Серік Әбдіреш. 22 наурызда – «Жас алашқа» 90 жыл
Қазақ жастарының 22 наурызда 1921 жылы шыққан алғашқы газетін Түркістан коммунистік жастар одағы Орталық комитетінің жас мүшесі Ғани Мұратбай «Жас Алаш» атапты. Сол кездегі Алаш идеясының қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін осыдан да аңғаруға болады! Комсомолдың белсендісі бола тұра, бар-жоғы 23 жас ғұмыр кешкен Ғани атамыз қызыл қырғынның қылышынан тайсалмастан, сол кездегі аға ұрпақтың бет алған саяси бағытын ұстанғаны кездейсоқ па?! Аталмыш газеттің қазақтың бір мәдени-рухани кіндігі саналған Ташкентте жарық көруі сол кездегі тарихи құбылыс еді. Бұл газеттің басында жалындаған жас Ғани тұрған. Алайда, оған белгілі мемлекет қайраткерлері Нәзір Төреқұл мен Сұлтанбек Қожан жәрдемдесіп, рухани дем берген. Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза ағамыз Ғанидың жастық қуаты кемеліне келе бастағанда өз жалынынан өзі жанып кеткендей, өмірден тым ерте кеткендігін жазады. Ғани атамыздың сүйегі Мәскеудегі Ваганков зиратында...
Алайда, ХХ ғасырдағы жас қазақтардың журналистік өнериеті «Жас алаштан» емес, 1918 жылғы 30 шілде мен 1919 жылғы 3 ақпан аралығында 22 нөмірі Қызылжар қаласында шыққан «Жас азамат» газетінен басталады. Бұл газетке демеу болған Алашорда үкіметі болатын және редакторы Қошке Кемеңгер еді.
Қазақ жастарының 22 наурызда 1921 жылы шыққан алғашқы газетін Түркістан коммунистік жастар одағы Орталық комитетінің жас мүшесі Ғани Мұратбай «Жас Алаш» атапты. Сол кездегі Алаш идеясының қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін осыдан да аңғаруға болады! Комсомолдың белсендісі бола тұра, бар-жоғы 23 жас ғұмыр кешкен Ғани атамыз қызыл қырғынның қылышынан тайсалмастан, сол кездегі аға ұрпақтың бет алған саяси бағытын ұстанғаны кездейсоқ па?! Аталмыш газеттің қазақтың бір мәдени-рухани кіндігі саналған Ташкентте жарық көруі сол кездегі тарихи құбылыс еді. Бұл газеттің басында жалындаған жас Ғани тұрған. Алайда, оған белгілі мемлекет қайраткерлері Нәзір Төреқұл мен Сұлтанбек Қожан жәрдемдесіп, рухани дем берген. Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза ағамыз Ғанидың жастық қуаты кемеліне келе бастағанда өз жалынынан өзі жанып кеткендей, өмірден тым ерте кеткендігін жазады. Ғани атамыздың сүйегі Мәскеудегі Ваганков зиратында...
Алайда, ХХ ғасырдағы жас қазақтардың журналистік өнериеті «Жас алаштан» емес, 1918 жылғы 30 шілде мен 1919 жылғы 3 ақпан аралығында 22 нөмірі Қызылжар қаласында шыққан «Жас азамат» газетінен басталады. Бұл газетке демеу болған Алашорда үкіметі болатын және редакторы Қошке Кемеңгер еді.
Аталмыш газетті зерттеген Дихан Қамзабекұлы ( «Ана тілі», № 14, 1993 ж.) «Жас азамат» газетінің алғашқы қоғамдық-саяси сөзпарақ екенін және оның ұлт-азаттық пен отарлық езгіге қарсы ұлттың үні болғандығын атап өтсе,
Тарихшылар Сағымбай Қозыбаев пен Қырықбай Алдабергенов («Қазақ әдебиеті», 16 наурыз 2001ж.) «Жас алаш» газетінің «Жас азаматтың» үнін жаңа жағдайға бейімделіп жалғастырған қазақ жастарының газеті екендігін жазады.
«Алаш» қозғалысына (1919 - 1920 ж.ж.) Кеңес өкіметі тарапынан рақымшылық берілгенімен, сол өкімет «Жас алашты» жаптырып тынған. 1922 жылғы 1 қыркүйектен бастап, ол «Жас қайрат» атауымен Орталық Азия бюросы мен Түрксітан жастар комитетінің органы ретінде шыға бастаған.Оның редакторы бұл кезде Ерғали Алдоңғар еді. Бұл газет кейіннен, 1924 жылы журналға айналған.
Әрине, жас алаштардың басты газеті қызыл империяға айналған Кеңес билігінің қыспағына шыдамады, атауы «Лениншіл жасқа» айналды. Өз атауын 1991 жылғы Кеңес империясын теңселткен тамыз бұлғағынан кейін іле-шала, тәуелсіздікке қолжетер қарсаңда ғана қазақ жастарының газеті ұлттық бағытқа ден қойып, аяулы «Жас алаш» атауын қайтарғаны белгілі.
«Абай-ақпарат»
Рысбек Сәрсенбайұлы. Тоқсанның толғауы
Мәртебелi оқырман! Алдымен, Наурыз мерекесi құтты болсын! Қаңтарды құлағынан сүйреп әкелген Қоян жылыңыз ендi келдi. Қалжасына қарап түңiлдiрмейтiн қоңды да, оңды жылға айналсын, лайым! Кедейленген көп қазақтың өзгелер аузынан жырып әкеткен несiбесi өзiне қайтсын. Жыламаған жұртқа қыруар қазына байлықтың жұғынын да қимайды. Жылаған емес-ау, аузы-басы майланып, көзi шелденген, билiктен - байлық, байлықтан - билiк жасап, елiн етекке ысырғандардың дәл өзiн жылату керек.
Қолдан жасамақ болған "қазақстандық ұлт" доктринасы құрдымға құлады. Қысық көз көршiлер дәмеленген байтақ жердiң бiр пұшпағын жалға ұстата салмақ әрекетiнiң қазiрше жолы кесiлдi. Үй iшiнен үй тiккiсi келетiндердiң сепаратистiк пиғылдары мансұқталды. Миллиардтарды иемденгендердiң аста-төк байлығы атасынан қалған мұрасы емес екенi әшкерелендi. Елде саяси өзгерiс жасауға құлықсыз, билiктi мәңгiлiк еншiсi санайтын бiр кiсiнiң шынайы бет-бейнесi айшықталды. Айналасы айнадағыдай көрсетiлдi. Бiр партиядан құралған мәжiлiсшiлер мен сенатшылардың сықпыты сарапталды. Зиянды зиялылардың ұятты әрекеттерi сыналды. Қырық жыл қытай түрмесiн көрген қайтпас, қайсар жазушымыз Қажығұмар қарияны өзi армандаған туған жерге оралтудың қамын күйттедiк. Жаңаөзендiк ереуiлшiлердiң жанынан табылдық. Отарлық одаққа керi оралтар қауiптi айттық - Кедендiк одақтың түбiнде тигiзер залалынан сақтандырдық... Тек соңғы жылдардағы "Жас Алаштың" тыңдырған шаруасының бiр парасы осындай. Ал оның 90 жылдық табысын тегiс таразылауға арнайы 90 нөмiрлiк газет керек болар.
Тулақтай сiлкiленген, әр қағыстырған сайын құқығыңызды селдiреткен Ата Заңның халi мүшкiлденiп барады. Одан басқа заңдардың да шекесi шылқымаған. Билiктi басы бүтiн иемденiп, астына басып алғандардың, алпауыттар мен шетелдiктердiң мүддесiне құлдық ұрғызатын заң-закондердiң дәуренi жүрiп тұр. Қарапайым азаматтың ақысын аяқ астына тастаған, демократия құндылықтарын тәрк еткен бояма заманның түрi жаман. Қоғамды азғындатқан дерт ушығып барады. Сырты сұлу сияқты, бiрақ iшi мерез, шiрiкке айнала бастаған. Момын жұртты алдау-арбау, елдiң, мемлекеттiң, ұлттың мұратын сатып кету, үдеген екiжүздiлiк, көпе-көрнеу жағымпаздық, пайдакүнем жалтақ-жантықтық, тойып бiтпес жемқорлық, мақтан қуған даңғойлық - жетi ағайынды жұттың нақ өзi. Бұлардан арылмасақ, елу елдiң қатары тұрмақ, жүз елу елдiң соңы боламыз, жұртта қаламыз.
Халықтың қамын жеген, арыстарды атқызған, абақтыға қаматқан, қуғындаған, келiспейтiндердiң тiлiн кеспекке, бас көтертпей тепкiлемекке әдеттенген мемлекеттен не қайыр, не үмiт?!
Мiне, осының бәрi "Жас Алаштың" және " жасалаштықтардың" - мың сан оқырман мен жүздеген авторлардың - ақын, жазушылардың, журналистердiң, көпшiлiктiң көтеретiн тақырыбы. Мемлекеттi, тәуелсiздiктi нығайту қоғамдық сананы серпiлту арқылы iске аспақ. Өз мемлекетiн өз ұлтының атымен атай алмаған "стан-дықтардан" шынайы Қазақ Республикасының еркiн ойлы, азат, iскер де қабiлеттi, отаншыл азаматын шығару - сiз бен бiздiң парызымыз. Елге ие болар ұлт керек. Ол - сенсiң, Қазақ қауымы! Өзге ағайындар - туысымыз, отандасымыз, оларды өз төңiрегiмiзге ұйыстырамыз. Бiздiң мақсатымыз айқын - бiз жеңемiз!
Тоқсан жылдық ортақ тойымызбен баршаңызды құттықтаймыз! "Лениншiл жастың" - "Жас Алаштың" өткен кезеңдегi тарихында сүрiнген, сүрiндiрген сәттерi ұшырасты. Бiз бүгiн, "жасалаштықтар" сталиндiк сұрқай замандағы қуғын-сүргiнде газет бетiнде орынсыз айыпталған Алаш ардақтыларынан және олардың ұрпақтарынан тiзе бүгiп, кешiрiм сұраймыз! Коммунистiк идеологияның, комсомолдық белсендiлiктiң желiгiмен дiнiмiзден безiнуге, ұлттық салт-дәстүрiмiзден жерiнуге үндеген кейбiр мақалалардың жарияланғаны үшiн кешiрiм сұраймыз! Бұл өткеннiң ауыр жүгiн мойнынан түсiру, ақталу, тазару, жаңару үшiн керек.
Тоқсанның толғауын осындай сарында жазғанды жөн көрдiк. Халайық берген бағаны, айтқан пiкiрлер мен тiлектердi осы нөмiрден оқып, танысасыздар.
Рысбек Сәрсенбайұлы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы
Әмірхан Меңдеке. «Жас Алаш» аманатқа қиянат ете алмайды
Талантты ақынымыз, кезiнде «Жас Алашта» қызмет еткен Серiк ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫНЫҢ мынадай өлеңi бар:
Өткен күннен жинаймын күнде дерек,
Ой да керек ол үшiн, тiл де керек.
Халқым менiң бақытсыз болса егер,
Менiң бақытты болғаным, кiмге керек?!
Қасқыр да емес бұл заман түлкi де емес.
Адалдықты, ақтықты кiм тiлемес.
Халқым менiң - бақытты болса егер,
Менiң бақытсыз болуым мүмкiн емес!
Шынында да, қазақ халқы түрлi кесiр-кедергiлерге ұшырап, бақытсыздыққа душар болып жатса, бiздiң бақытты һәм шат-шадыман, қайғысыз һәм уайым-мұңсыз жүргенiмiз кiмге керек?
1922 жылы үлкен ашаршылық болды (Осы ашаршылық жөнiнде, неге екенi белгiсiз, бiздiң тарихшыларымыз көп айта бермейдi). Сол кезде Жүсiпбек Аймауытов қазақ жазушыларына үндеу тастады: "Қазақ қырылып жатқанда кабинеттерiңе тығылып ап, қалай ғана өлең, әңгiме, роман жазасыңдар?! Қай беттерiңмен жазасыңдар?! Қазақ қырылып қалса, оларыңды кiм оқиды?.. Қанеки, кабинетте қамалып отырмай, ел-елге, жер-жерге шығайық, ашаршылық баудай түсiрiп жатқан бауырларымызға жәрдем қолымызды созайық!.."
1931 жылы Жалау Мыңбаевтың қасқая қарсы тұрып Ф.И.Голощекинге "Егер жоғары оқу орындары қазақша оқытпаса, онда ондай оқу орындарының қазаққа да керегi жоқ!" дегенi де белгiлi. Ұзын сөздiң қысқасы, "Қазақ халқы бақытсыз болса, мен де бақытсызбын! Қазақ халқы бақытты болса, мен де бақыттымын!" деген, өзiн қазақ халқынан бөлiп-жармай, ұлтпен тамырласып, кiндiктесiп, балқыған қорғасынша бiте қайнасып кеткен қасқалар мен жайсаңдар тарихымызда аз болмаған. Бiр мақтан тұтатынымыз, тоқсан жылдық тарихы бар "Жас Алаш" осындай жақсылар мен жайсаңдардың ордасы, орталығы болған. "Жас Алашта" қызмет еткен Смағұл Садуақасұлы, Iлияс Жансүгiров, Бейсенбай Кенжебаев және өзге де қазақ зиялылары ұлттың мақсат-мүддесiн өзiнен кейiнгiлерге аманат етiп кеттi.
Бұл аманатқа кейiнгiлер де шамаларының келгенiнше қиянат жасамауға тырысты. Әсiресе, газеттi Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердiқұлов сынды көрнектi тұлғалар басқарған кезде басылым ұлттың мүддесi мен мақсатын түгендеуге бел шеше кiрiстi.
Ендi мынадай салыстыру жасайықшы. Қазiр қазақ тiлi қандай күйде? Жасыратын түк жоқ, қазақ тiлi қазiр үлкен бақытсыздыққа душар болып отыр (Егер осы бетiмен кете беретiн болса, онда қазақ тiлi де ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында жойылып тынған чуваш тiлiнiң аяғын құшады). Қазақ тiлi бақытсыздыққа душар болып отырғанда, бiз өзiмiздi бақыттымыз деп қалай айта аламыз?
Дәл қазiр Қазақстандағы орыс мектептерiнде оқып жүрген оқушылардың 70 пайыздан астамы - қазақтың балалары. Бiз ертеңгi күнi қазақтың ұлттық құндылықтарының күл-талқанын шығаратын "болашақ кадрларды" осылай даярлап жатырмыз. Бұл не? Бақыт па, бақытсыздық па? Әрине, бақытсыздық.
ХХI ғасырдың да 11 жылы өтiп кетiптi, бiзге, қазаққа не бердi осы жылдар? Александр Машкевичтi, Патох Шодиевтi, Алиджан Ибрагимовты, Рахат Әлиевтi, Виктор Храпуновты... Бұл бақыт па, бақытсыздық па? Бақытсыздық, әрине...
"Жас Алаштың" қазiргi күнi өзге басылымдардан гөрi даусының ащырақ, қаттырақ шығатыны да осыдан. Өйткенi Алаш азаматтарының, қазақтың жақсылары мен жайсаңдарының аманатына қиянат етуге болмайды!
Қиянат етсек ше? Онда құрдымға кеттiк...
Шерхан Мұртаза. Бұл басылымда талай заманның белгiсi бар
«Жас Алаштың» 90 жылдық мерейтойы елiмiзде үлкен оқиғалармен тұспа-тұс келiп тұр. Алдағы президент сайлауында мәселе оңынан шешiлсiн. 90 жылдың iшiнде бұл басылым талай белестерден өттi. Бұл басылымда талай заманның белгiсi бар. Маңдайыма осы газетке басшы болуды жазған екен. Сол Кеңестiк заманның өзiнде "Лениншiл жаста" ұлттың рухын көтеретiн, ұлттың мүддесiн көздейтiн, өткен тарихымыздан сыр шертетiн, ақиқатын айтатын мақалаларды әлсiн-әлсiн астарлап берiп қоятынбыз. Қазiр де "Жас Алашты" жиi оқып тұрамын. Жалпы, бұл газеттi қазақ зиялыларының бәрi оқиды ғой. Жасыратыны жоқ, "Жас Алаш" көп газеттердiң iшiнде ең көп, ең тәуiр оқылатын газет. Сондағы байқайтыным, "Жас Алаш" ұлттың мәселесi, ұлттың мүддесi десе iшкен асын жерге қояды. Қашан көрсең, қазақтың туын биiк ұстап, ұлт, тiл, дiн, жер мәселесiн талмай талқылап, ұлттың шын жанашыры болып келедi. Өз ұлтын сүйе бiлген, өз ұлтының сүйiктiсiне айнала бiлген газеттiң өмiрi ұзақ болады. "Жас Алаштың" бүгiнгi тойы келер жүзжылдыққа, келер мыңжылдыққа жалғаса берсiн. Өмiр жасы ұзақ болсын. Өткен күннiң бәрi тарих. Қазiргi "Жас Алаш", бұрынғы "Лениншiл жас" газетiнде жұмыс iстеген кездерiмдi әлi күнге сағынышпен еске аламын. Мен 1963 жылдың күзiнде, ұмытпасам, қыркүйек айының iшiнде бас редактор болып тағайындалдым. Ол кезде "Социалистiк Қазақстан" газетiнде қатардағы әдеби қызметкер болып еңбек етiп жүргенмiн. "Лениншiл жастың" бас редакторы Әбдiсаттар Бөлдекбаев деген азамат Қарағанды облысының газетiне басшы болып ауысып кеттi. Сол кездегi Қазақстан комсомолы Орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы Өзбекәлi Жәнiбеков "Лениншiл жасқа" жақсы бiр редактор табыңдар" деген екен, неге екенiн қайдам, таңдау маған түстi. Шынымды айтсам, "Лениншiл жасқа" басшы боп бару сол жолы бас редактордың орынбасары Тельман Жанұзақовтың кезегi едi, бiрақ, оның денсаулығы жарамады. Жүрегi ауыратын. Сонымен Өзбекәлi Жәнiбековтiң қабылдауында болдым. Кабинетiне кiрсем, бiр қағаздарға қол қойып отыр екен. Басын бiр көтерiп қарады да, басқа ләм-мим деп үндемедi. Әлден кейiн барып алдындағы қағаздарын жинап, бiр папкiге реттеп салды. Сосын орнынан тұрып, жақынырақ келдi де, менiң қолымды алып "Лениншiл жастың" бас редакторлығын Одақтық комсомол комитетi бекiтедi, сiз бүгiн Мәскеуге жүрiп кетуiңiз керек, қазiр қасыңызға бiр жiгiттi беремiн, сол жолға билет алуға көмектеседi. Сау болыңыз" дедi. Әңгiмелесетiн шығар, сұрақтар қоятын шығар, оған жауап бере аламын ба, болашақ бас редактордың жауабына көңiлдерi тола ма, жоқ па деп бiршама толқып, iштей дайындалып келген басым, Жәнiбековтiң бұл асығыстығына таңғалдым. Тура бiр менi бұрыннан танитын адам құсап, қамқор дауыспен сөйледi. Шамасы, менi осы қызметке ұсынған адамдар менiң мақтауымды жеткiзiп қойған ғой, оның үстiне Жәнiбеков те менiң жазғандарымнан хабары бар болса керек деп ойладым.
Сонымен Мәскеуге барып бас редакторлыққа бекiп келдiм. "Лениншiл жастың" бас редакторы ретiнде жұмысымды аймақтардан тiлшi тартудан бастадым. Қазақстанның Батыс, Оңтүстiк, Орталық облыстарынан тiлшi табу қиын болмады. Сол жылдары Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Ақселеу Сейдiмбеков секiлдi қаламы қарымды тiлшiлердi "Лениншiл жасқа" тарттық. Бiрақ Шығыс жақтан тiлшi табу әжептәуiр ұзаққа созылды. Ол кезде редакцияға хат көп келедi. Сол хаттарды қарап отырсам, Шығыс Қазақстан облысынан жазған бiр автордың мақаласы әп-әжептәуiр, ойлары нақ, сөздерi мық. Соңына қарасам, "Оралхан Бөкеев" деп қол қойыпты. Дереу Қатонқарағайға өзiмнiң орынбасарымды жiберiп, Оралханды алдырттым. Алғаш көрген кезде Оралхан өр мiнездi, тұмсығын көкке көтерген көкiректеу жiгiт сияқты көрiнген. Жоқ, кейiн әңгiмелесе келе кiшiпейiл, ақжарқын жiгiт екенiн аңғардым. Сонымен осы тiлшiлер "Лениншiл жастың" көрiгiн одан бетер қыздырып, жалындатып ала жөнелдi.
"Лениншiл жас" - "Жас Алаш" газетiн "кадрлар ұстаханасы" деп бекер айтпаған ғой. Қазақтың небiр жайсаңдары, қаламгерлерi осы газеттен қанат қағып ұшты. Сол үрдiс әлi күнге жалғасып келедi. Газет мәңгiлiк, ал, жас ұрпақ кезең-кезеңiмен қызмет атқарып, ауысып жатады. Лайым, "Жас Алаштың" осы үрдiсi үзiлмей, талай таланттың тұсауын кесе берсiн! Еңбектерiң жемiстi болсын!
Шерхан Мұртаза, Қазақстанның халық жазушысы, "Лениншiл жас" газетiнiң 1963-1970 жылдардағы бас редакторы
«Жас Алаш» газеті