Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3317 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 12:00

Әр заманның өз құрқылтайы бар...

Біз қазір өсекті де, өтірікті де, ғайбатты да «рахаттанып» айтатын болдық. Басқалай емес, экс-күйеу Рахат ӘЛИЕВтің мәнерімен «рахаттанамыз». Алғаш Австрияға қашып кеткенде артынан қуып барып, құр қол қайтқан із-кесушілеріміз беттері бүлк етпей «әлемнің түкпір-түкпіріне Рахат Әлиев шыға алмайтындай етіп «қызыл кәртішке» қойып келдік, ол енді Венадан аттап баса алмайды. Көп ұзамай оны Австриядан да алдыртамыз» деген-ді. Оттау сөз боп шықты!

 

 

Қайыржан СҮЛЕЙМЕН

 

ӘЗӘЗІЛ МЕН ПЕРІШТЕ ТАБАҚТАС БОЛА МА ЕКЕН?!


 

Біз қазір өсекті де, өтірікті де, ғайбатты да «рахаттанып» айтатын болдық. Басқалай емес, экс-күйеу Рахат ӘЛИЕВтің мәнерімен «рахаттанамыз». Алғаш Австрияға қашып кеткенде артынан қуып барып, құр қол қайтқан із-кесушілеріміз беттері бүлк етпей «әлемнің түкпір-түкпіріне Рахат Әлиев шыға алмайтындай етіп «қызыл кәртішке» қойып келдік, ол енді Венадан аттап баса алмайды. Көп ұзамай оны Австриядан да алдыртамыз» деген-ді. Оттау сөз боп шықты!

 

 

Қайыржан СҮЛЕЙМЕН

 

ӘЗӘЗІЛ МЕН ПЕРІШТЕ ТАБАҚТАС БОЛА МА ЕКЕН?!


 

Әлиевтің әлеулайы әлемді кезіп кетті. «Қызыл кәртішке» тұрмақ, қызыл кірпішпен де тосқауыл жасай алмады біздің битбалақтар. Қайта Рахатқа «жасыл жарық» жағып берді. Рахат – батыстың қолындағы көзіріне айналды. Рахат – Қазақстанды Еуропа алдында тұқыртатын мықты құрал болып шықты...
Шет елде шемішке шағып отырып Қазақстанның ішкі саясатымен айналысатын «Қазақстан мұсылмандар одағы» дейтін әулекі топ бар. Таза жөйіттік жымысқы жоба. Қазақтың байлығын шетел асырған жемқорлардың қолдау көрсетпегені қалған жоқ бұл одаққа. Сол одақтың серкелері жуырда атышулы Саша Коэн Боратпен ағылшын астанасы Лондонда кездесіпті. Бораттың кім екенін жақсы білесіздер. Шашы дудыраған мұртты әзәзіл. Бір кездері Қазақстан жайлы сайқымазақ фильм түсіріп, аз уақыттың ішінде миллиардер болып шыға келген алаяқ.
Сол алаяққа Қазақстан «мұсылмандарының» атын жамылған жәдігөйлер жата-жабысып қолқа салған ғой. «Бәке-көке, біздің ел туралы тағы бір кино түсіріңізші» деп. Жәй ғана кино емес, Қазақстанды және бір абыройсыз ететін – саяси комедия! Түсірілмек киноның атын да «Қазақстандағы бір шұңқыр туралы аңыз» деп құйқылжытып қойып үлгеріпті. Алматының қақ ортасындағы БЕЛОВИЧтің құрылтайшылары аузымен құс тістеген құрлыс компаниясы жынойнақ саламын деп қазып тастап кеткен шұңқыр туралы телехикая. Тіпті, әлгі пысықтар «біз кино түсіріп болғанша Орталық алаңдағы шұңқырды көміп тастамауыңызды сұранамыз» деп Алматы қаласының әкімі Ахметжан ЕСІМОВке өтініш хат жолдап та үлгерген сияқты.
Борат иттің келіскен-келіспегенін білмедік, алайда, мұсылман атын жамылған жантықтар одағы аталмыш фильмнің бас демеушісі боламыз деп лепіріп отыр.
Айтпағымыз, мұсылманға жат әрекеттермен нәпақа тауып жүрген «Қазақстан мұсылмандар одағы» деп аталатын жөйіттік жобаны Рахат Әлиев те қаржыландырып отыр екен дейтін сыбыр-күбір бар.

ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА – АТАҢМЕН ОЙНА. ЖАРАСПАСА – 29 ЕУРОҒА САТЫП ЖІБЕР!

 

 

Билік тоқтатамыз деп Рахатқа өзін боқтатып алды. Өткен аптада «ойбай, несін айтасыз, Рахат Әлиев өз әкесі Мұхтарды қамауда ұстап отыр екен!» дейтін ақпаратты Астананың астауынан жем жеп отырған ақпарат құралдары шұрқырап жазған. Артынша, «ақпараттық айқас олай емес, былай болады» дегендей Рахаттың кезекті бір «бомбасы» жарылды.
Мамырдың он бірінен бастап Еуропада «Өкіл қайын ата: деректі повесть» атты Рахат Әлиевтің кітабы еркін саудаға шықты. Электронды сауда-сайттардың күн ілгері сатылымға шығарып қойғанына қарағанда, бұл кітапқа сұраныс масқара секілді. Қазақстан билігі мен бишікештерінің шын келбеті басқа қырынан суреттелетін 532 беттік «туындының» құны – 29 еуро. Интрнет арқылы сатып алу сәл қымбатқа түседі.
Өткен аптадағы Мұхтар Әлиевтің мүсәпір күйін де қазір сан-саққа жүгіртушілер бар. «Мұхтар Әлиев Венадағы Қазақстан елшілігіне өз еркімен бармапты, оны қазақстандық тыңшылар ұрлап кетіпті», «Рахат Қазақстанды күллі әлемге масқаралау үшін әкесін өз саяси ойынына араластыра бастады» деген сияқты түбі жаман сөздер ауыздан-ауызға, басылымнан-басылымға ауысып жүр. Қалай десек те, бір жерімізді жіміле жұрттың алдында жалаңаштап тастағанымыз анық.
Еуропада сатылымға шыққан кітапқа тосқауыл үшін жасалды десек те, баласынан қашып елшілікті паналады десек те, әйтеуір бір қара бұлт Әлиевтер әулетін төңіректеп жүр. Кейде ойлайсың, қарауылы жоқ, қадағалайтын бейне камерасы жоқ ол не қылған үй Рахат Әлиевтікі деп. Мұхтар Әлиевтің бір емес, бірнеше рет кіріп-шығып жүрген жері арқылы неге Рахатты ұрлап әкетпейді біздің тыңшылар. Биік қамалдан сытылып шыққанымен түн ортасында жиырма шақырымдай жердегі елшілікке жүрегі нашар шалдың өлмей-жітпей жетіп жүргені де ерлік секілді боп көрінеді.
Қалай болғанда да, әліптің артын бағамыз. Түбі бұл құпияны не ел, не жер әшкерелейді...

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №18 (258), 14-мамыр, 2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449