Ж.Омаров. Мұхтар Шахановты Президент сайлауына түсуге шақырамыз
Сонымен, Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болды. Конституциялық кеңес шешімінен кейін Президент референдум өткізуден бас тартып, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Ол күн 3 сәуір деп белгіленді.
Президенттікке кімдердің түсетіндігін халық та, саясаткерлер де жобалап біледі. Әрине, ол үміткерлер арасында қазіргі Президенттің шоқтығы биік тұратындығын ешкім де жоққа шығармайды. Сондықтан президенттікке Н.Назарбаевқа шын мәнінде бәсекелес бола алатындай адам түсуі керек. Ол адам - Мұхтар Шаханов. Халық қалауының да М.Шахановқа түсетіндігі сөзсіз. Өйткені ол өмір бойы халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаумен келеді. Оның Арал мәселесін әлемдік деңгейде көтеруі, Наурыз мерекесін 62 жылдан кейін Колбинмен жағаласып жүріп қайтадан алып келуі, сондай-ақ Желтоқсан көтерілісінің шындығын ашудағы қажырлылығы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алудағы және оның қолданыс аясын кеңейту тұрғысындағы күні бүгінге дейін жүргізіп келе жатқан дамылсыз күресі кімге де болсын белгілі. Жалпы М.Шахановтың ұлт мүддесі үшін болған күресте бас тартқан кезі жоқ. Ұлт байлығы бүгінгідей «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткен тұста соларды халыққа қайта қайтару үшін де М.Шаханов керек.

Бұл ұсынысты қалың көпшіліктің қолдайтындығы күмәнсіз. Халық қаласа М.Шаханов та Президенттік сайлауға түсуден бас тарта қоймас деп сенеміз.
Ж.Омаров,
Желтоқсан көтерілісіне қатысушы
«Абай-ақпарат»