Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2493 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 14:25

Үстінен мына көлдің құс ұшпайды…

«Қошқар-ата» уран қалдықтары қоймасын залалсыздандыру жұмыстары биыл да жалғасады
Облыс орталығына жақын жердегі «Қошқар-ата» радиациялық тастанды заттар қалдық қоймасында маңайдағы топырақты залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезегі басталып та кетті. Бұл атышулы “ажал қоймасы” өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Ақтау қаласындағы химиялық зауыттар кешенінің улы заттары және байытылған уран кенінің қалдықтары төгілетін жерге айналған болатын. Барлығы сол маңға 400 миллион тоннаға жақын адам өміріне өте зиянды зат тасталған. Міне, бүгінде сол көлдің табанындағы су тартылып, түбі көріне бастады. Оның деңгейін бірқалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін тазартылған су құйылып тұрғанымен, көлдің жұмырына жұқ болар емес. Осылай көлдің жалаңаштанған қайырынан кепкен құммен бірге улы шаң желмен аспанға көтеріліп, айналаға тарап жатыр. Соңғы зерттеулер деректері бойынша, көлдің 60 гектарлық аймағында әлі де радиациялық қауіптілік бар көрінеді. Өткен жылы қойманың ең қауіпті аумақтары темір-бетонмен құрсалып, қалың топырақ қабатымен жабылған болатын. Мұндай рекультивациялық шараға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.

– Мұндай шаралар аймақта экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрақтандыруға қызмет етеді, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы бастығының орынбасары О.Тоқжанов. – Былтыр осы мақсатқа 234 миллион тенгеден астам қаржы жұмсалса, биыл осы істерді жалғастыруға тағы 160 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінді. 30 гектарлық аймақ 75 сантиметрлік қалыңдықтағы құм, тас төселеді. Осы заттарды тасымалдау үшін арнайы жол салынып бітті.
«Уранликвидрудник» мекемесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Александр Щинкаревтің пікірінше, қазір осы қалдық қоймасының кей жерлерінде радиациялық қауіптілік сағатына 170 микрорентгенге дейін жетеді, ал жоспардағы залалсыздандыру жұмыстарынан соң бұл көрсеткіш 30 микрорентгенге дейін төмендейді. Топырақты залалсыздандыру жұмыстары үстіміздегі жылдың тамыз айында аяқталуы керек. Осылай топырақ үйілген жерлер жылдар өткен соң шөп шығып табиғи халге келеді. Залалсыздандыруды талап ететін жердің аумағы аз емес – 2700 гектарды құрайды. Сондықтан, «Қошқар-атаны» қоршаған ортаға зиянсыз орынға айналдыру үшін бірнеше жыл керек және бұл жоба жыл сайын қомақты қаржыны талап етеді.

Жақан Төлеген
«Үшқиян» газеті, 21 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377