Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3910 0 пікір 27 Сәуір, 2012 сағат 06:52

Қайырбек Шағыр. «Ұ»-ны ұмытпайық, «Ө»-ні өкпелетпейік...

Біз, қазақтар, ақын-жыршы, шешен халықпыз деп мақтанамыз. Басқа тілді үйренсек те, таза, акцентсіз сөйлеп кетуіміз оңай. Осының бір себебі тіліміздегі дыбыстардың молдығынан сияқты. Мысалы,  гармонь аспабын ойнасаңыз, кейбір аралық дыбыстарды тап басып шығара алмауыңыз ықтимал, баян аспабында түймелер одан көбірек болғандықтан, кез келген әуенді неғұрлым таза ойнауға мүмкіндік бар. Мен қазақ тілін түймелері (яғни дыбыс немесе әріптері)  бес қатарлы баян аспабына теңер едім. Түймелері көп болған сайын тартып үйрену қиын, ал бір үйреніп алсаңыз құйқылжыта бересіз.

Кейінгі кезде қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарымызды «қысқартуға» ұшыратып, айтпай кету әдетке айналып бара жатыр. Әселдер Асель, Інжулер Инжу болып жүр. «Ң» дыбысына мүлде қиянат жасап, «көніл», «барасын ба» деп айтатындарымыз бар. Қазақ тілінің өміршең болуына сөз тазалығы қандай қажет болса, дыбыстың айтылу тазалығы да сондайлық маңызды деп білеміз. Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ,Ү, Һ, І  сияқты «ұлтшыл» әріптерді сақтамасақ, тіліміздің жойылу қаупі күшейе түспек. Бұл әріптеріміз қазір ауылдан қалаға келген қазақтар сияқты шетқақпай көріп жүр. Сондықтан, отбасыңызда осы әріптерді таза айтып жүрсіз бе, балаларыңыз қалай айтып жүр, осыған көңіл бөлсеңіз ғанибет болар еді. Есесіне, айыру белгісі (Ъ), жіңішкелік белгісі (Ь) қазақ тіліне мүлде қажеті жоқ сияқты. Бұл белгілерді қазақ әліпбиінен алып тастап, басқа тілді үйрену барысында ғана қолданса жеткілікті деген пікірлерге қосыламыз. Жоғарыда аталған Ә, Ү, І, тағы басқа дыбыстарымыз сөзді жіңішкертуге онсыз да қызмет ете алады.  В, Ё, Ф, Ц, Ч, Щ, Э, Ю, Я әріптері туралы да ойлану керек.

Мен кейінгі кезде орыс тілінде таза сөйлейтіндерден гөрі, акцентпен, қазақы әуезбен сөйлейтін, «ұлттық әріптерді» анық айтатын  бала көрсем қуанатын болдым. Тілді сақтап қалуға солар қызмет ететін тәрізді көрінеді.

Келесі бір мәселе - сөздегі екпін мәселесі. Француз тілін өзге тілдерден тез ажыратуға болады, өйткені ондағы екпін сөздің соңғы буынына түсіп отырады.  Құлаққа да жағымды естіледі. Қазақ тілінде де екпін негізінен соңғы буынға түседі. Бір өкініштісі, қазіргі жастарымыз есімдерін атағанда екпінді бұзып айтады. Мысалы, Дана, Бота дегенде соңғы «а»-ны созудың орнына бірінші буынды созады. Мұндай мысалдар өте көп. Бұл да тілімізді бұзатын жағдайлар. Тіл маманы емес, журналист ретінде өзімізді толғандырып жүрген кейбір ой үзіктері осындай. Сіз қалай ойлайсыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254