Абай Анастасьевке атақ алып берді
Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлы ойшылы Абайды Ресей баспагерлері де дәріптеп жатыр. Белгілі «Молодая гвардия» баспасы «Жизнь замечательных людей» сериясына Абай Құнанбайұлын да енгізіпті. Кеше Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада осы сериямен шыққан «Абай» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл ресейліктердің Абайды мойындайтынының тағы бір көрінісі болса керек.
Кітап авторы – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Николай Аркадьевич Анастасьев. ХХ ғасырдағы Америка әдебиетін зерттеумен айналысатын ол 20-дан аса монографияның, мыңға жуық мақалалардың авторы, еңбектері Ресей, АҚШ және көптеген Еуропа елдерінде жарық көрген.

«Абай» кітабының таныстырылымына арнайы келген мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Абай атамыз туралы жазылған кітаптың 150 миллион оқырманы бар Ресей еліне таралуының өзі – үлкен қуаныш, ал осындай аудиторияға кітап жазудың өзі қандай жауапкершілік екені түсінікті шығар. Бұл серияның арнайы талаптары бар. Яғни адамзат тарихының ұлы тұлғалары, өмірі мен тіршілігі өзгеге өнеге болатын адам ғана аталмыш серияға ене алады. Кітаптың абайтану бағытына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Әрине, кітап туралы ойлар алдағы уақытта айтыла жатар, бірақ өз басым авторға бағыт беріп, ақылдасып отырған адам ретінде кітаптың мазмұнымен таныспын, яғни баспаға жіберілмей тұрып оқып шыққандықтан, кітапқа жоғары баға беремін», – деді.
Автордың өзі «Абай» атты кітабында ұлы ақынды адамзат тарихындағы өзге де дара туған ойшылдармен салыстыра отырып, олардың үндестігі мен ойларының ұқсастықтары бағытында зерттегенін атап өтті. Ол өзін әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар мен ойшылдардың өзара ұқсас пікірлері мен ой-толғамдары қатты таңғалдырғанын жасырмады.
Америка әдебиетін зерттеп жүріп, анау жақтағы Анастасьевтің алаштың Абайына ден қоюы, әрине, көңіл қуантады. Алайда алаш баласы орыстан басқа да халықаралық тілдерде өзінің даңқын танытар кезге қашан аяқ басар екен? Алаш ардагерлерін Анастасьевтер ғана ардақтау керек пе екен…
Ләзиза ЖАҺАНҒАЛИ, Астана
“Алаш айнасы” газеті 26 Мамыр 2009 жыл