Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3175 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 12:07

Бағила БАЙМАҒАМБЕТОВА, Мәжіліс депутаты: Біз Еуропа қақпасына кіру арқылы әлем елдерінің есігін ашамыз

Ел болып атқарған еселі еңбектің, Елбасының саяси беделінің арқасында 2007 жылы 30 қарашада Мадридте өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім шығарылғаны белгілі. Міне, сол күннен бастап Қазақстанның сыртқы саясаттағы жаңа кезеңі басталды. Мұны тек Еуропа елдеріне басталған жол деп түсінбеу қажет. Біз Еуропа қақпасына кіру арқылы әлем елдерінің есігін ашқалы отырмыз. Сол арқылы келешекте Қазақстанды дүниежүзінің көптеген халықтары өзіндік салт-дәстүрі, рухани байлығы мол ел ретінде танып-білетініне ешқандай күмәнім жоқ!
Еуропа қақпасын қалай ашуымыз керек? Ол үшін бағыт-бағдарымызды айқындап алу қажет болды. Соның айғағы ретінде Қазақстанды Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2008 жылы 29 тамыздағы Елбасының Жарлығымен бекітілді.

Ел болып атқарған еселі еңбектің, Елбасының саяси беделінің арқасында 2007 жылы 30 қарашада Мадридте өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім шығарылғаны белгілі. Міне, сол күннен бастап Қазақстанның сыртқы саясаттағы жаңа кезеңі басталды. Мұны тек Еуропа елдеріне басталған жол деп түсінбеу қажет. Біз Еуропа қақпасына кіру арқылы әлем елдерінің есігін ашқалы отырмыз. Сол арқылы келешекте Қазақстанды дүниежүзінің көптеген халықтары өзіндік салт-дәстүрі, рухани байлығы мол ел ретінде танып-білетініне ешқандай күмәнім жоқ!
Еуропа қақпасын қалай ашуымыз керек? Ол үшін бағыт-бағдарымызды айқындап алу қажет болды. Соның айғағы ретінде Қазақстанды Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2008 жылы 29 тамыздағы Елбасының Жарлығымен бекітілді.
Аталған бағдарламада Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастығын дамыту бірнеше бағыттар бойынша көрсетілген. Оның ішінде технологиялық, энергетикалық, көлік саласында, техникалық реттеу және метрология саласында, сауда-экономикалық, шағын және орта бизнесті дамытуда дамыған елдермен бірлесе отырып, жұмыстар атқару мақсаты көзделген. Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін барлық жағдайды жасау қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның Еуропа елдерімен тек қана саяси-экономикалық бағытта қарым-қатынас жасауымен шектелмейді. Ел халқын еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сапалы медициналық көмек қызметімен қамту, оның ішінде медицинаға еуропалық ақпараттық технологияларды енгізу, денсаулық сақтау мен басқару инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, ауруларға (жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, құрт ауруы, гепатит, адамның қорғаныш тапшылығының вирусы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі және басқалары) диагностика қоюдың, емдеудің және ол аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту, қан дайындау, дәрі-дәрмекке қол жеткізу және олардың сапасын арттыру, құнарлы тамақтанудың стандарттарын енгізу, кадр ресурстары жүйесін дамыту және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің маңызды бағыт екені жазылған.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүргізу, сондай-ақ Ұлттық медициналық холдингті, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау ұйымдарын және университет клиникаларын басқарудың осы заманғы тәсілдерін жасау, көпжақты байланыстарды кеңейтуге ықпал ету, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде еуропалық тәжірибені зерделеу қажет.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру салаларында, жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылда, студенттерді және профессор-оқытушы құрамын алмасуда, оның ішінде «Erasmus Mundus» және «ТЕМРUS» бағдарламалары аясында, сондай-ақ Еуропа елдерінің білім беру ұйымдарымен екіжақты шарттар негізінде ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.
Елімізді шетелге танытуда Парламент те атсалысып отыр. Осы орайда 21-22 мамыр күндері Қазақстан Парламентінің Мәжілісі «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Жыл басынан бері қарай Мәжілісте дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Шетелдің көптеген парламентшілері, саясаткерлері мен беделді сарапшылары қатысады деп күтіліп отыр.
Шетелдіктерді біздің елдің саяси дамудағы жаңа бастамалары, қаржы дағдарысына қарсы экономикадағы жүзеге асырылып жатқан іс-шаралары қызықтырады. Көптеген шетел азаматтары бүгінгі таңда қазақ елін біледі, саяси-экономикалық, демократиялық дамуынан хабарлары бар. Өзге елдердің парламентшілері қасымызға келіп, «О, Қазақстан! Қазіргі жағдайларыңыз қалай? Қандай жаңа бастамаларыңыз бар деп сұрайды. Шетелдік әріптестерім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өте жақсы біледі.  Елбасының бастамалары бұқаралық ақпарат құралдары бойынша, Сыртқы істер министрлігінің қызметі арқылы әлемнің көптеген елдеріне жан-жақты тарап отыр. Сондықтан дамыған елдердің сарапшылары Елбасымыз Н.Назарбаевты қаржы дағдарысына қарсы күрестің менеджері деп атайды. Мен мұны Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша біздің елдегі жедел атқарылып жатқан қарқынды істердің нәтижесі деп білемін.
Шетелдік парламентшілер 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қатысты мәселені көбірек қозғайды. Қазақстанға үлкен сенім артып отырғандарын жеткізді. Еуропалық және Азиялық елдердің Парламенттерінен келген депутаттар ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезде Қазақстан есірткіге қарсы күрес, әйелдер мен балаларды сатуға тыйым салу жөніндегі мәселелерді ретке келтіруге атсалысады деген сенімдері бар екенін мәлім етті.
Шетелдіктер кездескен кезде Астананың дамуы жөнінде қызыға сұрайды. Елорданың 5-10 жылдың ішіндегі жедел қарқынмен дамуын жоғары бағалайды. Елдің алға басуы, қалаларымыздың дамуы халықтың рухани, мәдени деңгейінің көтерілуіне, салауатты өмір салтын ұстануға алып келді. Өркениетке бастаған елдің тұрғындары да парасатты болуы тиіс деп есептеймін.
Бір ғана мысал, еліміздің білімді жастары үшін «Болашақ» бағдарламасының рөлі өте зор. Мұндай бағдарлама барлық елде бірдей жоқ. Көршілес елдер «Болашақ» бағдарламасы секілді жобаны жүзеге асыру үшін біздің тәжірибемізді алып жатыр. Мемлекетіміз өзінің талантты жастарын шетелдің ең озық университетінде оқытып, Қазақстанға келіп қызмет жасауы үшін осындай бағдарламаны қабылдады. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан осы «Болашақ» бағдарламасы негізінде мыңдаған жастар білімін жетілдіруде. Алғашқы буындары елге келіп, қызметке араласып кетті. Келесі толқындары елге оралып, мемлекеттік маңызды қызметтерді атқарған кезде еліміздің дамуына олар да өздерінің қомақты үлесін қосады деген сеніміміз мол. Елдік мақсатымыздың жолында халықтың ынтымағы мен ерен еңбегінің арқасында, Елбасының сындарлы саясатының бастауымен асқаралы асуларды бағындыратынымызға кәміл сенімдімін.

 

 

Дайындаған Айбатыр Сейтақ, Астана
«Айқын» газеті 18.05.2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6204