Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2981 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 10:04

Сәкен Бозаев. Мұқтаждықтың мұңы көп...

«Мұңыңды шақ, мұғалім» айдарымен берілген Абай порталы форумында мұғалімдердің күлді-көмеш өмірін көре тұрып, қоғамдық қыл-қыбырға мұғалімді ғана кінәлі болғандай айыптай сөйлеу белең алыпты.. Барыңды жамандап, жақсыны қайдан табарсың деген бар еді. Жығылып жатып, сүрінгенге күлгендей болмаған дұрыс еді.

Атақты жазушы В.Гюго шетелдік сапарларының бірінде шекара кеденшілері айналысатын кәсібін сұрағанда «Жазамын», немен жазасың дегенде: «Қаламмен» деген екен. Кеденшілер жазушының іс-сапар анықтамасына «Қаламмен сауда жасаушы» деп жазып беріпті. Мұғалім қызметіне де осындай кедендік көзқараспен қарайтындар, оның қоғамдық қызметін жайма базардағы орта қол саудагерлер деңгейінде бағалайтын сияқты. Қадірлеуге емес, мүсіркеуге лайықталған бұндай түсініктер мен көзқарас мұғалімдер  ішін жылытарлық жағдайға апармайды. Мұғалімдер саясат аулына өз еркімен бас сұғып жүрген жоқ.  Тұсаулы ат сияқты жағдайға  душар болған мұғалімдер қазіргі заманның майысқақ шындығын білмейді емес.  Саясаттың қолдан жасаланатынын, оны қалай өзгертемін десе де биліктің қолында екенін біледі. Қазіргідей жағдайда мұғалімнен саяси күрескерлік күтудің өзі дұрыстыққа жата қоймас.

Педагогиканың субъектісі де, объектісі де - адам. Басқа ешбір мамандық адам жанымен тікелей байланысқа түспейді. Баланың жан дүниесі - өмірдің шаң тозаңдары қонбаған кіршіксіз әлем. Ол - жасандылықсыз, жалғандықсыз ақиқатты аңсайды. Ал саясаттың ықпыл-жықпылдары көп екені белгілі. Мұғалім үшін нақты өмірдегі сан алуан құбылыстар ішінен балалардың білуге тиісті ақпараттарды ащы ішекті аршығандай  іріктеп алуға да мүмкіндік жасалмай отырғаны бәрімізге де белгілі.

Көз ашқаннан көш соңында салпақтап ілесіп, нан айырып жүрген мұғалімдердің  саяси науқандарда биліктің жетегінде жүрмеске амалы жоқ. Не оңға, не солға бұрыларын білмей, күнкөріс қамында жүруге мәжбүр болған мұғалім жағдайын солармен істес болғандар ғана біледі. Адал жүріп, әлім жеткенше іс атқарсам деп жүрген мұғалімдердің барынан айрылып, қарқ болмай ғарыпқа айналғандай күйге түскен жайлар да жеткілікті.. Жылт етері бар мұғалім дербес ойын білдірсе құйрығына қоңырау байлайтын әдет өрістеп отырғаны да жасырын емес. Дербес ойлап, естиярлық танытқаны үшін жүйкесіне тіс тиген мұғалім қыңыр мінез танытатын, құйрығын қысып, жайына қарап жүре алмайтын тікбақай атанады. Қадамына қақпан құрылып, шаш арасынан сірке іздеушілерден зәбір көрген соң күйдіргісі көп көңірсік ортадан құтылу үшін оқшауланып тасаға кетеді.

Білім беру жүйесін жетілдіруге жасалып  жатырған елеулі өзгерістерден қабардармыз. Бірақ мектептің ішкі құрылымы мен басқару жүйесі тозған тонды жамап кигендей күйінде қалып отыр.  Жұртшылықтың мектеп пен мұғалім жұмысына қанағаттанбаушылығы негізсіз де емес. Бірақ сол олқылықтардың орын алу себептерін  мұғалімге де жүктей салу ниеті кең өрістеп барады.

Мектеп - қоғам өмірінің айнасы. Қоғамдық қондырма қандай болса, мектеп те сондай. Оқу- тәрбие сапасын тек мұғалімдер жеке дара шеше алмайтыны анық.  Бар ынта ықыласын сапалы білім беруге жұмсайтындай жағдай жасалмайынша мұғалімдерді кінәлау дүрыс та болмас..

Мұғалімнің өз жұмысынан ләззат ала білуі -  педагогикалық қызметтің басты шарты. Бірақ мұғалім  балалардың жетілуіне импульс бере алатындай өз қызметінен  ләззат аларлық жағдайға жете алмай отыр.. Оның себебі - мұғалім еңбегінің құндылығы мен құрметінің  әлеуметтік, моральдық  тұрғыдағы сәйкессіздігі .  Қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің мұғалім еңбегіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Қай мамандықтың да мәртебесі төмен болған жағдайда, сол мамандық иесі қаншалықты ынталы, қаншама білікті, тәжірибелі болса да мүмкіндігі шектеулі болатыны белгілі. Мұғалім өз қызметі беделін өзі көтеретіндей мәртебесін көтеру - мемлекет еншісіне жатады.

Мұғалім еңбегіне тек белгілі бір функцияны орындаудан тұратын механикалық қызмет түрінде қарайтын теріс  көзқарас әлі де сақталуда.  Педагогикалық процесте тікелей адам тағдыры жатқандықтан оны нұсқаумен орындалатын немесе бір-біріне кереғар келіп жататын нормативтермен өлшеуге болмайтын жағдайлар кездесіп жатады.. Мұғалімнің әр қадамы мен ісінде үнемі ойлану, іздену, шешімдер табу, білім көздерін үнемі жаңартып отыруды қажет етеді. Мұғалім қызметі сипаты жағынан өнер саласына енеді. Өнер адамын әлеуметтік қыспақта ұстау - оны тұншықтырумен бірдей. Өнерге жаңалық қажет.   Мұғалім жаңашылдыққа бармай тұра алмайды, өйткені баламен жұмыстың болмысының өзі  - жаңашылдық. Ол өспей, жетілмей тұра алмайды. Мұғалім еңбегі алдымен еңбектеп, содан соң кеудесін көтеретін сәби сияқты. Өсу үшін бап керек. Бойын жазып, ойын ұштау үшін оған үнемі ізденіс керек. Ізденіс үшін бапкердің қамқорлығы мен материалдық қамсыздық керек. Мұғалімнің айлығы ешқашан қамсыздық көрсеткіші деңгейіне жетіп көрген жоқ. Ащы тері сіңген жалақысы қалтаға қонақтамайды, өтуге асығатын қыз сияқты, кетуге асығады. Тесік қалта мұғалім аяғынан қаз тұрып, еңсесін көтере алмайды. Сондықтан болар, қызметі өзі үшін азап болса да, біреулер үшін мазаққа айналып отырғаны. Көктегі құдірет пен жердегі биліктің назарынан тыс қалғандай күйдегі мұғалім « жері кең болса да талтая алмай, елі бай болса да шалқая алмай» жүр. Білім қуған білімділерден дүние қуған жырындылар озған кезде елім деп сыздайтын жүрек қасаң тартатыны анық. Елім деп елжіремеген жүректен қора тазалайтын күрек артық деген бар. Қасаң жүректер елінде іскерлер мен  ісмерлер  қосшылыққа жарамай, еңбегі елеусіз қалады. Сол секілді, сорты төмен қызмет саналып жүрген мұғалім еңбегінің мәртебесі тек сөз жүзінде ғана айтылудан аспай жатырғаны белгілі.

Сакен Бозаев, Зейнеткер мұғалім. КСРО және ҚР білім беру

үздігі. Ы.Алтынсарин атындағы медал иегері.

Атырау облысы,  Құлсары қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053