Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 3442 11 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 13:37

Қазақ өркениетті бола ма?

Адамзат тарихында үнемі локалды мәдени ошақтар пайда болып жатады...

Осындай кездері ол жерлерде кіндікке байланған тартылыс күшінен қашу орын алады. Орта ғасырларда бұл "бір орталыққа бағынған діннен" қашу арқылы көрініс тапты.

Еуропада католиктер мен протестанттар соғысы және лютерандық пен праволавиенің пайда болуы - осының айғағы. Жақында ғана Орыс шіркеуінен Украина шіркеуінің бөлініп шығуы да содан.

Ислам Орта Азияға қылыш жүзімен келді.

Бірақ, кейін оның таралуының бейбіт жолын Яссауи жасады. Ол Тәңірлікті исламдандырды.

Бұл да "орталықтан қашу" көрінісі.

Сондықтан, бұрынғы қазақ діні - аты жағынан "ислам", заты жағынан "тәңірлік" болып мұндаға дейін өмір сүрді.

Тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда "Қандай ислам болуы керек?" деген мәселе пайда болды.

Себебі, дінді де тәуелсіздікке орай қайта құру басталды.

Осы кез араби діни орталықтар ерекше белсенділік танытып, біздегі "дәстүрлі" деп келген діни қалыпты ығыстыра бастады...

Бұл процесс моралдік және басқа күйзеліс (дағдарыс) жағдайнда өткендіктен - ислам әлемінде орын алып отырған барлық ағымдардың қайшылығы бізге келді.

Сөйтіп, бір дін ішіндегі "секталық майдан" бізге көшті.

Ал, қатаң діни ережесін ұстанатын арабтарда ол жоқ.

Ырду-дырду діни көзқарас тұрғыда бөлшектенген Қазақстанда ғана бар.

Нәтижесінде, ислами секталар арасындағы тартыс бізде өршіді...

Ол тұтас қазақты ыдыратуға бет алды...

Ал, бұған ілесе Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа мәдени ортаға айналу тетіктерін іске қосу мәселесі күн тәртібіне қосылды.

Соған сай, елімізде мемлекетшілдікті мақсат еткен жаңа дүниетаным - Тәңірлік дүниетаным жаңғырды.

Бұл да жаңадан қалыптасу үстіндегі өркениеттің "орталықтан қашу" белгісі (тек діни бағыттағы).

Әзірге елде ислам позициясы күшті.

Оған ықпал етуші - қазақтың аса бір қатты діншілдігі емес, керісінше, қазақтың діннен алыстығы...

Қазақтың өзін "мұсылманмын" деуі мен "діншілдігі" арасы жер мен көктей.

Әрине, "мұсылман" сөзі құлаққа үйреншікті болған соң көп айтылады.

Әйтпесе, жұрт жаппай "таза мұсылман" емес.

Осы жағдайда ислам насихаты қазақтың "мұсылманмын" дегеніне тастай жабысты.

Дінді таратуды осыдан бастауды қолға алды...

Одан әрі ислам фундаментализмін ендіру көзделеді....

Бірақ, сол арада пайда бола кеткен, не жаңғырып үлгерген Тәңіршілік исламға бәрінен бетер қатты соққы беруде...

Болашақта қазақ

- не тәңірін қайта табады,

- не исламмен астарласқан перифериялық діни формаға ие болады,

- не ғылыми- технологиялық жолға түседі деп болжауға болады...

Бірақ, қалай болғанда да, қазақ дінсіз не құдайсыз қалмайды.

Себебі, тәңірлік дүниетанымдағы Тәңірлік ілімі мен қазіргі заманауи Ғылыми таным бір қатардағы құбылыстар болып шықты...

Бізді сол құтқарады.

Осы ерекшелігіміз бізді жаңа өркениет ошағын - Қазақ мемлекеттілігін өмірге әкелуге көмектеседі...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052