Кәріс пен Қазақ тағдыры
Ата-анамыз бізбен кәрісше сөйлеспегендіктен ана тілін білмей өскенбіз. Ата-анамызға неге бізбен кәрісше сөйлесіп жүрген жоқсыздар десек, өзіміз жақсы білмейміз деп жауап береді.
Аталарамыздан неге балаларыңызбен ана тілдеріңізде сөйлеспегенсіздер деп сұрап көрсек, олармен кәрісше сөйлескенбіз, олар түсінеді, бірақ сол тілде сөйлегі келмейді деп бізді, негізі, таңғалдыра да алмайды. Сол себепті уақыт өте келе жергілікті кәрісшемізден айырылып қалдық. Енді корей тілінің сол нұсқасын жандандыруға да тырыссақ, ол тірі тілге айналмайды. Мүмкіндігіміз болса немесе қажеттілігіміз болса, енді тек Оңтүстік Кореядағылар сөйлейтін диалекттің бірінде сөйлеуді үйренуге болады, яғни көбінесе Сеул диалектін таңдап үйренеміз.
Кей қазақтар да өз жерінде өмір сүрсе де ана тілін білмейді екен. Түсінеміз. Ата-аналары жұмыста немесе олардың қазақшасының өзі де онша емес. Балаларымен, жалпы айтқанда, адам тілінде көп сөйлеспейді. Балаларының қолдарындағы гаджеттің тілі тек орысша екен. Әлі күнге дейін де елімізде орыстану өте оңай екен! Қазақтану қиын, өзім білемін, өзім өзімді қазақтілді орта арқылы емес, тек қазақша кітап пен қазақтілді интернет арқылы ғана лингвистикалық тұрғыдан қазақтандырдым!
Владислав Теннің жазбасы
Abai.kz