Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 07:05

Байжан Дубай. Қытай қазақтың намысын жырта ма, әлде іштен құрта ма?

Оңтүстік Кореяның Гоянг-Сити қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жанкүйер қауым осы додада Қазақстанның намысын жыртып, жүзден жүйрік шыққан Зүлфия Чиншанлоның алтын медаль жеңіп алғанынан хабардар болар. Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат арқылы оны жеңісімен құттықтап, алтын медалін тәуелсіздік мерекесіне тарту деп қабылдайтынын білдіріпті. Жөн-ақ.

Бұл дүбірлі додаға барлық мемлекеттер үлкен дайындықпен келген. Қазақстан ауыр атлеттерінің бас бапкері Алексей Ни жарыстан екі алтынмен ораламыз деген болатын. Сенім артқан спортшының бірі Чиншанло еді. Ол үмітті ақтады. Оның үстіне Зүльфия Чиншанлоның есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылатын болды. Өйткені ол бар болғаны 16 жасында әлем чемпионы атанып, бұған дейінгі рекордсмен, «ерке бала» атанып елге сүйкімі кетіңкіреп жүрген Илья Ильиннің жетістігін басып озды. 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зүлфия Чиншанло қытай қызы Чен Сяотинді ұтып жеңіс тұғырына көтерілді. Жұлқа көтеруде 5 келі ұтылып тұрғанымен серпе көтеруде қытай спортшысын бір келіге басып озды. Жалпы есеп 219 келі.

Жарайсың, Зүльфия, жарайсың! Құтты болсын! Бәйгенің бәсінің емес, даңқының дабыры үлкен. Бізге алтын керек, атақ керек. Керегімізді бердің, келешегің кемел болсын! Бізге қажетті жеңісті кім сыйласа да бәрібір. Ол Илья ма, Зүлфия ма маңызды емес. Маңыздысы жеңіс. Бірақ, жеңістен да маңызды бір мәселе бар. Ол ұлттық қауіпсіздік. Бұл туралы айтпай кету ауыр күнә секілді. Спортқа ұлттық қауіпсіздіктің қатысы қанша дерсіз, тыңдаңыз, ендеше.

Зүлфия Чиншанло деген қай ұлттың өкілі деп ойлайсыз? 2005 жылы еліміздің Ауыр атлетика федерациясынан бір топ маман Қытайдың ауыр атлетикадан өтіп жатқан ұлттық олимпиада ойындарын тамашалай барып легионерлерге көз салып қайтқан еді. Қытай спортшыларының қарымы қайран қалдырды. Бүкіл ел бойынша 500 мыңнан астам атлет бар екен. Соның бәрі болмаса да біразы олимпиадаға қатысқан. Бірінің көрсеткішін бірі басып озып, әлемдік рекордтың талайы жаңаланды. Қытайда штанга көтеру керемет дамыған болып шықты. Бірақ қазақ бапкерлері кез келген салмақ дәрежесіндегі алдыңғы ондыққа кіретін спортшыға «құда түсе» алмады. Бір жылдан кейін ортаңқол екі спортшысын легионер ретінде бере алатындарын мәлімдеді. Сөйтіп қытайдың екі қызы әрқайсысына 60 мың доллар төленген соң Қазақстанға бет алды. Алайда, біздің еліміздің заңнамаларына сай Қытайдан келгендердің азаматтық алуы өте күрделі. Спортшылардың тезірек азаматтық мәселесін шешу керек. Бапкерлер мәселеге көп бас ауыртып жатпады. Спортшы қыздар Қырғызстаннан бірақ шықты. Әлдебір шененуніктің кеңірдегінен үш мың доллар өткен соң екеуі де әп-сәтте Қырғызстан азаматтығын алады. Ал қырғыздардың Қазақстан азаматтығын алуы өте жеңіл. Сөйтіп екі спортшының бірі дұңған Зүлфия Чиншанло, екіншісі ұйғыр Манеза Мая болып шыға келген. Екеуінің де аты ойдан шығарыла салған. Соңғысының атын бапкерлер қалжыңдап майонезге ұқсатып қоя салыпты (айтпақшы, ол кеше 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жалпы, осы ойында алтын ұтқан мемлекеттер әзірге Қытай мен Қазақстан ғана). Ал бір жылдан кейін екі спортшы да Қазақстанның азаматы атанды. Бүгін, міне, еліміздің намысын жыртып жүр.

Осы жайтқа орай мына мәселенің беті ашылып отыр. Дерек көздері Ресей немесе Қырғызстанда бірнеше жыл тұрып, орыс тілін үйреніп алған соң біздің елімізге келіп, ұйғырмын, дұңғанмын, кәріспін деп тірлік етіп жатқан қытайлар жыртылып айырылатынын айтады. Ойбай-ау, сонда ұлттық қауіпсіздік комитеті ай қарап отыр ма? Олар егер біздің сөзімізді жоққа шығарғысы келсе біз мына екі спортшының «азаматтық алу» хикасын айғақ ретінде ұсынамыз. Айтпақшы, бапкерлер Зүлфияның керемет патриот екенін айтады. Жас қыз өзінің, өзінің ғана емес бүкіл ханзудың биліктен өлердей қорқатынын ашып айтыпты. Биліктің бұйрығына жаратқанның әмірінен әрі бағынатын қытайлар сонда біздің елімізге қандай мақсат көздеп келді. Шетел легионерлерін осылай «контрабандалық» жолмен әкеліп абыройымызды асырғанымыз кімге керек? Бәйгеге делебеміз қозып далақтап жүріп елдігімізге сызат түсіріп алмайық. Ал шетелдіктердің қитұрқы жолмен азаматтық алу мәселесіне орай ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап беруге тиіс. Илья «балақайдың» еркелігін көтере алмай жүргенде, енді «айдаһар текті» арулар қиғылық салмасын. Абай болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279