Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6030 0 пікір 8 Ақпан, 2011 сағат 21:54

Әсел Назаралы. Жамбылдың жолбарысы «жерсіне ме»?

Жолбарыс атаулының ішіндегі әйгілісі, ең ірісі - Тұран жолбарысы. Оның тұқымы бенгалдық және амурлық тұқымынан да асып түседі. Тұран жолбарысының массасы -250 кг. Тәулігіне 100 км жерді шолып өте алатын жолбарыстың жолбарыс аталуы да тегін емес. Өз жемін жолдан табатын жыртқыштың шын мәнінде жолында кездескеннің бәрін жайындай жалмайтынын жұрттың бәрі білсе керек-ті...

Мекен ету орындары - тросттық (қамысты) өзен жағалауы. Ол Орталық Азияда тоғай деп аталады. Жолбарыстың негізгі жемтігі: қарақұйрық, киік, құлан, елік және қабан.

Бұрындары Тұран жолбарысы негізінен  Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінде жиі кездескен. Ал солтүстіктегі мәңгілік таралу мекені - Қазақстандағы Балқаш көлінің қамысы болыпты. Өкінішке орай, ғалымдардың айтуынша ең соңғы жолбарыс Балқаш көлінің ну қамысында  1928 жылы оққа байланған деседі.

Аңыздарда  қызыл жолбарыс Сүйінбайды қорғаған,  Сүйінбайдан соң  Жамбылға ауысқан. Жыр алыбы  Жамбыл бабамыз көз жұмарының алдында өзінің бір туысына Алатау жақты нұсқап тұрып, жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты. Ал, шешесі қазақтың шапырашты руынан шыққан Шыңғыс Айтматов  Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын аңғартып: «Жамбылдың жолбарысы менің жанымда, қазақтан қашан кемеңгер, данышпан шығады сол кезде өз жұртына қайтар»,- дейді екен.

Жолбарыс атаулының ішіндегі әйгілісі, ең ірісі - Тұран жолбарысы. Оның тұқымы бенгалдық және амурлық тұқымынан да асып түседі. Тұран жолбарысының массасы -250 кг. Тәулігіне 100 км жерді шолып өте алатын жолбарыстың жолбарыс аталуы да тегін емес. Өз жемін жолдан табатын жыртқыштың шын мәнінде жолында кездескеннің бәрін жайындай жалмайтынын жұрттың бәрі білсе керек-ті...

Мекен ету орындары - тросттық (қамысты) өзен жағалауы. Ол Орталық Азияда тоғай деп аталады. Жолбарыстың негізгі жемтігі: қарақұйрық, киік, құлан, елік және қабан.

Бұрындары Тұран жолбарысы негізінен  Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінде жиі кездескен. Ал солтүстіктегі мәңгілік таралу мекені - Қазақстандағы Балқаш көлінің қамысы болыпты. Өкінішке орай, ғалымдардың айтуынша ең соңғы жолбарыс Балқаш көлінің ну қамысында  1928 жылы оққа байланған деседі.

Аңыздарда  қызыл жолбарыс Сүйінбайды қорғаған,  Сүйінбайдан соң  Жамбылға ауысқан. Жыр алыбы  Жамбыл бабамыз көз жұмарының алдында өзінің бір туысына Алатау жақты нұсқап тұрып, жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты. Ал, шешесі қазақтың шапырашты руынан шыққан Шыңғыс Айтматов  Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын аңғартып: «Жамбылдың жолбарысы менің жанымда, қазақтан қашан кемеңгер, данышпан шығады сол кезде өз жұртына қайтар»,- дейді екен.

Иә, жолбарыс туралы айта берсек аңыздар таусылмайды. Қаншалықты жыртқыш десек те оның да өзіне тән айбаты мен киесі бар. Алыптарға қорған болып жүрген, желеп-жебеп, тіпті демеп жүрген де жолбарыс секілді киелі аң-құс бізде көп болғаны дұрыс. Бекет атаның қорғанышы -арқар болған деседі. Сол секілді қазақта негізінен, сондай ғұламаларды қорғап жүретін талисман-киелілік деген ұғымның бары рас.

Айтқандай, шапырашты демекші жоғарыда айтылған Сүйінбай да Жамбыл да сол шапырашты руынан шыққан. Ш. Айтматовтың нағашысы да шапырашты, біздің Елбасымыз да сол рудан.  Білетіндердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жебеушісі - қар барысы екен. Ол тек биік тауларда, қары қалың жерлерде жүреді. Ақ ала теңбілдері бар қар барысының 7-ші қысқы  Азия ойындарының символы болуы тегін емес шығар. Бәлкім, арнайы біреулер біліп жасаған, немесе кездейсоқ сәйкестік болар...

Барыстың бейнесі елтаңбаларда, алыптардың белдігінде тағы басқа беделді заттарда ұшырасады. Ал маған, қар барысы - Алатаудың баурайында орналасқан Алматының, қамысты Балқаш көлінің жеке бойтұмар символы іспеттес болып көрінеді.

Алайда,  Орталық Азия жұрты адам өміріне жолбарыс қауіп төндіреді деп есептеген. Алайда ежелгі уақытта олар адамдармен достасып, бірге өмір сүріп, қорғанышы болған деседі. 1883 жылғы 27 ақпанда Орталық Азияда Түркістан округі әскери штабының бастығы Ташкент пен Чиназ арасында пайда болған осы жыртқышты жергілікті тұрғындарға жоюды тапсырған. Осы мақсатта арнайы әскери бөлім іске кіріскен екен.

Дегенмен, жыртқыштың аты - жыртқыш. Ислам дінінде тірі жануардың бейнесін заттың бетіне бейнелеуге тыйым салынған. Алайда суфизмдік ұғым бойынша жолбарыс бейнесін бейнелеу өзіндік ерекше ұғым болған. Сондай-ақ кеңінен таралған. Әсіресе, Орталық Азияда жолбарыс бейнесі кілемдер мен барқыт секілді қымбат маталарда тоқылып, бағасы да арттырылған. Қазіргі уақытта да Ирандық кілемдер мен маталарда көп кездеседі. Әсіресе, мешіттерге әдемі көрініс беретін. Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы медреседен, нақты айтқанда Регистон алаңындағы атақты медресе ғимаратының сыртында оюлап салынған жолбарыс бейнесі әлі де сақтаулы.

1906 жылы Түркістанның аумағында жортып жүрген соңғы жолбарысты князь Голъцин атқан. ХХ-ғасырдың 60-жылдар ортасында осы соңғы жолбарыстың сүлдері Ташкенттегі табиғат мұражайының құндылығы болып мұражай өртке шалынғанға дейін сақталған. Тұран жолбарысын  1958 жылы Амудария атырауында көргендер бар екен.

Бірде 2006 жылғы мамыр айында алматылық Сергей Михаилченко Балқаш көлінің маңайына аң аулауға шыққан. Із кесу барысында күтпеген жерден жолбарыстың шөнжіктерін кездестіріп қалады. Сыртынан бақылап, тиіспей өсуін күтеді. Содан әлгі жолбарысты іздеп маусым айында тағы да барады. Алайда, қамыс арасында оның іздері ғана қалыпты. Маңайдағы жергілікті сиыр мен қой жаятын малшылар да тек іздерін кездестіргенін айтады. Сол бойымен терең ну қамыстың арасына сүңгіп, балапандарын адамдардан алысқа әкетіп, жоғалып кеткен. Үшінші мәрте барған Сергей бұл жолы да ешнәрсе таппапты.

Ал, 2007 жылы әлгі жолбарысты іздеуді белгілі қазақ геологы, мүсінші әрі жазушы Бақытжан Әділов жалғастырған. 10 жыл бұрын оның қатысуымен «Тұран жолбарысының сыңсуы» атты деректі фильмі түсірілген еді. Сол кезде Балқаш маңындағы жолбарыстардың тұқымы туралы мәселе көтерілген-ді.

Мәліметтерге сүйенсек, соңғы жолбарыс бұл жерде өткен ғасырдың 30-жылдары болған деседі. Алайда, ғалымдар мен Балқаштағы жергілікті ақсақалдар  қамыс арасынан жолбарыстың даусы естілгенін айтады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда арыстанның жоғы рас, бірақ жолбарыстың соңғы даусын естігеннен басқа оның бар - жоғы белгісіз құпия күйінде қалып отыр.

 

Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігі білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау және қаржы министрліктерімен бірлесіп, Балқаш өңірінде жолбарысты жерсіндіру мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізуге дайындық үстінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Балқаш өңірінде жолбарысты жерсіндіру мүмкіндігі туралы мәселеге мүдделі үкіметтік органдармен бірлесе қарады.  Жолбарыстың «таңсық асы» қабан мен кермаралдың еті.     19-ғасырдың аяғына дейін ұлы далада жосыған  құландар мен қарақұйрықтар,   қабандар мен  және кермаралдарды  жолбарыстар жусатып салған көрінеді. Сондай-ақ Іле өзенінің жайылымында жолбарыстың қоректену рационында еліктер де елеулі орын алыпты.

Егер бір жолбарысқа құландар, қарақұйрықтар, еліктер және қабандар шамамен 300-500-ден келсе, бұл көрсеткіш аталған жыртқыштың қалыпты   өмір сүруіне жағдай бар деген сөз.

Ал осы сараптаманы шолып өткен Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, жолбарыс тұқымын қалпына келтіру үшін «азық ресурстары», және олар мекендейтін жерлер маңызды көрсеткіштер болып табылады. Балқаш өңіріндегі азықтық базаның шынайы көрсеткіші қазіргі кезде айтарлықтай төмен. Бұл тұяқты жануарлардың қоныстану тығыздығын ұлғайту жөнінде арнайы шараларды жүзеге асыру қажеттігін талап етеді. Министрлік  осы шараларды ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда 3-4 жылдан кейін жолбарысты жерсіндіру үшін қажет қоршауларды орналастыратын орынды анықтау жөнінде қадамдар жасауға, бейімдеу орталығын жобалай бастауға және басқа да іс-шараларды орындауға болады екен.

Демек, Білім және ғылым министрлігіне барлық көзделген іс-шаралардың мерзімдері мен қаржыландырылуы бойынша тиісті есеп-қисаптармен Балқаш өңіріне жолбарысты жерсіндіру жөнінде ұзақ мерзімді арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсыру қажет.

Әзірге Қоршаған ортаны қорғау және қаржы министрліктерінен ұсыныстар түскен жоқ.

Бірақ, екі ортада жолбарыстарды қазақ жеріне әкелерін әкеліп алып, артынан бір шенеуніктің қақпанына түсе ме деген қауіп те жоқ емес. Екінші бір проблема, ол жыртқыштың 1 жылғы жемтігі - 300-400 қарақұйрық немесе киік. Жолбарысты  жерсіндіреміз деп, барымыздан айрылып қалмаймыз ба, сол жағы да қиындау болып тұр. Ол үшін жолбарыстың жемтігін 2-3 жыл дайындауымыз керек. Жолбарыс үшін қарақұйрық пен киік өсіріп, өсімін молайтуды қолға аламыз дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі. Бірақ бұл әзірге тек ұсыныс қана.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467