Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4063 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 06:17

Жас мамандардың елден кетуі оларды атып тастағанмен тең

ҚР білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың назарына

«Қазір біз қостілді халықпыз. Егер Қазақстанда жаппай қазақ тілін меңгеріп кеткен күннің өзінде, бәрібір бізге екінші тіл қажет болған болар еді. Әлемде осындай тәжірибе қалыптасқан. Әлем ғылымы ағылшын және орыс тілдеріне аударылады. Егер біз орыс тілін білмеген болсақ, білімді қайдан алған болар едік?»
Н.Назарбаев, ҚР Президенті

Бақытжан Тұрсынұлы, Президент Назарбаевтың осы сөздерін негізге ала отырып мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.
1.    Неге ғылым мен білім тек орыс тіліне ғана аударылады, неге қазақшаға аударылмайды? 20 жыл ішінде  мемлекеттік бағдарлама бойынша ЖОО-ң бірде бір оқулығының қазақшаға аударылмауына не себеп?
2.    Неге елімізде білікті қазақша-орысша ілеспе (синхронды) аудармашы жоқ? Олар тіпті соттарда да жоқ! Біз көріп жүрген аудармашылардың бейшаралығы адам аярлықтай.
3.    Не себептен бір мамандық бойынша оқу бітірушілердің баллдарының айырмашылығы 20-30 баллдың шегін көрсетеді? (Мына сілтемеге қараңыз: htth: //platon.kz/articles/5231-goszacup.html)
4.    Қазақстандықтардың қандай еңбектері, шығармалары,туындылары орыс және ағылшын тілдеріне аударылды?
5.    Неге сіздің мекемеде мемлекеттік тілге байланысты ұсыныстар қаралмайды, ғылыми зерттеулер жүргізілмейді? 

ҚР білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың назарына

«Қазір біз қостілді халықпыз. Егер Қазақстанда жаппай қазақ тілін меңгеріп кеткен күннің өзінде, бәрібір бізге екінші тіл қажет болған болар еді. Әлемде осындай тәжірибе қалыптасқан. Әлем ғылымы ағылшын және орыс тілдеріне аударылады. Егер біз орыс тілін білмеген болсақ, білімді қайдан алған болар едік?»
Н.Назарбаев, ҚР Президенті

Бақытжан Тұрсынұлы, Президент Назарбаевтың осы сөздерін негізге ала отырып мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.
1.    Неге ғылым мен білім тек орыс тіліне ғана аударылады, неге қазақшаға аударылмайды? 20 жыл ішінде  мемлекеттік бағдарлама бойынша ЖОО-ң бірде бір оқулығының қазақшаға аударылмауына не себеп?
2.    Неге елімізде білікті қазақша-орысша ілеспе (синхронды) аудармашы жоқ? Олар тіпті соттарда да жоқ! Біз көріп жүрген аудармашылардың бейшаралығы адам аярлықтай.
3.    Не себептен бір мамандық бойынша оқу бітірушілердің баллдарының айырмашылығы 20-30 баллдың шегін көрсетеді? (Мына сілтемеге қараңыз: htth: //platon.kz/articles/5231-goszacup.html)
4.    Қазақстандықтардың қандай еңбектері, шығармалары,туындылары орыс және ағылшын тілдеріне аударылды?
5.    Неге сіздің мекемеде мемлекеттік тілге байланысты ұсыныстар қаралмайды, ғылыми зерттеулер жүргізілмейді? 
6.    Орыс тілін нашар білетін қазақтар не себептен қоғамдық ортада алаланып, мазақ болуы керек?
7.    Не себептен Білім және Ғылым министрлігі іргелі (фундаментальды) ғылымды дамыту мен тәрбиелеу мәселесінен қашып отыр?


Аталған сұрақтарға байланысты түсініктеме

1.    Ресейде білім саласына байланысты көп дүние аударылып жатыр. Басқа дамыған елдердің озық технологиясын меңгеру үшін, олар түсінікті тілге аударылуы қажет. Бұл тәжірибе ежелден атақты Александрия кітапханасының кітаптарының араб тіліне аударылған дәуірінен қалыптасқан.Соның арқасында бүгінгі адамзат баласы Шығыстың Әл-Фараби, Авиценна сияқты кемеңгерлерінің қалдырған мұрасымен танысты. Адам баласы қалдырған ортақ мұраларды аудармаған тілдер жоғалып кетті. Қазақ тіліне қамқор болатын тек Қазақ елі, оны бізге басқа біреулер келіп дамытып бермейді, сақтап қорғамайды. Егер тіл жоғалса, қазақтар да жоғалады. Білім және ғылым министрлігінде қазақтардың жоғалуын қолдайтындар жоқ шығар деп ойлаймын.
2.    Әртүрлі конференцияны ұйымдастырып жүргендер айтады  -  ілеспе аудармашылар жоқ  дейді. Мысалы 2011 жылға ілеспе аудармашыларға 33 адамға ғана мемлекеттік тапсырыс беріліпті. Егер осылардың тек 15 пайызы ғана білікті маман боларын ескерсек, еліміз жылына бар болғаны 5 маманды дайындайды!
3.    Қазақ және орыс бөлімдерін бітірушілердің баллдарының айырмашылығы 20-30-ға жететіндігі жайлы, қазақ мектептерін бітірушілерді алалайтындығы туралы жазған мақаламда келтірген едім. Мақаланы Интернеттен жоғарыда айтқан сайттан оқуға болады. Бұл деректерді алу жолында көптеген қор деректерін ақтарып шықтым, ондаған сұраулар жасап оларды қорытындыладым. Маған қарағанда орасан зор мүмкіндігі бар министрліктің осындай талдаулар жасамауы мені таң қалдырады. Мен бұл бағытта талдау жұмыстарын жалғастырып қосымша деректер жинап жүрмін. Бұл бағыттағы жұмысты өз қалауыммен, тегін істеп келемін. Білім және ғылым министрлігі оларды тексеремін десе көмектесуге дайынмын! Білім гранттарын бөлген кезде бітірушілердің 85 пайызы  -  қазақ мектебін бітірушілер, сондықтан да грантты бөлуді жалпы тізім бойынша тілдік топқа жіктемей жасау керек. Қай тілде оқыту мәселесін ЖОО өз шеңберінде шешуге болады.
4.    Бұл мәселеге байланысты айтарым  - кітапханалар мен сөрелерде олардың бірде біреуі жоқ. Жыл сайын көптеген гранттар әртүрлі басылымдарға, сөздіктерге бөлінеді, бірақ олардың ешқайсысы жұртшылыққа еркін жетпейді, Интернетке түспейді. Олар үшін елдің бюджетінен, халықтың қалтасынан ақша бөлінсе де, ол өнімдер қолымызға тиген емес!
5.    Мемлекеттік тіл  -  саясаткерлер мен философтардың ғылыми талдамаларының дүниесіне айналды. Тіл -  қатынас пен байланыс құралы есебінде филологтардың, лингвистердің, әлеуметтанушылардың, психологтардың, мәдениеттанушылардың да тақырыбына айналып отыр. Алайда аталған тақырыпқа қатысты бірде бір ғылыми негізделген пікір жоқ! Күн сайын уайтылып жүрген сөздердің сықпыты мынадай сандырақтар: «үштілділіктің басымдылығы», «міндетті түрде орыс тілін білу» сияқтылар. Бір таңқаларлығы бұл проблема үкімет пен ғылымның саласынан шығарылып, Қазақстан азаматтарының күнделікті өміріне араласып кетті. Бұл проблеманы біліксіз мемлекет органдарының, ғылымның сауатсыз шенеуніктері меншіктеп алып оны саяси сауда-саттыққа айналдырды. Сондықтан  ғалым ретінде, елімнің болашағы үшін жауапкершілігімді сезінетін азамат ретінде, осы проблема жолында әртүрлі зерттеулер мен талдамалар жасауға  уақытым мен күшімді жұмсап, біліксіз басшылардың дарынсыз істеріне, дарынсыз саясатына араласуға мәжбүр болып келемін. Келесі мақаламда тіл үйрену жұмысындағы орын алып жатқан психологиялық іс-қимылдарды, уралаған сандырақ ұрандарды сөз етпекпін.

Орыс тілін нашар білетін қазақтарды алалау мынадай деңгейлерде жасалынып жатыр:
6-1. Президент пен парламент мемлекеттік тілде сөйлемейді. Сол себептенде олар орысша білмейтін негізгі халықтан оқшауланып келеді. Сөйте тұра бүкіл халықтың атынан заң қабылданды дейді, ол заңды негізгі халық түсінбейді. Мұндай кезең өткен заманда, отарлап алушылар халық түсінбейтін тілде ғана сөйлеген кезде орын алған еді.
6-2.  Мемлекеттік тапсырыс жарияланатын сайттар мен БАҚ-а мемтапсырыс құжаттарындағы орфографиялық қателер әжуа мен мазаққа айналды, себебі мемтілде толтырылған тапсырыс грант алады деп ешкім сенбейді.
6-3.  Ютуб сайтында орысша білмейтін жастарды ашық тұрде мазақ пен әжуа қылатын роликтер бар. Мысалы мына сілтемеге қараңыз:

Бұл жерде ең жаманы, қазақтың орысша нашар сөйлегені емес, орыстілділердің оларды қорлағандығында! Қазір орыстілділер қазақ тілінде не айтылса да оның бәрін мазақ, надандық деп қабылдайды! Осылай етіп мемлекеттік тілді қорлауды қай елде көрдіңдер?!
6-4. Қазақтілді  БАҚ-а азаматтардың қоғамдық орындарда қазақша сөйлеген сөзіне: «Дені сау тілмен сөйлеңіз!» деп ескерту алатындығы жайлы мысалдар жиі жарияланады.
7.  Діни секталар Білім және ғылым министрлігі бармаған, бос қалдырған жерлердің бәрін алып қойды! ЖОО мен мектептердегі тәрбие жұмыстарымен айналысатын қызметтер  - тек аты бар, бірақ заты жоқ қызметтер. Бұл қызметте отырғандар мамандар емес, олардың жоспары да жоқ, еңбегін ғылыммен байланыстыратын жағдайлары да жоқ. Қазіргі жағдайда, үлкендер күні бойы жұмыста болатын жағдайда, балалар күннің екінші жартысын бақылаусыз өткізеді. Бір күннің жартысын бақылаусыз өткізетін балалар секталарға кіріп, әртүрлі жаман жолдарға түсуде. Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюіне де осы жайттар себеп. КСРО кезінде қаржы мен дүние қоры болған аула клубтары қазір ғимараттарынан айрылды. Сатылып кетті немесе ішкі істердің қарамағына көшіп кетті. Мектептерде мүдделестерді біріктіретін үйірмелер ұйымдастырып балалардың тәрбиесін қолға алуға болар еді.

Ғылым саласы бүгінгі таңда елімізде хоббиға  немесе бюджеттен мемтапсырыс жолымен қаржы табудың көзі болып барады. Кейбір ғалымдар амалсыздан әмбебап маманға айналуға мәжбүр болып, өздеріне жақын сала ғылымдармен шұғылдануда, кейбіреулері қаржысыз, жұмыссыз қалды, себебі олардың тақырыбын бюджеттен қаржыландыру тоқтады. Ал, ғалымының қалыптасуына ұзақ уақыт пен еңбек қажет.   Әрбір ғылымды дамыту жолында басты нәрсе тақырып емес, ғалымның потенциалы. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі әр ғалымды қадірлегені абзал.

Бүгінде жас мамандар елімізден кетіп жатыр. КСРО заманында қалыптасқан, бірнеше ұрпақ студенттерді тәрбиелеген ғалым ретінде  студенттерімнің шетелге бір жола қоныс аударып, кетуге дайындалып жатқанын естісем жүрегім ауырады. Жас мамандардың бұндай күйге түсуі оларды атып тастағанмен тең, себебі олар Қазақстан үшін жоғалған адамдар!

Құрметпен,   Айгүл Қохаева, Алматы қаласының тұрғыны, 20 жылға жуық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аспиранты, оқытушы, ғалым. 

Байланыс телефоным: 8705147 2491

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320