Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5039 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:48

Халықтар түрмесі

1917 жылғы Қазан төңкерісі, ұрандап келген социалистік идея қазақ хал¬қына бостандық орнына қайғы мен қасірет әкелді. Кеңес Одағының мил¬лиондаған халқы сияқты біздер де тоталитарлық жүйенің қыспағына ұшырадық. 1918 жылғы Азамат соғысындағы қырғын, 20-шы жылдардың ба¬сындағы ашаршылық, жаппай ұжымдастыру кезіндегі ұрда-жық саясат қазақ халқын тұралатып тастады. Осы зобалаңның зардабынан 3 млн.-ға жуық адамымыздан айрылдық. Осылай ес жиып, етек жинауға мүмкіндік бер¬меген тоталитарлық өктем саясаттың шоқпары тағы да қазақ даласына төнді. 30-жылдардың басында республика қарапайым халыққа қырғидай тиіп, адам тағдырын тәлкекке салған ГУЛАГ жүйе¬сінің бір айма¬ғы¬на айналды.

Тілеген САДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

1917 жылғы Қазан төңкерісі, ұрандап келген социалистік идея қазақ хал¬қына бостандық орнына қайғы мен қасірет әкелді. Кеңес Одағының мил¬лиондаған халқы сияқты біздер де тоталитарлық жүйенің қыспағына ұшырадық. 1918 жылғы Азамат соғысындағы қырғын, 20-шы жылдардың ба¬сындағы ашаршылық, жаппай ұжымдастыру кезіндегі ұрда-жық саясат қазақ халқын тұралатып тастады. Осы зобалаңның зардабынан 3 млн.-ға жуық адамымыздан айрылдық. Осылай ес жиып, етек жинауға мүмкіндік бер¬меген тоталитарлық өктем саясаттың шоқпары тағы да қазақ даласына төнді. 30-жылдардың басында республика қарапайым халыққа қырғидай тиіп, адам тағдырын тәлкекке салған ГУЛАГ жүйе¬сінің бір айма¬ғы¬на айналды.

Тілеген САДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Мұрағат құжаттарына сүйенсек, Қазақстан жерінде 1930 жылдан 1950 жыл¬дардың аяғына дейін ОГПУ-НКВД жүйесіне бағынышты 60-тан астам лагерьлер және олардың бөлімшелері ор¬наласып, мыңдаған адамның тағды¬рын тозақ отына салған екен. Ал енді осын¬шама тармақталған лагерьлер жүйенің орасан үлкен территорияны қамтып, “мемлекет ішіндегі мемлекет мәртебесінде өмір” сүргенін ескерсек, ата-қонысынан шетқақпай болған қазақ халқының қилы тағдырын көз алды¬мыз¬ға елестету қиын емес. Мысалы, Ор¬талық Қазақстанда орналасқан атақты КарЛАГ 1 млн. 780 мың гектар жерге орналасып, Қарағанды облысының үш ауданын қамтып, ондағы қолында 120 мыңдай малы бар 22 мың халықты атамекенінен ығыстырып шығарды.
Қылышын суырып, қаһарын төгіп келген тоталитарлық саясаттың төл туындысы ГУЛАГ жүйесі бір күнде, кенеттен орнай салған жоқ. Тарих бетіне көз жіберсек, қатыгез саясаттың ірге¬та¬сы большевиктердің билікке келген алғашқы кезеңінен-ақ қаланған екен. Кеңес үкіметінің алғашқы ресми құжат¬тарының бірі – 1917 жылдың 5 қара¬шасында В.И.Ленин қол қойған “Ха¬лық¬қа үндеуінде” “...Халық ісіне зиянын тигізетіндердің барлығын революциялық сотқа беру туралы” нұсқау беріліпті. Оның арты 1918 жылы ВЧК жүйесіне ұласқаны белгілі.
Әрине, кеңес өкіметіне қарсы адам¬дарды қудалау, оларды қатаң жазаға тарту сол кезде бүкіл большевиктік Ре¬сейді қамтыған азамат соғысымен, билік үшін күрестің қаталдығымен объектив¬тік қажеттілік ретінде түсіндірілуге ты¬рыс¬ты. Алайда, бұл қуғын-сүргін азамат соғысы аяқталып, большевиктік билік мүлдем орныққаннан кейін де жалғасты.
1920 жылы Германияда өткен тәуелсіз социал-демократиялық партия¬ның съезінде меньшевиктер партия¬сы¬ның көсемдерінің бірі Ю.Мартов большевиктерді жаппай террорды саяси қару ретінде қолданғандарын айыптай келіп, олардың саяси қарсыластарының отбасыларының өш алу құралына ай¬на¬лып, жазықсыз атылып кеткені туралы ашына айтты.
Азамат соғысының айбынды батыр¬ларының бірі, Кеңес Одағының тұңғыш маршалдарының ішінде шоқтығы биік тұратын М.Н.Тухачевский 20-шы жыл¬дары Тамбов губерниясындағы көтері¬ліс¬ке қатысқандарды ғана емес, олардың отбасы мүшелерін де қырғынға ұшы¬рат¬ты. Кронштадт бүлігін басу кезінде де осы қолбасшы басқарған әскерлер өте қатыгездік көрсетті. Ал, сол М.Н.Туха¬чев¬скийдің өзін де тоталитарлық жүйе құтқарған жоқ: өзі, зайыбы, шешесі, жақын екі қарындастарының бәрі 30-шы жылдардың аяғында қуғынға ұшырап, құрбан болды.
Кеңес өкіметіне қатаң қуғындау саясатын жүргізу үшін оны жүзеге асы¬ратын жазалаушы ұйымдарды жетілдіру қажеттігі туындады. 1922 жылдың 6 ақ¬панында Бүкілресейлік төтенше ко¬мис¬сиясының (ВЧК) орнына Мемлекеттік саяси басқарма (ГПУ), ал, 1923 жылдың 2 қарашасында КСРО Орталық Атқару Ко¬митетінің шешімімен Біріккен мем¬ле¬кеттік саяси Басқарма (ОГПУ) құрылды.
1924 жылдың 28 наурызында ОГПУ жанынан құрылған Ерекше кеңес (ОСО) сотсыз, жазықсыз, қудалаудың басты ұйымына айналды. Бекітілген ереже бой¬ынша жер аудару, түрмеге жабу тура¬лы шешімді Ерекше кеңестің үш мүшесі (үштік) қабылдауға құқылы болды.
1926 жылы қабылданған РСФСР-дың Қылмыстық істер кодексінде атақ¬ты 18 тармақшасы бар 58-ші бап ен¬гізілді. Оған іліккен жандар “контр¬революциялық қылмыстары” үшін 12 жағдайда өлім жазасына бұйырылды.
1953 жылдың соңында КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Н.С. Хрущевтың атына КСРО Ішкі істер министрі С.Н.Круглов, Бас прокурор Р.А.Руденко қол қойған анықтамада Ерекше кеңес (ОСО) өзі қызмет жасаған 1934-1953 жылдар аралығында 442 531 адамды соттағандығы, оның ішінде 10 101 адам өлім жазасына кесілгендігі айтылған. Н.С.Хрущевтың ай¬туын¬ша: “Пар¬тияның ХХ съезінен кейін құ¬ры묬ған комиссия Ежов¬тың Молотовқа жазған ха¬ты¬мен танысқан. Онда Мәс¬кеуден жер ауда¬ры¬лу¬ға тиісті “халық жау¬ларының әйелдерінің тізімі берілген. Молотов оған “атылсын” деген бұрыштама жазып берген. Олар, шынында кейіннен атылды. Тіпті НКВД-нің мойындауын¬ша оларды атуға ешқандай негіз болмады, яғни бұл бейбақтардың жазықсыз екендігіне ешқандай күмән жоқ еді” деп еске алды.
Міне, осылай біртіндеп қанатын жай¬ып, тармақталып келген жазалау жүйесі 1930 жылдың 25 сәуірінде бір орталыққа бағынған басқарушы ұйымға, яғни лагерьлер жүйесінің Бас басқар¬масына (ГУЛАГ ОГПУ) бірікті. Осы жылы құрыл¬ған алғашқы жеті лагерьлік ай¬мақтың біреуі Қазақстан болды. ГУЛАГ жүйесі орналасуға тиісті КСРО-ның 25 облы¬сының 7 облысы Қазақ¬стан¬ның (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақ¬стан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлесіне тиді.
КСРО басшыларының ГУЛАГ жүйесінің үлкен бір тармағын Қазақстан жерінде ұйымдастыруға тырысуының үлкен бір мәні болды. Қазақ даласының қойнауы толы қазынасын, жер бетіндегі байлығын тез арада игеру міндеті эко¬номикалық қана емес, үлкен саяси- стратегиялық мақсат болып есептелінді. Мысалы, Бүкілодақтық Халық шаруа¬шы¬лығы Кеңесі (ВСНХ) төрағасының орынбасары Г.Л.Пятаков: “Бұл аймақта (Қазақстанды айтқаны – Т.С.) тек тау-кен өндірісін ғана емес, ауыл шаруа¬шылығын дамытудың да үлкен келешегі бар”, деген болатын. Ал Қазақстанның мол байлығын игеру үшін орасан зор жұмыс күші керек еді. Сондықтан да ГУЛАГ жүйесінің торына түскен мыңдаған тұтқындардың тегін жұмыс күшін пайдалану өте ұтымды саясат ретінде қабылданды. Тұтқындардың еріксіз еңбегін пайдаланудың қажеттігін теориялық жағынан “негіздеген” Ф.Э.Дзер¬жинский болды. Оның: “Респуб¬лика қылмыскерлерге мүсіркеп қарай алмайды және оларға көп қаржы бөле алмайды. Олар өз еңбегімен өздері¬не қажетті шығынды жабуы керек, олар¬ды жолсыз, елсіз мекендерге қо¬ныстандыру керек”, деген сөздері ГУЛАГ жүйесін құрудың негізгі принципі болды. Бұл көзқарас толықтай Қазақстан жерінде де жүзеге асырылды.
Қазақстанда құрылған лагерьлердің өзіндік тарихы бар. Қайғы мен қасіретке толы мыңдаған адамдардың тағдырын тәлкек еткен тамұқ ошақтарының әлі де ашылмаған сыры, анықталмаған дерек¬тері жеткілікті. Дегенмен, бүгін де анық¬талған құжаттар мен кейбір зерттеулерге көз жүгірте отырып, сол тарихтың кей¬бір беттеріне назар аударуды жөн көрдік.
Мысалы, 1931 жылдың 17 қыр¬күйегінде Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың бұйрығымен құрылған КарЛАГ-тың тарихына көз жіберсек, лагерьдің алдында қойылған басты мін¬дет ретінде “Шерубай-Нұра және Сарысу өзендерінің арасындағы территорияны игеру және осы жерде социалистік үлгілі шаруашылықты” құру тапсырылған. Ұлы Отан соғысының соңына қарай тұтқындарының саны 40 мыңнан асқан бұл лагерьдің ірі шаруа¬шылық орны болғаны рас. 1950 жылдың басында КарЛАГ-тың әкімшілік-өндіріс жүйесінде 22 лагерьлік өндіріс бөлімшелері, 283 елді мекен, 148 өндіріс учаскелері, 168 мал фермасы болды. Тек шаруашылық орналасқан жер көлемі 20 800 шаршы шақырымды құрады. Міне, осындай күрделі шаруашылық өсімді де молынан берді. Мәселен, тек соғыс жылдары ғана лагерь шаруашылығынан 7 млн. 800 мың пұт астық, 4 млн. 600 мың пұт картоп өнімдері жиналды, астық өнімдерінің 16 жаңа түрі шы¬ғарылды. Өкінішке қарай, бұл жетістік сол кездегі саяси насихатта айтылғандай “халықтың ерен еңбегінің” арқасында емес, темір тордың ар жағында торық¬қан жазықсыз жандардың еріксіз еңбегінің нәтижесі еді. Олай дейтініміз-мұрағат деректерінде көрсетілгендей, тұтқындардың тек 10%-ы ғана нағыз қылмыскерлер еді де, негізгі құрам 58-баптың әртүрлі тармақтарымен соттал¬ған “халық жау¬лары” бол¬ды. Лагерь шаруашы¬лы¬ғының нәтижелі болуының себебі де осында: тұтқындардың басым көпшілігі нағыз еңбекші халық пен ауыл шаруа¬шылығының білікті мамандары-тын.
КарЛАГ-та тұтқында атақты селек¬ционер, кейін екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған В.Пустовойт болды. Ірі қараның жаңа тұқымын шы¬ғаруға ұсыныс беріп, үлесін қосқаны үшін А.Лапина деген тұтқын Л.Берия¬ның ұсынысымен Сталиндік сыйлықпен марапатталды, алайда тұтқыннан боса¬тылмады.
Тұтқында болған адамдардың басым көпшілігі жазықсыз жандар екендігіне дәлел ретінде Ішкі істер органдарының мұ¬рағатында жасырын сақталған СтепЛАГ-та болған атақты Кеңгір көте¬рілісі басшылардың бірі Капитон Ива¬нович Кузнецовтың баласына жазған хатындағы мына бір жолдарға назар аударайық: “Сендерге бізді (баласына айтқаны – Т.С.) қоғамға, мемлекетке аса қауіпті жау деп көрсетеді. Оған сенбеңдер. Шынында біз кімбіз? Біздің арамызда отырғандар: профессорлар, инженерлер мен техниктер, мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, генералдар мен офицерлер, солдаттар, нашар тұрмысы немесе құдайға сенгені үшін жазықты болған қарапайым жұмысшылар мен колхозшылар, әйелдер, жасөспірім жігіттер мен олардың қалыңдықтары, ең сұмдығы — шахталар мен карьерлерде, далада, қамауда үнсіз көз жұмып, бұл дү¬ниеден кетіп жатқан қарттар, мүге¬дек¬тер мен балалы әйелдер. Айналаның бә¬рінде тұтқындардың қаны сорғалауда”, – деп жазды. Оның баласына “сенің әкең кінәлі болғаны үшін отырған жоқ, жазықсыз отырғаны үшін кінәлі” деген сөзі осы жағдайға алып келген зұлым саясаттың ащы шындығын ашып көрсеткендей болады.
1934 жылдың 24 шілдесінде 58-ші бапқа толықтыру енгізіліп, “Отанын сатқандардың отбасы мүшелері” (ЧСИР) деген айдармен айыпты болған отбасы мүшелері жаппай қамауға алына бас¬тады. Оларға арнап, арнайы лагерьлер құрылды. Солардың бірі – қазіргі елордамыздың іргесінде орналасқан, тарихта АЛЖИР (Акмолинский лагерь жон изменников родины) деген атпен белгілі болған лагерь еді. 1937 жылдың 3 желтоқсанында КСРО Ішкі істер Халық Комиссариатының №758 бұйрығымен ашылған мұнда 1938-1946 жылдары 4482 әйел тұтқында болған екен. Осынау тозақ отында қуғынға ұшыраған КСРО-ның көрнекті партия, мемлекет қайраткерлерінің, ірі әскери қолбасшылардың әйелдері, туыстарымен қатар қазақ зиялыларының аяулы жарлары, ет жақындары зардап шекті. Солардың ішінде Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы С.Қожа¬новтың, РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың, Қазақ өлкелік партия ко¬митетінің бөлім меңгерушісі З.Темір¬бековтың, атақты Халық комиссары Т.Жүргеновтің, атақты жазушы Б.Майлиннің зайыптары болды.
Тоталитарлық саясаттың құрбаны болып, қасірет шеккен адамдардың бұл шамалы бөлігі ғана. Кейбір деректерге жүгінсек, 40-шы жылдардың орта шенінде ГУЛАГ жүйесінде 1 млн. 800 мыңдай адам болған екен.
Тозақ жүйесінің қаншама адам¬дар¬дың тағдырына тигізген қасіретін осы мәлі¬мет¬терден-ақ көруге болады. Ал, сол саясат¬тың аязды суығына ұшыраған Қазақстан¬ның, қазақ халқының тауқыметі бүгінгі ұрпақтың жадында болмақ. Бұрынғы АЛЖИР лагерінің орнында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық музей кешені осы тарихи шындықты ашып көрсетуде.

 

Астана.
“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406