Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3679 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 10:24

Шетелден келгендердің барлығы шын мәнінде жұлдыз ба?

Әлемнің әр қиырынан келіп, Қазақстанда өз нәпақаларын та­уып жүрген спортшылар аз емес. Олардың негізі – футболшылар. Шы­ны керек, еліміздің түрлі клубтары сапында өнер көрсетіп жүр­ген ойыншылардың шеберлік деңгейі мәз емес. Иә, сол қалың шо­ғыр арасынан ТМД аумағына танымал болған Олег Ве­ре­тенников, Владимир Бесчастных, Андрей Тихонов, Егор Титов сын­ды саңлақтар ара-тұра кезігіп қалатыны рас. Бірақ солардың өз­дері бабы кеміп, бағы қашқан кезінде ғана біздің жаққа ат басын бұр­ды. Ал нағыз кемелденген шағында айтулы аяқдоп шеберлері Қа­зақстанға келер ме еді?
Қазақстан футболында келім­сек­тер тым көп екені талай мәрте ай­тылды. Одан оңды нәтиже шыға қой­ған жоқ. Сол себепті де жауыр бол­ған тақырыпты айналып өтіп, өз­ге спорт түрлерінде жүрген ле­гио­нерлер жайында әңгіме қоз­ғауға бекіндік. Осы орайда біз әлем­дік өлшем бойынша жұлдыз­дар санатына жататын спорт­шы­ларға ғана тоқталғанды жөн көр­дік.

Әлемнің әр қиырынан келіп, Қазақстанда өз нәпақаларын та­уып жүрген спортшылар аз емес. Олардың негізі – футболшылар. Шы­ны керек, еліміздің түрлі клубтары сапында өнер көрсетіп жүр­ген ойыншылардың шеберлік деңгейі мәз емес. Иә, сол қалың шо­ғыр арасынан ТМД аумағына танымал болған Олег Ве­ре­тенников, Владимир Бесчастных, Андрей Тихонов, Егор Титов сын­ды саңлақтар ара-тұра кезігіп қалатыны рас. Бірақ солардың өз­дері бабы кеміп, бағы қашқан кезінде ғана біздің жаққа ат басын бұр­ды. Ал нағыз кемелденген шағында айтулы аяқдоп шеберлері Қа­зақстанға келер ме еді?
Қазақстан футболында келім­сек­тер тым көп екені талай мәрте ай­тылды. Одан оңды нәтиже шыға қой­ған жоқ. Сол себепті де жауыр бол­ған тақырыпты айналып өтіп, өз­ге спорт түрлерінде жүрген ле­гио­нерлер жайында әңгіме қоз­ғауға бекіндік. Осы орайда біз әлем­дік өлшем бойынша жұлдыз­дар санатына жататын спорт­шы­ларға ғана тоқталғанды жөн көр­дік.
Жұлдыздардың қалың шоғы­ры – «Астана» велоклубының на­мысын қорғауда. Қазақстандық клубтың туы астында өнер көр­сетіп жүргендер арасында, ең әуе­лі Лэнс Армстронгтың есімін ата­ған абзал. Бұл – шын мәнінде, ға­ла­­мат спортшы, үлкен жүректі аза­­мат. АҚШ велошабандозы өзі­нің на­ғыз кемелденген шағында қа­­терлі ісік ауруына душар болды. Сол кезде дәрігерлер «спортпен ай­­налысуға болмайды» деген қа­таң ескерту жасады. Алайда же­ңіс­ке құштар жігіт алған бетінен қайтпады. Өзінің ерік-жігерінің ар­қасында дендеген дертті жеңіп шы­ғып, «темір тұлпарын» қайта тіз­гіндеді. Армстронг – «Тур де Франс» додасын жеті мәрте ұтқан жер бетіндегі жалғыз адам. Одан бас­қа да жеңіп алған жүлделері же­терлік. 2005 жылы ол спортпен қош айтысқан болатын. Алайда ара­да үш жыл өткеннен кейін Лэнс қай­та оралды. Бұл ретте оның таң­дауы «Астана» клубына түсті. Қа­зақстандық команда сапында ол «Тур де Франста» тағы бір мәрте үз­дік шығуды армандайды. Со­нымен қатар Армстронг өмірін­де­гі ең бір қиын шақтарды қапе­рі­нен шығармай, онкологиялық ау­руларға душар болған адам­дар­ға көмек көрсететін қоғамдық қор­ға жыл сайын мол мөлшерде қар­жы құюды өзінің азаматтық па­рызы санады. Ал осындай атым­тай жомарт жайында жаман сөз ай­тудың өзі күнә емес пе?!
«Астананың» сапындағы екін­ші мегажұлдыз – Альберто Кон­та­дор. 2007 жылы «Тур де Фран­с­ты» ұтқаннан кейін испандық ве­лошабандоздың атағы шарта­рап­қа тарады. 2008 жылы ол «Ас­та­на­ның» жейдесін киді. Қазақ­стан­дық клуб «Про-Тур» жа­рыс­та­рынан шеттетіліп, қиын-қыстау ке­зеңді басынан кешіргенде Кон­та­дор ешқайда кеткен жоқ. Иә, Лэнс Армстронгтың «Астанаға» ке­летінін білгенде, біраз қиқар мі­нез көрсеткені рас. Алайда жағ­дайды түсініп, тез-ақ сабасына түс­ті. Дәл қазір 28 жастағы спорт­шыға жергілікті жанкүйерлер дән ри­за.
Биылғы маусымда қазақ­стан­дық жанкүйерлердің ықыласы ерек­ше ауған спортшы ол – Кевин Дал­мман. Бұған дейін ол Ұлттық хок­кей лигасының «Лос-Анд­же­лес Кингс» клубында өнер көр­сетті. Былтыр Қазақстанға ат ба­сын бұрып, «Барыс» коман­дасының жейдесін киді. Келген бет­те өзінің өрелі өнерімен көзге түсті. Құрлықтық хоккей лига­сының беткеұстар ойыншысына ай­налған Даллман қысқа ғана мер­зім аралығында бірнеше таң­дай қағарлық көрсеткішке қол жет­кізді. Мәселен, әйгілі хок­кей­ші Вячеслав Фетисовтың ширек ға­сыр бойы мұрты бұзылмай тұр­ған рекордын жаңартты. Маусым қо­рытындысы бойынша ең таң­дау­лы ойыншылар қатарына еркін енген канадалық қорғаушыға бұл күн­дері алыс-жақын шетелдің бі­раз белді клубы «құда түсуде». Бірақ Кевин: «Маған Қазақстан қат­ты ұнайды. Мен жуық арада Ас­танадан алыстап, ешқайда кет­пеймін», – деп мәлімдеді. Міне, бұл да патриоттықтың бір белгісі емес пе?!
Шынын айту керек, Қазақ­стан­ға біреу тек ақша тауып, мол олжаға кенелуді мақсат тұтып ке­леді. Олар үшін ар-намыс, пат­риоттық сезім деген асыл ұғым­дардың құны көк тиын. Ал енді бі­реулер дәм айдап келгеннен ке­йін осы жерге тастай батып, судай сі­ңеді. Қазақстанды олар «өз Ота­нымыз» деп санайды. Ондай аза­маттар аз ғана уақыт ішінде елі­нің елеулісіне айналады. Мә­селен, Бейжіңдегі Олимпиада ойын­дарында жүлдегер атанған 10 спорт­шымыздың үшеуінің Қазақ­стан азаматтығына алғанына аса көп уақыт бола қоймаған. Олар – ауыр атлет Алла Важенина және ер­кін күрес шеберлері Теймұраз Тигиев пен Марид Муталимов. 2004 жылы Афины Олимпиа­да­сында олжа салған Геннадий Ла­лиев (еркін күрес), Георгий Цур­цумия, Мкхитар Манукян (грек-рим күресі) сынды спортшылар да өз­ге елдің өрендері. Ғасырлар то­ғы­сында алауы тұтанған Сид­нейдегі ойындарда түгелдей өз тү­лектеріміз жеңіс тұғырына кө­те­рілсе, 1996 жылы Атлантада алтын ал­қа тағынған Юрий Мельни­чен­коның көршілес Қыр­ғыз­станнан кел­генін жанкүйер қа­уым жақсы бі­леді. Олар өзге ел­де туып-өс­кен­дерімен қазақ спор­тының абы­ройын асыруға өзіндік үлес қосты. Яғ­ни есімдері аталған саң­лақтарға ал­ғыстан басқа ай­та­рымыз жоқ.
«Мұның бәрін неге тізбектеп отыр екен?» десеңіз, оған айтар жа­уа­бымыз мынадай: шетелден спорт­шылар шақырту мәселесіне де аса жауаптылықпен қараған жөн. Пайдасы жоқ әркімді бір қа­тарға қосып, бекер мал шашар болғанша, Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты секілді байрақ­ты бәсекелерде жеңімпаз немесе жүл­дегер атануға құдіреті жететін қыз-жігіттерге ғана сенім артқан жөн.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН, Айқын газети

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347