Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4358 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:18

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ. «Дінтану» – діни сауат ашу ма?

Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап, мектепке «дінтану» пәнін енгізу туралы бастама көтеріп еді, аталған мәселе қоғамның қызу талқысына түсіп, біраз қайшылыққа ұшырап үлгерді. Ақпарат құралдарында көтерілген мақалаларға сараптама жүргізсек, авторлардың дені бұл пәнді енгізуге әлі дайын емес екенімізді айтады. Себебі, ««дінтануды» конфессионалдық негізде оқытамыз ба, жоқ, теориялық тұрғыда танытамыз ба?» деген сұрақ басы ашылмаған күйде қалып отыр. Осы сұрақты мамандарға қойып көрген едік.

 

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминов:

Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап, мектепке «дінтану» пәнін енгізу туралы бастама көтеріп еді, аталған мәселе қоғамның қызу талқысына түсіп, біраз қайшылыққа ұшырап үлгерді. Ақпарат құралдарында көтерілген мақалаларға сараптама жүргізсек, авторлардың дені бұл пәнді енгізуге әлі дайын емес екенімізді айтады. Себебі, ««дінтануды» конфессионалдық негізде оқытамыз ба, жоқ, теориялық тұрғыда танытамыз ба?» деген сұрақ басы ашылмаған күйде қалып отыр. Осы сұрақты мамандарға қойып көрген едік.

 

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминов:

Жалпы, "дінтану" деген пән болмайды. Себебі, дінді тарих, әлеуметтану, саясаттану, этнология тағы басқа көптеген ғылым салалары зерттейді. Ал, АҚШ-та дінтанудың теориясын магистратурадан бастап оқытады. Бакалавр дәрежесіндегі студенттердің өзін-де оқытпайды. Өйткені, теориялық дінді мектеп оқушысы емес, магистр дәрежесіндегілер оқуы керек. Оған дейінгі мектеп, бакалавр дәрежесінде арнайы пәндер: математика, тарих, физика секілді пәндерді меңгеріп, біліп алуыңыз керек. Мектепте дінтанудың өзін оқытатын болса, ол теория болып кетеді. Ол оқушыларға ауыр болады. Оқушылардың өтетін пәні емес. Сондықтан ондай пән болмайды. Ал, діндер тарихын оқытамыз десе, оның жөні басқа. Діндердің тарихын оқыту Кеңес үкіметінің практикасында бар. Дін көбейіп кетпеуі үшін, атеизмге тәрбиелеу үшін және діндерді сынап-мінеу мақсатының тарихын оқытатын еді. Олай болса, онда бұл соның жалғасы болып шыға келеді. Жалпы біз - зайырлы мемлекетпіз. Мектептерде уағыз жүргізуге болмайды. Қазіргі таңда арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін орта жолды бірқатар мемлекеттер іздеп жатыр. Ал, Ресей православтық мәдениетті оқытады. Дегенмен де бір тоқтамға келген жоқ. Әр қайсысы әр түрлі айтады. Сондықтан мұны ойланып шешу керек. Бұл бізде эксперимент ретінде жүргізіліп жатқан жұмыс деп ойлаймын. Дегенмен де бірінші эксперимент өткізіп, методиканы жақсылап алу керек. Мектеп оқушыларымен «әзілдесуге» болмайды. Бұған ыждаһатпен қараған жөн. Халық арасында, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмге кетіп қалу ушығып бара жатыр. Сондықтан оның алдын алу мақсатында шұғыл шара ретінде қарап отыр. Бірақ асықпау керек. Университет оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін және тағы басқа мамандарды жинап ғылыми семинар немесе конференция өткізіп, талқылап, сараптап алған жөн болар. Бірден бастап жіберуге болмайды. Министрлік қаулы қабылдап қойды. Енді оны бірер жылда жүзеге асыру үшін асыға бастайды. Менің ойымша, діндер тарихын оқытады, ал теориялық дінді оқытуға тістері батпайды, білімі жете бермейді. Ғ.Есімнің оқулығына келер болсақ, ол - философ. Дін тек қана пәлсапа емес қой, ол - практика, сенім, дәстүр, тарих және т.б. Ол бұның бәрін біле бермейді ғой. Ол мәселеге философ көзімен қарайды. Жан-жақты ракурстан қарау үшін көп уақыт, маман, талқы керек. Меніңше, бұл пәнді былай жүйелейді: алғашқы тақырыпты Қазақстан Республикасының Коституциясынан бастайды, сосын анимизм, тотемизм секілділерді айтып келіп, буддизм, христиандыққа түседі. Артынша исламға келіп тоқтайды. Бұл бесенеден белгілі нәрсе ғой.


Философия ғылымдарының докторы Бәтима АБИРОВА:

Бүгінгі таңда өзге діннен шыққан секталарды айтпағанда ислам діні ішінде түрлі пиғылдағы ағымдар қаптап кетті. Жастар әр діннің жетегінде кетіп бара жатыр. Ал дінтану пәні осыларды ашықтап, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратып беру керек. Тағы бір айта кететін жайт, ол - дінтану оқулығын жазу мәселесі. Дінтану кітабында түрлі сенімдердің тарихын, ілімін, қалыптасуын объективті жазу керек. Онда эмоция қоспаған жөн. Бір-екі автормен ғана шектелмей, бірнеше автордың бірігуімен жазылып, көпшіліктің талқысынан өтуі керек. "Қандай секта болды? Оның мақсаты не?" деген сұрақтарға жауап алатындай тарихи, ғылыми-классикалық тұрғыда түсіндіретін оқулыққа зәруміз. Қазір жастардың алып-ұшып тұрған кезі, бәрін білгісі келіп, ізденіп тұрады. Әрі олардың көзғарасы қалыптасып үлгермеген. Сондықтан дін мәселесінде жастардың дұрыс бағыт алуына көмектесетін оқулық керек. Бұл пәнді бесінші сыныптан бастап жүргізсе деймін. Сыныбына қарай лайықтап, балаларға түсінікті, ең бастысы жүрек пен ақылға жүгініп жазу керек. Эмоцияға берілмей, бірақ ұрпаққа жаны ашып, рационалды түрде сарапталғаны абзал. Дінге қатысты кітаптардың бәрі жүрекпен жазылу керек емес пе? Бір ғана оқулық бар, ол - Ғ.Есімдікі. Бірақ ол мектептің тіліне арналмаған, екіншіден, менің ойымша, жүрекпен жазылмаған. Міне, осы оқулық мәселесін шешпей пәнді қалай оқытатынын түсінбеймін. Бүгінгі таңда кей мұғалімнің өзі сектаға кіріп кеткен. Сосын ол пәннен сабақ беретін мұғалімнің өзі қандай кітапқа сүйеніп балаларға дәріс береді? Оның кейін шикілігі шықпасына кім кепіл? Қазақтың өзіндік рухани жолы бар. Сырттан оқып келген жат пиғылды адамдар қазақтың жолына түзету енгізгісі, жоққа шығарғысы келеді. «Бұларың дұрыс емес», «түрік бол» немесе «арабша жүр» дегісі келеді. Салт-дәстүріне қарай, танымына, тынысына қарай олардың да исламы өзгеден бөлек. Сондықтан біреудің сенімін негізсіз біреуге таңудың қажеті жоқ. Міне, осындай мәселелерді, қазақтың рухани жолын түсіндіре алатын пән болуы қажет.


Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ:

Ресейдің тәжірибесі бойынша, олар мектептерде православтық мәдениетті, этиканы тереңірек оқытады. Баланың санасы қалыптаспай тұрғанда мәдениетін сіңіріп үлгереді. Ал, біз қазақ мәдениетін. Яғни ислам дінін оқытқанда мәдениет, мемлекетшілдік, ұлттық болмыс, мүдде тұрғыда оқыту керек. Өйткені, исламды діни тұрғыда түсіндіріп кетушілер арасында ваххабизмге жақын қылып жіберу қаупі бар. Әйтпесе, бұлардың барлығы керегі жоқ. Дәріс қазақ тілінде берілуі керек. Қазақ исламын қазақ тілінде түсіндіруге болады. Ол сунниттік ағым - Әбу Ханифа мазғабы - сопылық жол, сосын қазақ руханияты деп кете береді. Қазақтың сан ғасыр қалыптасқан руханиятына негізделсе, нәтижесі жақсы болады деп есептеймін. Православтық мәдениетке түсіп қалмас үшін орыс сыныбында оқитын 30 пайыз қазақ баласына да дәрісті қазақ тілінде жүргізсе деймін. Және бізде исламды орысша түсіндіретіндер қазақ рухынан алыс болады.

«Үш қиян» газеті, 27.08.2009

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276