Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3175 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:51

"Түбі мен ақталамын бұл жаладан"

МӘСКЕУДЕ АТЫЛҒАН...
Біздің қолымызға қалам алып, еш кінәсіз қуғын-сүргін құрбанына айналған аға ұрпақ өкілі жайлы ой тербеуімізге – “Егемен Қазақстанда” жарияланған белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің “Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов” (24 желтоқсан 2008 жыл) атты мақаласы себеп болды.
Жазушы зерттеу мақала¬сын¬да алты алаштың арыс¬тары – Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұр¬мақовтың 1937 жылғы 27 қыр¬күйекте бір баппен айыпта¬лып, бір күнде атыл¬ған¬дығы, олардың Мәскеу тү¬бін¬дегі Монастырь ауда¬ны атала¬тын байырғы “Дон зира¬тында” жерленгені туралы тың дерек кел¬тіре¬ді. Бұл деректерді Мәскеуде шы¬қ¬қан “Мемориал” қо¬ғамы¬ның (“Зве¬нья” баспасы) “1935-1953 жыл¬дар ара¬лығында атылғандар тізімі” кіта¬бынан алын¬ғанын тілге тиек етеді. Одан әрі қа¬ламгер: “Осыған орай “1965 – 1963 жылдар аралы¬ғын¬дағы атылғандар” кітабын¬дағы “Казахская ССР” деген тараудың да көп құпияны ашуға себеп бо¬латынын айт¬пақпыз. Мұнда сол зұл¬мат жылдарында жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған қандас¬тары¬мыз бен жерлес¬теріміздің тізімі келтірілген. Мақалада осы деректерді толық жа¬риялауды жөн көрдік. Бұл тізім хабарсыз кеткен атасын, әкесін, туысын іздеген бүгінгі ұрпаққа керек екені анық”, дей отырып, атылғандардың тізімін келтіреді.

МӘСКЕУДЕ АТЫЛҒАН...
Біздің қолымызға қалам алып, еш кінәсіз қуғын-сүргін құрбанына айналған аға ұрпақ өкілі жайлы ой тербеуімізге – “Егемен Қазақстанда” жарияланған белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің “Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов” (24 желтоқсан 2008 жыл) атты мақаласы себеп болды.
Жазушы зерттеу мақала¬сын¬да алты алаштың арыс¬тары – Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұр¬мақовтың 1937 жылғы 27 қыр¬күйекте бір баппен айыпта¬лып, бір күнде атыл¬ған¬дығы, олардың Мәскеу тү¬бін¬дегі Монастырь ауда¬ны атала¬тын байырғы “Дон зира¬тында” жерленгені туралы тың дерек кел¬тіре¬ді. Бұл деректерді Мәскеуде шы¬қ¬қан “Мемориал” қо¬ғамы¬ның (“Зве¬нья” баспасы) “1935-1953 жыл¬дар ара¬лығында атылғандар тізімі” кіта¬бынан алын¬ғанын тілге тиек етеді. Одан әрі қа¬ламгер: “Осыған орай “1965 – 1963 жылдар аралы¬ғын¬дағы атылғандар” кітабын¬дағы “Казахская ССР” деген тараудың да көп құпияны ашуға себеп бо¬латынын айт¬пақпыз. Мұнда сол зұл¬мат жылдарында жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған қандас¬тары¬мыз бен жерлес¬теріміздің тізімі келтірілген. Мақалада осы деректерді толық жа¬риялауды жөн көрдік. Бұл тізім хабарсыз кеткен атасын, әкесін, туысын іздеген бүгінгі ұрпаққа керек екені анық”, дей отырып, атылғандардың тізімін келтіреді.
Қаламгердің түйсігі алдамапты. Біз осы тізімнен әкесі Көшкіннің туған ағасы Сейдахмет Босқын¬баевтың есімін көріп, үш ұйықтаса түсіне кірмейтіндей оқиға¬ның жай-жапсарын бізге толғана отырып жеткізген еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, Райымбек, Панфилов аудандарының құрметті азаматы Сүлеймен Көшкінов ақсақал ұсынған мұрағаттық құжаттарға да ден қойдық.
Тозығы жетіп, сарғая бастаған, бірақ ұқыпты сақталған мұрағаттық дерек¬терде Сейдахмет Босқынбаевтың өмір¬баяны мен қызметі туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, қуғынға ұшырап, жазықсыз ұсталып, түрмеде отырғанда жазған өлеңдері де жақсы сақталған.
– Репрессияға ұшыраған азамат¬тардың тағдыры туралы материалдарды назарымнан тыс қалдырған емеспін. Сондықтан “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің мақаласын мұқият оқып шықтым. Бір мезетте, өз көзіме-өзім сенбедім. Жазушы келтірген тізімнің арасында әкемнің туған бауыры, Сейдахмет Босқынбаев есімі көзіме оттай басылды. Не қуанарымды, не жыларымды білмей, әрі-сәрі күйде оты¬рып қалыппын, – деп Сүлеймен Көш¬кінұлы ақсақал әңгімесін сабақтады. – Осы уақытқа дейін ол кісі туралы қаншама мұрағатты ақтардық, қаншама жерге хат жаздық. Толыққанды ақпарат ала алмай, салымыз суға кеткендей күй кешкен күндер болды. Кейін білгеніміз, 1937 жылдың 13 қарашасында жазық¬сыз ұсталып, бір жыл бойы тергеу жүр¬гізіліп, сотталған екен. Тіпті, ауызекі, анықталынбаған кейбір деректерде ол кісі 1943 жылы түрмеде қайтыс болған деген сөздер де айтылған еді. Біз қайсысының шын, қайсысының жалған екенін осы кезге дейін анық білмей келдік емес пе? Арысымыздың сүйегінің қайда қалғанын да біле алмай, міне, қаншама жылдан бері ішқұса болып келеміз. Дәл осындай жағдайда, Қоғабай Сәрсекеевтің мына жаңа дерегі біздің үмітімізді қайтадан оятты.
Жазушы мысалға келтірген “Казах¬ская ССР. 2-я категория” деген тізімде Сейдахмет Босқынбаев 16-шы болып тіркелген. Яғни, әкемнің туған бауыры Алматыда немесе Қазақстанның басқа өңірінде емес, одан әлдеқайда алыс, әлдеқайда жұмбақ жағдайда атылғанын біліп, Мәскеу түбіндегі Монастырь ауданы аталатын байырғы “Дон зира¬тында” жерленген болар деп топшылап отырмыз. Бірақ, қай жылы қайтыс болды? Бұл бізге әлі де жұмбақ. Өйткені, жазушы деректерді “1935–1963 жылдар аралығындағы атылғандар” кітабынан келтірген. Біз көз жеткізген нақты дерек – әкемнің бауырының Мәскеуде атылғаны, – деді Сүлеймен ақсақал.

“ХАЛЫҚТЫҢ СӨЙЛЕУШІ ЕДІМ СӨЗІН КІЛЕҢ...”
Халықтың сөйлеуші едім сөзін кілең,
Әлі сол – елімді ойлап, көзімді ілем.
Кеңестің қасы емес, досымын ғой,
Аман болсам танытам өзімді мен.
...Ата-анамды келеді саялағым,
Аруымды келеді аялағым.
Қалың елім түсіме енген кезде,
Шырт ұйқымнан шыңғырып оянамын.
Бұл жыр шумақтары елі-жері үшін еселі еңбек етіп, бар жастық шағын жер¬гілікті жердегі Кеңес өкіметін нығайту жолындағы қызметке арнаған, алайда, кейіннен заманның алай-дүлей дауы¬лына ұшырап, “халық жауы” деген жа¬ла¬мен ұсталған Сей¬дах¬мет Босқын¬баев¬тың болмыс-бітімін, азаматтық-қайраткерлік тұлғасын білдірсе керек. Түрмеге қамалып, жан-дүниесін мұң-нала басса да өзінің кінәсіз екендігін өлең жолдары арқылы келер ұрпақтарға аманаттап кеткен қайсар азамат – Сейдахмет кім еді?
Сүлеймен Көшкінұлы ақсақал 2004 жылы Қазақстан Республикасы Пре¬зи¬дентінің мұрағатынан алған анықтамада әкесінің бауыры Сейдахметтің өмір¬бая¬ны мен қызметі туралы мәліметтер толы¬ғырақ баяндалған.
Сейдахмет Босқынбаев 1904 жылы Алматы облысы, Кеген ауданындағы, Мер¬кі ауылында дүниеге келген. 1916 жылы қазақ ауылдық мектебін бітіреді. Кеңес үкіметін ол қуана қарсы алып, коммунистердің жалшы-еңбеккерлердің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын бастамасына молынан сенім артады. Жаңа орнаған үкіметтің жұмысына білек сыбана кірісіп кетеді. Іскерлік және ұйымдастырушылық қабілет-қарымымен танылған С.Босқынбаев “Қосшы” одағының ауылдық ұйымының төрағасы қызметін атқарады. 1927-1929 жылдары Кеген ауданындағы Торайғыр ауылдық кеңесінің төрағасы, 1929-1931 жылдары аудан¬дық Жер комитетінің төрағасы болады. 1930 жылы партияға өтеді.  1931-1933 жылдар аралығында Жер бө¬лімінің меңгерушісі, директоры қызмет¬терін атқаруы арқылы мемлекеттік қыз¬метте іс-тәжірибе жинақтап, ел алдында беделі арта түседі. 1933-1934 жылдары Кеген аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, 1935-1936 жылдары Ұйғыр аудандық партия комитетінің нұс¬қаушысы, 1936 жылы Алматы облысы, Бөрлітөбе аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарады.
Деректерді саралай келегенде Сей¬дах¬мет Босқынбаевтың көрнекті мем¬лекет және қоғам қайраткері Ораз Жан¬досовпен үзеңгілес, ел мүддесі жолында мұраттас болғанын аңғарамыз. Бірақ, 37-ші жылғы зобалаңда тасада тұрып тас ататын арызқойлар өздерінің қаскөй мақсаттарына екі арыстың жарасымды тірлігіне қара күйе жағуды шебер пай¬далана білген. Мұны түрмеде отырып жазған өлең жолдарында С.Босқынбаев:
Ораз аға, мыналарды қара басты,
Сыбайлас деп жел сөзді ала қашты.
Шаш ал десе, бас алған сұм пенделер,
Айыра алмай отыр ғой дос пен қасты,  – дейді.
Достан айырып түрмеге тоғытқанда ол былайша ой толғапты:
Түбі мен ақталамын бұл жаладан,
Жаным менің айығар кіл жарадан.
Елім үшін күндіз-түн еңбек еттім,
Басқа ойды сызып тастап ой-санадан.
Келешегіне сенімді, өз ісін бес сау¬са¬ғындай меңгерген азамат білімін ұдайы толықтыра түсуге ынталы болған. Мысалы, 1935 жылы Алматыдағы облыстық партия комитеті жанындағы нұс¬қаушылар және аудандық партия ко¬митеті хатшыларын даярлаудың екі ай¬лық курстарында оқып, білімін терең¬дете түскен. Осындай білім мен іскер¬ліктің арқасында пленум мүшесі, аудан¬дық партия комитеті бюросына кан¬ди¬дат болған. Мына бір деректерден оның бұқаралық үгіт-насихат жұмыстарына да белсене араласқанын білуге болады. Атап айтқанда, 1934 жылы Кеген аудан¬дық кеңестер съезінде ұйымдастыру және партиялық-бұқаралық жұмысты үлгілі жүргізгені, бекітілген жерде ша¬руа¬шылық-саяси шараларды белсенді орындағаны үшін оған арнайы сыйлық беріледі.

“КІМ МЕНІ “ХАЛЫҚ ЖАУЫ” АТАНДЫРҒАН?”
Өз ісіне шынайы берілген С.Бос¬қын¬баев 1926-1932 жылдары кеңес және партия жұмысын мүлтіксіз атқара жүріп, еңбек демалысын алмағанын, сондай-ақ заң аясында тиесілі курорт¬тық емдеу-сауықтыруды пайдаланбаға¬нын өмір¬баянында ашық жазады. Ұзақ уақыт дем¬алыссыз жұмыс істеу, әрине, оның денсаулығына кері әсерін ти¬гізгені де сөзсіз. Осындай себептермен Сейдахмет 1937 жылы қараша айының басында заң¬ды демалысын алып, отбасымен бірге Алматыға келеді. Алайда: “Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында”, дегендей, нақ осы кезде жаптым жала, жақтым күйемен істі болып шыға келеді. Сөйтіп, дем¬алысы жайына қалып, 1937 жылы 13 қа¬рашада Андреев аудандық партия коми¬тетінің екінші хатшысы қызметінде жүрген Сейдахмет Босқынбаев ойлама¬ған жерден қамауға алынады. Бұл ту¬ралы өзінің түрмеде жазған өлеңінде былайша сыр шертеді:
Тілеген жоқ еді ғой Отан құрбан,
Заман-ай, ақ-қарасын  қатар қырған...
Жұртымның жоғын жоқтап  жүрген кезде,
Кім мені “халық жауы”  атандырған?
Мен де бір ұлың едім  дәріптеген,
Бір еді менің жолым  халықпенен.
Біреулер “халық  жауы” десе-дағы,
Ешкімге жаулық  қылып дәнікпегем.
Арыстай азаматқа Кеген ауданында ша¬руа¬шылықтың сан са¬ласын басқарып жүр¬генінде Ораз Жан¬до¬совпен қызмет¬тес әрі үзеңгілес серігі бол¬ғаны кінә бо¬лып тағылады. Өйткені, Ораз Жандосов бұл кезде “халық жауы” болып “қара тізімге” іліккен еді. Міне, оның артынан соның кадры деген желеумен, сотты болады. Бірақ, одан кейінгі тағдыры оның отбасына, ту¬ған-туыстарына ұзақ жылдар бойы белгісіз болып келді.
Сейдахмет Босқын¬баев¬тың өз басы ғана емес, отбасы, туған-туыстары мен ауылдастары да оның жал¬ған жаламен, негізсіз істі болып кеткеніне имандай сеніп еді. Мемлекет ісіне шын берілген, жас ғұмырын қоғам мүддесі жолына арнаған азаматтың бір күнде “халық жауы” болып шыға келгеніне оны білетін ешбір адам сене алмаған-ды. Ол мына жыр жол¬дарында туған-туысына ғана емес, келер ұрпақтарға адамдығын аманат етіп айтыпты:
Амандықты айт Аяшым,  туысыма,
Еш кемшілік жоқ еді  жұмысымда.
Сейдахмет жаламенен  қамалды де,
Сеніп өткін ісімнің  дұрысына.
Өзінің жазықсыз екенін осылайша өлең жолдарына айналдырса, екіншіден, түптің түбінде, әділеттілік салтанат құрып, ақталып шығарына имандай сеніп кеткеніне мына жолдарды оқығанда көз жеткізе түсесіз:
Ақылшым Ораз аға, не десек те,
Қылығыңды саралап, ел есептер.
Ақ адамды қаралап қамағаны,
Дұрыс болмай шығады келешекте.
Арада қаншама уақыт өтсе де, еліне адал қызмет еткен Сейдахмет Босқын¬баев солақай саясаттың құрбаны болға¬нын уақыт ақтап шықты. Мысалы, КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегия¬сының 1958 жылғы анықтамасында оның ақталғандығы туралы мәлімет тайға таңба басқандай көрсетілген. Осы деректен кейін-ақ ел қамын жеген абзал азаматтың 37-нің жазықсыз құрбаны болғанын айқын аңғардық. Ол ол ма: “Әкесі үшін баласы жауап бермейді” деп ұрандаған кеңестік өкіметтің сұрқия саясатынан, жан-жақтан ұйымдас¬тырыл¬ған қуғын-сүргін зардабынан Сейдахмет ұсталғаннан кейін араға үш жыл салып бауыры Көшкін 30 жасында дүниеден озды. Екі арыстың артында аңырап қарт ата-анасы Босқынбай мен Шыныбала, асыл жарлары Аяш пен Әлия, шиеттей алты бала қалды.
“Орнында бар оңалар” деген. Бүгін¬де Мереке Босқынбаевтың, Айтбай, Сүлеймен Көшкіновтердің, Нұрбапа Сейдахметовтің де ұрпақтары бар.

“БҰЛ ТІЗІМ –  СӨЙЛЕЙТІН ТІЗІМ”
“Байқайсыз ба, өткен күндер еншісінде қаншалықты тағдырлар тоғысы жатыр, бастан неткен ауыр күндер өткен. Осы реттен де алдағы уақыттарда да бұл тақырып жалғасса игі. Оқушы қауым танысып отырған тізімдер астарында небір сыр бар, тегінде, бұл тізім жай тізім емес, сөйлейтін тізім, ұрпақтары табылып жатса құба-құп, әңгіме сонда жаңғырады”, – деп жазу¬шы Қ.Сәрсекеев жазғандай, тізім сөйлеп бергенде, жазықсыз зардап шеккен азаматтың Алматыда, тіпті Қазақстанда емес, кезінде “Отанымыздың жүрегі” атанған Мәскеуде атылып, сүйегі сонда жерленгені анықталып отыр. Жоғарыда мысалға келтірген жаңа дерекке қанық¬қан еңбек ардагері Сүлеймен ақсақал үлкен әкесінің бауыры Сейдахмет Босқынбаев жерленген Мәскеуге барып-қайтуға, көп жылдар бойы беймәлім болып келген мәселенің анық-қанығына жетіп, тапқан жағдайда марқұм жер¬лен¬ген жерден бір уыс топырақ алып, туған жеріне, ата-бабалар мәңгілік тыным тапқан зиратқа жеткізуді жөн көріп отырған жайы бар.
Биыл Алматы облысының Кеген (қа¬зіргі Райымбек), Ұйғыр, Андреев (қа¬зіргі Үйгентас) аудандарында жауапты басшылық қызметтер атқарған кеңес және партия қызметкері Сейдахмет Босқынбаевтың туғанына 105 жыл толады. Осы орайда, “Өлі риза болмай, тірі байымайды” дегендей, Отанымызда емес, Мәскеуде атылған алаш арысын ардақтап, ер есімін есте қалдыру мақ¬сатында оның туып-өскен ауылы – Жалаңашта бір көшеге есімін беріп, 60-шы жылдары ұрпақтары іргетасын қалаған Жайдақбұлақ ауылындағы мектепті Сейдахмет Босқынбаев атымен атау және басқа да іс-шараларды қолға алу – бүгінгі ұрпақтың азаматтық бо¬рышындай көрінеді. Мұндай іс-шаралар жазықсыз атылған С.Босқынбаев секілді азаматтың аты-жөнін жас ұрпақ біліп, халқына адал қызмет етудің жарқын бір үлгісі ретінде өнеге алып өсуі үшін керек екені шүбәсіз.

Нұрлан ҚАЛҚА, Алматы облысы, Райымбек ауданы.
Суретте: С.Босқынбаев  (оң жақта)

 

“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408