Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 417 0 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 17:03

Жасыл экономика - болашақтың таңдауы

Сурет: Досжан Балабекұлы

Энергия - бүгінгі қоғамның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Әлемнің барлық аймақтарында энергия көздері адамның өмір сүру деңгейін, экономикалық дамуын және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Алайда, қазіргі кезде көптеген елдер энергия көздерінің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға ұмтылуда. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.

Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 7-мақсат: «Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету» екенін алға тартқым келеді.Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жаппай қолжетімділік - бұл тек экономикалық мәселелерді ғана емес, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді де шешудің кілті.Энергия адамзаттың өркениетінің дамуына айтарлықтай әсер еткен. Өндіріс, көлік, тұрмыстық қажеттіліктер мен білім беру салаларында энергия қолданылмайтын сала жоқ. Алайда, дәстүрлі энергия көздері - мұнай, табиғи газ және көмір  шектеулі ресурстар болып табылады және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. Сондықтан энергияның тұрақты және таза көздерін пайдалану қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазіргі таңда әлемде энергияның бірнеше түрі қолданылады. Қымбат емес және сенімді энергия көздерін қамтамасыз ету маңызды, өйткені ол әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға және экономиканы нығайтуға ықпал етеді. Бүкіл әлем бойынша көптеген адамдарға энергияның қолжетімділігі жоқ. Мұның басты себептері энергия бағасының жоғары болуы және кейбір аймақтарда инфрақұрылымның жоқтығы. Осы орайда, қымбат емес, сенімді және тұрақты энергия көздеріне қолжетімділік қамтамасыз ету, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.

Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділік қамтамасыз ету — бұл тек экономикалық даму мен әлеуметтік теңдікті қолдайтын ғана емес, сонымен қатар экологиялық тұрақтылықты сақтайтын маңызды қадам. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және халықты энергия үнемдеудің маңыздылығына үйрету арқылы әлемде энергияның қолжетімділігі мен тұрақтылығын арттыруға болады.

Бұл адамзаттың болашақта қауіпсіз, таза және тұрақты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Заң факультеті  мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы білім алушыларға жасыл экономика пайдасы жайлы түрлі дөңгелек үстелдер,пікірсайыс т.б шараларды өткізіп тұрады.Еліміз үшін пайдалы жобаны барша азаматтарға қолдауға шақырамын.

Бахтияр А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5661