Өркен Кенжебек. «Кім президент болғысы келеді?»
2001 жылдың сәуір айы. «Миллион кімге бұйырады?» деген телевизиялық ойын шыққанда, оның жарнамасына елікпеген жұрт қалмаған еді. Енді ше, бар-жоғы 15 сұраққа бас қатырасың да, 5 млн теңгені қалтаңа басасың...
2011 жылдың сәуір айы. «Кім президент болғысы келеді» деген саяси ойын басталғанда, оның да буына буыны балқымаған адамның нобайы аз болмапты. Енді ше, лаждап лингвистикалық комиссиядан өтсең, 799 мың 950 теңге жарнасын төлеп, 91 мың сайлаушының қолын жинап келіп, сайлауға түссең - бітті: Ақорданың есігі алдыңнан ашылады.
Содан да, биылғы сайлаудың көрігін күзетші, зейнеткер, көріпкел қыздырып жатса, таңданудың еш реті жоқ. Бүгінгі әңгімеміздің түп-төркініне тартсақ, ертең сайлауға үміткер болып тіркелудің соңғы күні. Тіркеліп үлгергені төрт адам.