Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2481 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 09:07

“Алты алашқа” келіңіз!

Астанада тек қана қазақ газет-журналдарын сататын екі дүңгіршек бар.

Баспасөзге деген адам ынтасы¬ның іргетасы газет-журналдар ар¬қы¬лы қаланады. Ал сол рухани құндылықтардың жарық көргенге дейінгі қиындықтары бір бөлек те, оның оқырман қолына қалай же¬тетіні, көбімізді ойландыра бермей¬ді. Әрине, белгілі бір нүкте арқылы жазылып, күнделікті газет-журнал¬дарын қолдарына алып отырған оқырмандарды айтпағанның өзінде, қажет кезінде арнайы дүңгіршек¬терден сатып алып оқитын адам¬дарда оның қандай еңбекпен жет¬кізілетініне жіті назар аудара қой¬майтындығымыз анық. Дей тұрсақ та бүгінгі қазақ басылымдарының өз оқырмандарына жетуіне қарлы¬ғаштың қанатымен су сепкендей әрекет етіп жатқан бір сауда нүктесі жайында айтып өткеннің  артық¬тығы болмас. Ол – Астанадағы  “Алты алаш” дүңгіршегі.

Республикалық қазақ тілді га¬зет-журналдардың  барлығын дер¬лік осы нүктеден табуға болады. Отанымыздың бас газеті “Егемен Қазақстан”, “Ана тілі”, “Қазақ әде¬биеті”, “Түркістан”, “Жас Алаш”, “Астана ақшамы” және балалар басылымы “Ұлан” мен “Жұлдыз”, “Жалын”, “Қазақстан әйелдері” сынды танымал журналдар да осын¬дағы сөрелерден берік орын алған. С.Сейфуллин көшесінің бойындағы ескі базар маңында орналасқан бұл орын азаматтардың ары-бері өткендегі жиі аялдайтын жері. Сондықтан да оқырмандар мұнда ат басын көбірек бұрады деу¬ге болады. Сондай-ақ дәл осындай аталатын дүңгіршек Абылай хан даңғылы бойындағы “Жібек жолы” аталатын аялдама маңында да орын тепкен. Мұнда да жоғарыда аталған басылымдар оқырмандарын күтіп самсап тұр. Дүңгіршектердің халық игілігі үшін қызмет етуіне жан-тә¬німен беріле жұмыс жасап жүрген іскер жан Мейрамкүл Рахымбаева¬ның еңбегін айтпай кетуге болмас.
Жалпы, қазақ тілді басылым¬дардың келешегінің кемелдене тү¬суіне ықпал етуде себепкер бола¬тын мұндай жерлердің  өте қажет екендігі бізге белгілі. Жарғақ құла¬ғы жастыққа тимей, қос дүңгіршек ортасында шапқылап жүрген Мей¬рамкүлдің де мақсаты осыны әрі қарай дамытып, күн өткен сайын көркейіп келе жатқан жаңа елор¬дамыздың бірқатар жерімен баспа¬сөздің жаршысы болу екенін біз онымен болған әңгімемізде аңғар¬дық. Ол тек соған жоғарғы жақтан қолдау көрсетілсе дегенді алға тар¬та¬ды. Біз іскер жаннан қазақ тілді басылымдардың оқырмандары қандай және бұл кәсіпті кімдермен игерудесіз деп сұрағанда ол былай деді:
– Ашылғанына үш жылдай уақыт болған “Алты алаш” басы¬лым¬дар сауда орны қазір өз оқыр¬мандарын тапқан орын деп айтуға болады. Бір жақсысы газет-жур¬налдарды жас та, кәрі де оқиды. Сондықтан да рухани құндылыққа зәру барша азамат осы жерді жиі төңіректейді. Бұл мені шынында да қуантады. Түпкі ойың сауда де¬генмен де, саналы қауымның көбейе түскені қуанышыңды еселей түскендей. Алғашқы кезде расында да қиын болды. Бұл жерді оқырман қауым бірі білсе, бірі білмей әрі газетке деген сұраныстың аздығы  да жұмысымызға қолбайлау бол¬ғаны бар. Қазір шүкір, бір ізге түскендейміз. Оқырмандарға оқыту, насихаттау қажет. Менің міндетім негізінен осы бағытта өрбиді.
Негізгі жұмыстарға  өзім  жү¬гірсем, биылдан бастап қызым Сәу¬лені сатушылыққа баулып жа¬тыр¬мын. Қысқасы, біз  бұл салада отбасымызбен жұмыла жұмыс  жа¬саудамыз.
Осылай деген Мейрамкүл Ке¬ме묬жанқызы қызу жұмысына кірі¬сіп кетті. Тұрақты оқырмандардың өз газеттерін сұрап келулерінен әң¬гімеміз үзіліп қала берді. Бірақ біз бұған қуанбасақ, ренжігеніміз жоқ. Зерделі көңілмен келіп жатқан¬дарды көріп ерекше сүйсінесің.
Қат-қабат оқырманнан қолы босай қалған сәтті пайдаланған Мейрамкүл  менен кешірім өтініп, Сәулесіне қалған жұмысын  сеніп тапсырған күйі асығыс жүріп кетті. Қайда кетіп бара жатқаны айтпаса да түсінікті еді. Ол —  манағы айт¬қан “Жібек жолы” аялдамасындағы екінші “Алты алаш” дүңгіршегін газет-журналдармен қамтамасыз ету.
Даналардың бір сөзінде: “Ең бақытты адам, бос уақыты жоқ адам” деген тәмсіл бар еді. Жұмы¬сына ерекше махаббатпен беріле адымдап бара жатқан Мейрамкүлді көріп жоғарыдағы сөздердің бір кейіпкері іштей осы жан шығар деп топшыладық.

Авторы: Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.
“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407