Еркебұлан Алдабергенов. Павлодар қаласының атын ауыстыра алмаймыз
Павлодар атауына байланысты дау-дамайдың басталғанына аз уақыт болған жоқ. Күні бүгінге дейін ақпарат құралдарында айқас аяқталар емес. Айта-айта алтайды, жамал апам қартайдының жағдайына жеттік. Халық қажыды.Тартыс тоздырды. Қоғам шаршады.
Жергілікті тарихшы Мария Тереник, «Кереку» болсын дейтін Жамбыл Артықбаевтың «аргументтері» аз, ал Асқар Нұрбаевта нақты дәлел жоқ дейді. Өліспей беріспейтін, «Городская Неделя» газетінің редакторы Юрий Ковхаев пен журналист-зейнеткер Борис Исаевтар бастаған «Павлодаршылдар» Керекуге оңай келіспейтін сияқты. Қала атауы қазақша болсын дейтіндердің қатары да көбейіп келеді. Қысқасы, қоғамдық пікір қақ жарылып тұр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс оны уақыт көрсетеді.
Бірақ меніңше дәл бүгінгі жағдайда «басты қатырмай» күн тәртібінен қаланың атын өзгерту мәселесін алып тастау керек. Құдай үшін мойындайықшы, бүгін біз Павлодар қаласының атын ауыстыра алмаймыз. Өйткені тартыс басталмай жатып, стратегиялық көп қателіктер жібердік. Тактикалық қимыл-қарекетіміз әлсіз болды.

Біріншіден, ең басты қателігіміз ауызбіршілік танытып Павлодарға балама (альтернативный) қазақша атау ұсына алмадық.Мысалы, Петропавл Қызылжар болсын дегендей. Бізідің ономастикалық коммисияға 17 түрлі ұсыныс түсіпті, Екі көзбен жер шұқып отырғанымыз бірліксіздігіміздің арқасы. Баяғыда бір данышпан «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қиналамын» депті гой. Қазақтарға «Керекуден» кері шегінбеу керек еді. Ақсақалдар алқасы «Абылайкент» болсын деді. Ерлан Арын «Ертіс» деді. Үшіншілер «Кимақия».т.б. Бір сөзбен айтқанда «бірлік түбі берекенің» байыбына бара алмай аққу көкке, шаян шөлге, шортан көлге тартып нақты атауға тоқтай алмадық.
Екіншіден, (демографиялық фактор) Павлодар қаласы тұрғындарының басым көпшілігінің қарсылығы. Көппен санаспау - өркениетсіз жол. Ақиқатқа тура қарап үйренейік. Ащы болса да ашық сөйлейік. Орысты, украинды, беларусьты одан басқа өзге ұлттарды айтпағанда, өзіміздің «не хочу быть керекуйцем» дейтін космополит - қазақтарымыз бар. Іштен шыққан жау жаман. Көнбеске амал жоқ. Құлдық психологиядан айрыла алмай отырған қара көздер жетерлік.
Үшіншіден биліктің (әкімдіктің) мүдделі еместігі. Бақытжан Сағынтаев ұлттың ұпайын түгендеп қалалық мәдениет сарайына Естайдың атын бергізді. Академик Қаныш Сатпаевқа ескерткіш орнатты. Бірақ, нақты қала атауына байланысты аймақ басшысының позициясы әлі белгісіз. Ономастика қып - қызыл саясат. Бұл аксиома. Абай хакім айтпақшы «ақырын жүріп, анық басатын» саясаткер әліптің артын бағып отырғанға ұқсайды. Сен тиспе де мен тиспе. Бақытжан Сағынтаевтың басқан қадамын аңдып отырған алакөздер де аз емес. Астана жақ үнсіз. Жеке шешім қабылдау үшін үлкен батылдық пен саяси жігер қажет. Әкім қанша қайраткер болса да ақордамен ақылдаспай, қала атын өзгерте салуы екіталай. Сондықтан Бақытжан Әбдірұлынан бұндай ерлік күтпейміз.
Тоғыз сөздің тобықтай түйіні. Мәселе, атында емес затында болып тұр. Қаланың атынан бұрын Кутузов, Суворов көшелерін қазақшалауға күш салайық. Бұл күресті биік біліммен, мол парастатылықпен жүргізгеніміз дұрыс. Аттөбелендей ақсақалдардың айқайымен алысқа бара алмайтынымыз түсінікті болды. Кеңестік психологиямен (ностальгия) өмір сүретін үлкендердің сауатсыз саясатынан түк шықпады. Ендігі кезекте үлкен мінберлерден жастар сөйлесін! Павлодар қаласының атын ауыстыру - бұл БОЛАШАҚТЫҢ ісі. ЖАСТАРДЫҢ міндеті. Керекуде қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болатын, жаңа толқын жастардың өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл күннің де алыс еместігі анық.
«Абай-ақпарат»