Горбачев Қазақстаннан Совет дәуірінің елесін іздеп жүр...
Қуаты әлсіреген Кеңестік империяның елесі ТМД кеңістігін шарлап жүр. Қаржы дағдарысы тұсында тұралап тұрған елдерге Ресей өзінің айбынын танытып, жоғалтқан күшін қайта жинағысы келетін тәрізді. Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда бітімі бөлек Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуге мүмкіндік алуы сондықтан да Кремльдің ішінде ұйықтап жатқан қызғаныштың қызыл итін ұлытып оятса керек. Ресейліктер ағылшын тілді баспасөз арқылы қазақтарды мүсіркеп бейнелеуге көшкенге ұқсайды.
Биыл Германиядағы қос режимнің куәсі болған қабырғаның құлатылғанына жиырма жыл толмақ. Тарихи күннің салдарын сараптап жатқан шетелдіктердің пайымы тәуелсіз Қазақстанды да шарпып өтті. Салиқалы жиында айтылған Горбочевтің сөзінің астарынан Қазақстанды ОБСЕ-ге төрағалыққа бекіткен елдерге алғыс білдірудің орнына, өкініш танытқан кейіп аңғарылды.
«Өткен жиырма жылдың ішіндегі мүмкіндігін Еуропа тиімді пайдалана алмады», - деді өткен аптада «Boston» басылымы. Батыс пен Шығыстың ынтамақтастығын қалыптастыра алмады деп қабырғасы қайысқан Горбочев аталған газет бетінде былай деп пікір айтқан: «Кеңестік елдің құрамында болған көшбасшы елдер әлі де болса, еркін экономикалық аумақ құрып, ынтымақтаса алады».

Совет одағының күйреген тұсында президент болған Горбочев 1989 жылы Германиядағы қабырға құлаған соң, Еуропа күллі әлемгі бейбітшілік пен берекенің үлгісін танытатын болар деп үміттеніпті. «Орыстар әлі де болса Совет Одағының құдіретін сағынышпен еске алады. Ресейде жүргізген зерттеулер көрсеткендей, халық Горбочевті қызыл империяның күл-талқанын шығарғаны үшін жек көреді екен. Ресейдің премьер-министрі Владамир Путин де бұл оқиғаны XX ғасырдағы ең үлкен гео-саяси өкініш деп бағалаған» дейді шетелдік басылым.
Кеңес Одағының соңғы көсемі қазіргі кезде Империяның күйреген бөлшектерін жинап, қайтадан қалпына келтіре алмайтынын ашық мойындауда. Бірақ Одақтың жүрегін құраған негізгі төрт мемлекетті еркін сауда аймағын жасауға шақырды. «Өткенге шегініс жасап, Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан арасында еркін экономикалық аймақ құру әлі де кеш емес», - дейді ол. http://www.boston.com/news/world/europe/articles/2009/05/13/europe_wasted_20_years_since_cold_war_gorbachev/?rss_id=Boston.com+--+World+news
Сонымен қатар, ол өз ұсынысын: «Бұл жайт Еуропадағы қауіпсіздікті де арттыруға себеп болар еді» деп нығырлайды. «Қасқа» көсемнің бұл тұрғыдағы ойларын түгел, Қазақстан үшін маңызды саналатын ОБСЕ ұйымына төрағалық ету алдында шетелдік баспасөз бетінен ақтарыла айтуының астарында үлкен гәп бар. Себебі, империялық айылын жимаған ел, Орталық Азияға өз ықпалын жүргізіп, қойнауындағы байлықты өз меншігі ретінде жұмсағысы келеді. Өкінішке қарай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмай отырған елдер өз ойларын Кремльге келіскен түрде емес, жеке-дара жеткізуде. Бұның бір дәлелі ретінде Өзбекстан мен Қырғызстанның бірі «көгілдір отынын» пұлдағанын, екіншісі «Манас» әуебазасын «құрбандыққа» шалғанын айтсақ та жеткілікті.
Бір қызығы осы уақытқа дейін Ресей баспасөзінде қазақтарды тікелей қаралау, төмендету оқиғалары көріне қоймаған-ды, Ресей баспасөзі көбінесе елемеген сыңай танытатын (біздің билік еселеп ақша құйып отыцрған басылымдарды қосқанда). Алайда Қазақстан Еуропаға ұмтылған сайын бірді-екілі «келеңсіз» оқиғалар қылаң беруде. Мәселен, әлемдегі маңызды оқиғаларға сараптама жасап, ағылшын тілінде хабар тарататын «NBC News Producer» сайтында «Ресейдің экономикасы сүрінгенде, ас үйіндегі қасығы үлкейеді» атты мақала жарық көрді. Мақалада дағдарыс жағдайындағы ресейліктердің ахуалы суреттелген. Айталық, Ресей шіркеулерінде тегін таратылатын тамаққа сұраныс күннен күнге ұлғайып бара жатқаны сөз болады. Мәскеудің орталығындағы Әулие Космас пен Дамиан шіркеуінің қызметкерлері мұның басты себебі жұмыссыздықтың өршіп бара жатқанынан деп түсіндіруде. Мұндай жұмыссыздардың ішінде қазақ азаматтары да бар деп атап көрсетілген. Өз елінен безіп, Ресейдің шіркеуінен ризығын тауып жүрген қазақтар мұнай мен газға бай елдің бетіне шіркеу болары сөзсіз. Қаңғыған қазақ Мәскеудің шіркеуін паналап жүр... http://worldblog.msnbc.msn.com/archive/2009/05/08/1926831.aspx
Ресей баспасөзі арқылы шетелдіктерге танылған Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық ету жолындағы атқарып жатқан шаралары өткен аптада Вашингтонда талқыланды. Осыған орай АҚШ-тың бірнеше басылымдарында Қазақстанның Еуропалық Одаққа берген уәдесіне қаншалықты адал екені сарапталды. Нью-Йорктен хабар таратқан Джошуа Кучера “Eurasia” сайтында «Астананың демократиялық ниеттері бағалануда» атты мақаласында осы жайтты тарқатып баяндаған. Қазақстан 2010 жылы аталған ұйымға төрағалық етуге таңдалынып алынғанда, Астана өз елінде саяси реформа жасауды мойнына алған. Алайда жұмысына кірісуге алты ай қалған кезде АҚШ-тың заңгерлері мен дипломаттары «Астана берген уәделерін орындауға асықпай отыр» деп үрейленуде. АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия аймағы хатшысының орынбасары Георг Крол: «Қазақстанда реформалар күткендегідей жүріп жатқан жоқ» деді Вашингтонның төрінде. Бұған Қазақстаннан барған заңгер Евегний Жовтис те қосылып, демократияға қайшы келетін мысалдарын баяндаған. Шетелге шығып, еркін көсілген Жовтистің пікірін шетелдіктер бірінен-бірі іліп алып, жария етуде. Өз кезегінде АҚШ конгрессмендері «Қазақстан демократиялық реформалар жасауда өзінің екі алып көршісімен санасуға мәжбүр» деген қазақ билігі тарапынан айтылған сөзге таңданыстарын білдіруде. http://www.eurasianet.org/departments/insightb/articles/eav051409a.shtml
Кеңес Одағы құлаған соң көптеген саясаткерлер Орталық Азияда плюралистік демократиялық құрылымдар бой көтереді деп үміттенген еді. «Өкінішке қарай үміттері ақталмады. Біреулері көп партиялы жүйені қалыптастырмақ болып жатса, келесі бір елдерде Горбачев дәуірінен де асып түскен адам төзгісіз режим қалыптасып отыр. Алайда Қазақстан аймақтағы елдермен салыстырғанда мүлдем бөлек жолмен келе жатыр», - депті Ихсан Йылмаз TodayZaman атты түрік басылымында. «Түркия Қазақстан бола ала ма?» атты мақаласында журналист Қазақстандағы қазіргі жағдай Түркия билігіне үлгі болуы керек депті. «Экономикалық, әлеуметтік, ұлтаралық және саяси дамуы жиырма жылдан аз уақыттың ішінде Түркия мен Иран, Алжирия мен Малайзиямен салыстырғанда ілкімді өзгерістер көрсетуде. Біздің антидемократтар мен әскери күшті қолдануды таңдайтын күштерге қару-жарақтан бас тартып, плюрализммен, әртараптандырумен нақтылы иедологиясыз және әрбір сенім иесіне құрметпен қарайтын Қазақстанның жетістігі үлгі болса керек-ті» дейді. http://www.todayszaman.com/tz-web/yazarDetay.do;jsessionid=6DA3C77E3D085629CC704CD3B2899BBA?haberno=175501
P.S. Өткен аптадағы шетелдік баспасөзде Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету жолындағы қадамдары сөз болды. Ресейден хабар тарататын ағылшын тіліндегі кейбір басылымдар Қазақстанды Ортақ Экономикалық аймақ құрып, Кеңестік жүйенің элементтерін қайтадан жаңғыртуға шақырды.
Мақсат АЯН