада жүлде алмағанша, спорттан қол үзбеймін» деп өз-өзіме серт бердім. Міне, сол сезім мені Аспан асты елінде алауы тұтанған Олимпиадаға жетеледі.
Иә, жіберген қателіктен дұрыс қорытынды шығарып, жаңа асуларға беттеп, биік белестерді бағындыру үшін төрт жыл, әрине, аз уақыт емес. Сол кезең аралығында ақсулық балуанға талай сынақтан өтуге тура келді. Оның барлық табысын тізбектемей-ақ, ең негізгілеріне тоқталайық. 2005 жылы құрлық чемпионатында күміс медаль алды. 2006 жылы Азия ойындарында 100 келі салмақ дәрежесінде және абсолютті салмақта қос қола медальді олжалады. 2008 жылы Азия чемпионы атанды. Сол жарыста ол Олимпиада жолдамасын қоржынына салды.

Бейжің 27 жастағыдзюдошыүшінүшіншіОлимпиадаеді. «Ер кезегі – үшке» деген дана сөз бекер айтылмаған ғой. Сиднейдегі сәтсіздік пен Афиныда кеткен ағаттық ұзақ уақыт оның жанын жегідей жеп келген еді. Алғашқыда тәжірибенің жоқтығынан жеңілді, келесіде өзінен кеткен өрескел қателіктің салдарынан сан соғып қалды. Міне, енді өзін түпкілікті мойындату үшін тамаша мүмкіндік туындап тұр.
БейжіңОлимпиадасынатамашабабындакелгенайтулыбалуантатамидемінсізтехникаментабандылықтыңүлгісінкөрсетті. Бірінші болып кезіккен Кувейттің өкілі Талал Аленезиді қос жауырынымен жерге қадады. «Иппон!». Екі мәрте әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреген Босния мен Герцеговинаның балуаны Амел Мекичті басынан асыра лақтырды. «Иппон!». Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері деген атағы бар Венгрия дзюдошы Даниэль Хадфидің де осал тұсын дөп тапты. «Иппон!». Житкеевтің одан кейінгі қарсыласы – жастар арасындағы әлем чемпионы, ерлер арасындағы Еуропа чемпионы, голландиялық Хенк Грол еді. Алғашқы әдісті Асхат орындады. Төрешілер оған «юко» деген баға берді. Қарсыласы да қарап қалмай, «вазари» әдісімен алға шықты. Қазақша айтсақ, бұл –жартылай жеңіс. Бәсеке барысында осы тәсілді екі мәрте сәтті орындаған балуан жеңімпаз болып танылады. Соны қаперіне мықтап түйген Грол атойлап жеңудің бар амалын ойластырды. Жылдамдығы жағынан да, белсенділігі жағынан да ол біздің балуаннан басым түсіп жатты. Бір сәтте қос балуан бір-бірін белбеуден мықтап ілді. Голландиялық татами шебері жерлесімізді ары-бері ырғап көрді. Бірақ Асхат оған алдырмады. Сол мезетте Грол лезде өзінің «астыртын» жоспарын жүзеге асыруға бекініп, қарсыласының аяғына атылды. Оқиғаның осылай өрбуі мүмкін екенін болжай білген Житкеев оның алдын орап, тілерсектен іліп алды да, татамиге тастады. Тағы да «Иппон!»
АқтықайқастыжоғарыдеңгейдеөткізугеАсхаттыңшамасыжетпеді. Моңғол балуаны Тувшинбаяр Найданмен болған бәсекеде жерлесіміз жеңіліс тапты. Өткен айқастар оның көп күшін сарқып алса керек, финалда ол құлашын кеңінен жая алған жоқ. Сөйтіп, Тувшинбаяр Найданның есімі Монғолия елі тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы ретінде тарихта қалды. Ал Асхат Житкеев болса, Қазақстан дзюдошылары арасынан шыққан Олимпиаданың алғашқы жүлдегері ретінде спорттық шежіреге өз есімін тіркеді.
АрадаазуақытөткендеАсхаттыңсалмағындаОлимпиадачемпионыатанғандзюдошыныңдопингқолданғаныжайындасыбыстарады. Егер сол мәлімет құзырлы органдар тарапынан ресми түрде расталса, Найдан сөз жоқ, Бейжіңде олжалаған алтын медальдан айырылатын еді. Осы әңгіменің өрбіп тұрған кезінде Житкеевтің пікірін білгіміз келіп, телефон шалған едік. «Бұл мәліметтің анық-қанығын білмеймін. Тіптен моңғол спортшысының допинг дауына қатысы болып, оған жаза қолданған жағдайдың өзінде, мен алтын медальдан бас тартар едім. Өйткені, шын мәнінде, теңдессіз спортшы өз елінің әнұранын Олимпиадада шырқатуы керек. Ал араға айлар салып, біреудің мойнынан шешілген алтын медальдің маған еш қажеті жоқ», – деп әңгімені шорт кесті.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН