Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 05:57

Петропавел қаласының атауын "Ботай" деп өзгертуіңізді сұраймыз!

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевқа

Аса мәртебелі Президент мырза!

Тәуелсіз елімізде ономастикалық кейбір өзекті мәселенің шешілмей келе жатқанына біршама уақыт болды. Соның бірі -  діндар кісілердің есімімен аталатын Петропавл қаласының атауы. Бұл - белгілі бір этносаралық мәселенің түйініне айналмаса да, халқымыз үшін тарихи шешімді күтіп тұрған рухани түйткіл екені рас.

Сіздің өткен ғасырда көтерген Еуразиялық ынтымақтасу мен кірігу жөніндегі идеяңыз экономикалық сала бойынша алға басқанымен, тарихи-мәдени салалар бойынша сәйкес қарқын ала алмай отыр. Оның үстіне ең әуелгі «еуразиялық біртұтас кеңістікті» қалыптастырған Ұлы Даланың көшпелі тұрғындары екенін жоққа шығару қиын. Оған дәлел - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты БОТАЙ мекенінің атымен әлемге әйгілі болып отырған «аттылар өркениетін» орнықтырған ата-бабамыздың алты мың жылдық ежелгі тұрағының табылып, ондағы бүгінгі қазақ халқына тиесілі қымыз бен сүйек өңдеу өндірісі, далалық сәулет келбеті әлемдік Ұлы өркениетке, соның ішінде апайтөс Еуразиялық біртұтас мәдениетке қатысымызды дәйектеп берді.

Аталмыш айтулы дәйекті ескере отырып, Сізден мемлекет басшысы ретінде Петропавл қаласының атауын «Ботай» деп өзгертуді өтінеміз. Мемлекеттің аумақтық-әкімшілік бөлінісін жасақтауға басты шешімді қабылдайтын құзырлы тұлға ретінде Солтүстік Қазақстан облысының орталығын өз шешіміңізбен «Ботай» атау жөнінде жарлық шығарсаңыз екен. Аталмыш шешім Сіздің ел тарихындағы ғана емес, Еуразиялық кірігу үдерісіндегі рухани-тарихи бірлікті дамытуға қосар үлесіңіз болатыны сөзсіз.

«ЕЛ» алқасы

Түркілік өркениеттің ақ таңы

Владимир КОЧЕНОВ,

ЕуропалықТабиғи ғылымдар Академиясының академигі

Ежелгі саты - адамзат тарихындағы ерекше оқиға болып табылатын жануарларды, соның ішінде жылқыны қолға үйрету айтулы маңызға ие.

Жылқы - түркілердің еуразияның апайтөс даласын игерудегі қиял жетпес жетістіктерге  қол жеткізуінің басты факторы.

Ең алғашқы жылқы жуасыту оқиғалары Орал тауларынан шығысқа қарайғы маңайда бұдан 5,5 мың жыл бұрын тарихта орын алған. Энеолит дәуіріндегі далалық тұрғындар жылқыны сауу мен мінуді үйренген. Солтүстік Қазақстан жерінен табылған ыдыстан Британдық оқымыстылар қымыз майының сұлбасын тауып отыр.

Ботай мәдениеті

Бұл - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Николь ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым  жердегі Ботай мекеніне қатысты аталып отырған ежелгі түркілер мәдениеті. 20-дан астам шатқал қазылып, бірнеше жүз мыңдаған жылқы сүйектері табылды. Археологиялық экспедицияны Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Виктор Зайберт басқарып,  1981-1983 жылдары қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл мәдениеттің өкілдері далалық шағын өзендерге таяу маңда қоныс еткен. Ботайда  15 гектар алаңды алып отырған ежелгі жергілікті адамдар тұрған 158  баспана орны табылып отыр. Еуропада табылған жылқыны қолға үйретуге қатысты археологиялық куәліктер текқана 3 мың жыл шамасын қамтиды. Ал, түркілік ареалға жататын өлкедегі табынды бұл кезеңді екі жарым мың жылға ескіртіп отыр.

Ботай мәдениетінің қыш ыдысынан британдық ғалым Аутрем сүт пен ет майының ізін тауып, сүттің биеге, ал еттің жылқыға тән екендігін айырды. Бұл жайт бұдан бес жарым мың жыл бұрынғы қазақтың арғы бабалары қымыз ішіп, қазы жегендіктеріне дәйек.

Табылған сүйек саймандар назарды аудармай қоймайды: қол орақ пен шалғы орақ жылқының астыңғы жақ сүйегінен жасалған, жер қазуға арналған, ағаш өңдейтін құралдар, ине, біз және де тоқу саймандары, сойылдар, т.т.

Бұл заттар ежелгі тұрғындарда жер өңдеу дағдысының болғандығын, үй-жай кәсібінің дамыған жүйесін көрсетіп отыр. Көптеген қарулар мен құралдардың беттеріне өрнектеліп, жұмбақ таңбалар мен сызықтар түсірілген. Бәрінен де Ботай қонысын ерекшелейтін сүйектің орасан көптігі. Олар жер бетінде де, жер астында да,тіпті, баспаналарды қалауға да, еденде де, шаруашылық апандарда да табылды.Қызық жайттың бастысы - әлгі сүйектердің жүзден бірі  зубрға, бұғыға,елікке, киікке, сиырға,аюға, түлкіге, қарсаққа, құндызға, суырға, қоянға, қабанға тиесілі екендігі. Сүйектің негізгі бөлігі жылқы қаңқасы болып отыр. Бұл дегеніміз - жылқыны қолға үйрету дәуренінен хабар беретін бірден бір нышан болмақ. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Жайық пен Ертіс өзендерінің арасындағы аумақты мекендеген тайпалар зор рөл атқарғандығы белгілі болып отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366