Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3552 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 07:22

МҰХТАР ШАХАНОВ – «МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ»

Парламент сайлауынан шеттетілген соң біраз уақыт үнсіз жатып қалған «Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы Серікжан Мәмбеталин саясат сахнасында жүрген азды-көпті атқамінерлер үшін күтпеген «тосын сый» жасады. Ол «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы виртуалды «жаңа үкімет» жасақтай бастапты. Құрамында 200-дей мүшесі бар 40 шақты министрлерден тұратын жаңа команда - «Азаматтық үкімет» деп аталады.

Елге танымал тұлғалар мен қатар жұрт біле бермейтін адамдар кірген «Азаматтық үкіметтің» негізгі мақсаты - халықтың сөзін билікке жеткізу секілді. Өйткені, виртуалды үкіметке қызыққандарға «осы уақытқа дейін біз билікке сын айтып келгенімізбен, оппозиция тарапынан нақты бір ұсыныстар жасаған жоқпыз. Сондықтан  азаматтық үкіметтің басты міндеті - біріншіден халықпен сөйлесу, екіншіден ұсыныстарды халыққа, қоғамға, билікке жеткізу болып отыр», - деп сұхбат беріпті.

Виртуалды үкіметтің төрінде әзірше «Мемлекеттік хатшының» мысы басым. Оны белгілі ақын, тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа ұсынған көрінеді. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы - Төлеген Жүкеев. Еліміздегі санаулы ғана бундеркиндтердің бірі - Ораз Жандосовты Қаржы министрі деп бекітіпті (өте сәтті таңдау). «Бутя»-Болат Әбілевті Индустрия және жаңа технологиялар министрі деп көрдік. Айтпақшы,  белгілі саясаткер - Ғалымжан Жақияновты жұрт бірауыздан экономика саласына құп көрсе, қартайған шағында шешініп аты шыққан Гүлжан Ерғалиеваның Ақпарат министрі болып «бекітілгенін» байқадық.

Бір қызығы, Әділет министрлігін жақында ғана түрмеден шыққан құқыққорғаушы Евгений Жовтис басқаратын болыпты. Ал бұрынғы депутат Зәуреш Батталова - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болса, Бақыт Түменова денсаулық саласын сауықтыратын тәрізді. Болат Атабаев - Мәдениет, журналист Әміржан Қосанов - Көлік және коммуникация министрі. Серікхан Жақыпов -  Бас прокурор, Айгүл Кохаева - Есеп комитетінің төрайымы, Қайрат Бодаухан - Отандастар және көші-қон жөніндегі агенттік төрағасы, Отставкадағы генерал Әмірбек Тоғысов - Қорғаныс министрі, заңгер Сергей Уткин Жоғарғы сотқа төрағалық етсе, отставкадағы полковник Арат Нарманбетов ҰҚК-іне басшылық жасайды. Тізім осылай жалғаса береді. Ал Серікжан Мәмбеталиннің өзі қоршаған ортаны қорғау министрін құп көріпті. Бұл үкіметте кімнің Премьер-министр болатыны белгісіз. Алдағы уақытта анықталып қалуы да ғажап емес.

Бұнымен тынбай жаңа үкімет мүшелері азаматтық үкіметтің сайты қандай болуы керек деген мәселені талқыланып жатқанға ұқсайды. Үкіметтің елтаңбасының жобасы келіп түсіпті. Ақыры, үкіметтің таңбасы ретінде мәңгілік нышанымен көмкерілген шаңырақ таңдалып алыныпты.

Мәмбеталиннің бұнысын әлдекімдер айтып жүргендей «бар екенінен хабар беру» деуден аулақпыз. Жұрттың басым бөлігі Мәмбеталин партияның тізгінін «лақтырып кетіпті» дегеннен гөрі «өзі лақтырылып» кетті дегенге иланды. Сайлауда бар болғаны 0,66 пайыз дауыс жинап, аутсайдер атанған  «Әділеттен» гөрі, «жасылдардың» бағыт-бағдары әлдеқайда анықтау көрінді. Мәмбеталин мен Нәрікбаевты салыстыра алмайсыз, ал «Ауыл» мен  «Патриоттар» жайлы сөз басқа... Оның үстіне бұл шетелдік тәжірибеде бұрыннан бар дүние.

«Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбеталиннің айтуынша, балама үкімет аты ұсынылған адамдармен әлі тікелей келіссөз жүргізілмеген. Бұл тізімдегілер «Facebok»-тегі азаматтық үкімет туралы топ белсенділерінің ұсынысы бойынша жасалыпты. «Алдағы күндері Алматыда Азаматтық үкімет құру жолындағы жиындар өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді С.Мәмбеталин.

Б.НҰРАТАЙ

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258