Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3816 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:57

Құнсыздануға лайықты тосқауыл қойылған

Алматы облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы облыстағы құнсыздану үрдісін тежеу мақсатындағы жұмыстарды үйлестіруде үлкен істер атқарып отыр. Осы мақсатта тарифтер мен бағаларды тұрақтандыру жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық штабтар құрылған.
Облыс аумағында көкөністер мен жемістерді  көтере және бөлшектеп сататын 77 базар жұмыс істейді, Олардың  55-і әмбебап және біреуі коммуналдық. Сауда базарларының директорларымен өзара іскерлік қатынастар туралы келісімдер жасалып, ондағы басты пункттердің бірі ретінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне базарларда өз өнімдерін автокөлік қорабынан сату үшін орындар беру қарастырылған. Сонымен бірге жалгерлік ақыны арттырмау жөнінде де  ортақ келісім жасалыпты. Осылардың арқасында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері өз өнімдерін делдалдарсыз өткізуге мүмкіндік алды.

Алматы облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы облыстағы құнсыздану үрдісін тежеу мақсатындағы жұмыстарды үйлестіруде үлкен істер атқарып отыр. Осы мақсатта тарифтер мен бағаларды тұрақтандыру жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық штабтар құрылған.
Облыс аумағында көкөністер мен жемістерді  көтере және бөлшектеп сататын 77 базар жұмыс істейді, Олардың  55-і әмбебап және біреуі коммуналдық. Сауда базарларының директорларымен өзара іскерлік қатынастар туралы келісімдер жасалып, ондағы басты пункттердің бірі ретінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне базарларда өз өнімдерін автокөлік қорабынан сату үшін орындар беру қарастырылған. Сонымен бірге жалгерлік ақыны арттырмау жөнінде де  ортақ келісім жасалыпты. Осылардың арқасында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері өз өнімдерін делдалдарсыз өткізуге мүмкіндік алды.
Талдықорғанда «Жерұйық» атты коммуналдық базар жұмыс істейтінін бұдан бұрын да жазғанбыз. Қазіргі кезде мұнда халыққа сапалы қызмет көрсетуге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Сауда базарының жұмысына қойылар талаптар толығымен орындалған. Базарда зейнеткерлер мен халықтың аз қамтылған тобына арналған әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Облыстық мәслихат базарларда бір реттік талонмен сауда жасайтын жеке тұлғалардан алынатын салықтың құнын 2003 жылдан бері өзгерткен жоқ. Көкөніс пен жеміс сатушыларға берілетін бір реттік талонның құны  – 70 теңге. Құнсыздану үрдістерін тежеу мақсатында қолға алынып отырған шаралардың қатарында апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерін ұйымдастыру мен жол бойындағы сауда нүктелерінің жұмысын жөнге қою, автокөлік қорабының үстінен сату сынды берері мол қадамдар бар. Бұлардың барлығында сатылатын ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы басқа базарлардағыдан 10-20 пайызға арзан әрі сапасы өте жақсы.  Үстіміздегі жылы облыс қалалары мен аудан орталықтарында 269 ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткізіліп, тұрғындарға 226,3 млн. теңгенің өнімдері сатылыпты. Соның ішінде Талдықорғандағы «Жерұйық» коммуналдық базарында 15 жәрмеңке ұйымдастырылып, облыс орталығы тұрғындары 49,3 млн. теңгенің өнімдерін сатып алыпты.
Облыста жылыжайлар құрылысына өте үлкен көңіл бөілініп келеді. Қазіргі кезде 93 жылыжай салынып болып, тағы 61-інің құрылысы жүргізілуде. Жылыжайлар салуға арналған жобалар толыққанды жүзеге асса, облыс тұрғындары қысы-жазы бағасы арзан, сапалы көкөністен тарықпайды. Сондай-ақ, инфляцияны тежеу үшін халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың бастапқы құнына қосылатын сауда бағасын 5-10 пайыздан асырмау туралы 1030 меморандумға қол қойылыпты. Осындай нақты шаралар мен жұмыстар арқасында үстіміздегі жылдың төрт айында Алматы облысы бойынша инфляция 102,1 пайызды ғана құрады. Бұл кезде республикалық көрсеткіштің 102,8 пайыз болғанын ескерсек, Жетісу жеріндегі құнсызданудың ел аймақтары бойынша ең төмен екендігі бірден көрінеді.

Тыйым салулармен проблема шешілмейді
Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесіне енетін су қоймаларының ең үлкен көлемі 2650 шаршы шақырым болатын Алакөл. Одан кейінгі Сасықкөл (736 шаршы шақырым), Қошқаркөл (120 шаршы шақырым) және Жалаңашкөл (38 шаршы шақырым) де осы көлдер жүйесіне қосылады. Осылардың қатарына ең кішісінің көлемі 1 шаршы шақырымнан кем емес 539 шағын көлді қоссаңыз, көз алдыңызға сулы-батпақты аса ауқымды жүйе келеді. Жыл мезгілдерінде жыртылып-айырылатын құстарды және суды мекендейтін ұсақ аңдарды қоспағанда, көлдер заманында аса бай балық қорымен де ерекшеленетін. Қазіргі кезде ғалымдардың анықтауынша, аталған көлдер жүйесінде балықтың 22 түрі мекендейді.
Алакөл ауданындағы балық шаруашылығы –  мал және егін шаруашылықтарымен қатар тұратын, жергілікті халықтың ата кәсіптерінің бірі. Аудан экономикасында балық шаруашылығының алатын орны аса маңызды. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары алакөлдік балықшылар жыл сайын 3-4 мың тонна балық аулайтын. Алайда, тәуелсіздігіміздің алғашқы жалдарындағы бақылаусыздық пен ысырапқорлық басқа салалармен бірге балық шаруашылығының да шәт-шәлекейін шығарып, балық қорының қорғалуы мен көбеюіне кері әсерін тигізді. Соның кесірінен кейінгі жылдары балық аулау көлемі де азайып бара жатқаны байқалады. Мәселен, 2008 жылы бар-жоғы 2111 тонна балық аулауға квота берілсе, балық аулаумен шұғылданатын құрылымдар осынау өзі аз көлемнің өзін орындай алмай, 1273 тонна көл маржанын аулаумен шектелді. Сонымен бірге ауланған балықтың 90 пайызға жуығы құны төмен болып саналатын табан мен мөңке.
Үстіміздегі жылы балық аулаушы құрылымдарға бекітіліп берілген балық аулау мөлшері тіптен төмен – 1049 тонна. Соған сәйкес, балық аулайтын ұйымдар саны 22-ден тоғызға дейін азайып кетті. Тоқетерін айтар болсақ, баяғыдан балық аулаумен айналысқан балықшылар мен олардың табыстарына қарап отырған отбасыларына ауыртпалықты жағдай туып тұр.
Көл жағасындағы Қамысқала ауылының балықшылары аудан әкімдігіне арнайы хатпен шығып, жағдайға сай шаралар қабылдауды сұрап отыр. Расында, дәл бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдай балықшы ауылдар мен балық өнімін өңдейтін кәсіпорындардың барлығын алаңдатуда. Өйткені, уылдырық шашу кезеңінде сазан аулауға тйым салынса, ғалымдар ұсынысына сай 1 шілдеден бастап көксерке аулауға да тоқтам салынбақ. Бір жағынан мұндай талаптарды дұрыс деп санағанмен, мұнда балықшылар мен аудан аумағында орналасқан, негізінен көксеркеден түрлі дайын өнімдер шығаруға мамандандырылған балық зауыттарының мүдделері ойластырылмағанын дай айта кеткен жөн. Табан мен мөңке аулау балықшылар үшін тиімсіз. Күніне бір балықшы  30-40 келі балық ұстайды десек,  оның 1 келісінің қабылдау бағасы  10-ақ теңге.  Сонда күн сайын табатын 300-400 теңгені балықшы кімнің аузынан табады.
Қазіргі жағдай осындай болып тұрғында, балық шаруашылығының болашағы туралы айтудың өзі қорқынышты. Балық аулаудың мандымай жатқанының көзге бақырайып көрініп тұрған және көпшілікке беймәлім себептері бар. Солардың ең бастысы, балық қорын молайту бағытында мақсатты шаралардың ұйымдастырылмауы. Заманында балық қорғау және көбейту жұмыстарынан көл жағалағандардың ешгқайсысы тысқары қалмайтын. Оқымыстылар анықтаған мәселелер мен қоятын талаптардың барлығы қатаң сақталатын. Ал бүгінде жекелегендер болмаса, жалпақ жұрт пен жергілікті басшыларды көл байлығының барын сыпырып алудан басқа мәселе толғандырмайды.   Ертең жайлы бас қатырғылары келмейді ешкімнің. Үшарал қаласындағы балық зауытының жанында инкубациялық цех жұмыс істейді дегенімізбен, олардың жыл сайын көлдерге жіберетін 10 млн. дернәсілдерінің 1-ақ пайызы балық болып жетіледі. Қалғандары жыртқыш балықтардың жеміне айналады немесе көлге бейімделе алмай жойылып кетеді. Қапшағайдағы балық өсіретін орыннан,  жеті жүз шақырымдық қашықтықтан жеткізелітіндер де солардың кебін құшады. Сондықтан сол дернәсілдерді белгілі бір шамаға дейін өсіруге арналған тоғандар керек. Жаз бойы өсіріп, күзде қимылы біршама ширап, балыққа ұқсап қалған құртшабақтарды көлдерге жіберсе, олардың аман қалатынының саны 60-70 пайызды құрайды. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. Дегенмен осы мақсатта атқарылар жұмысқа қомақты қаржы қажет. Оған аудандық бюджеттің шамасы жетпейді. Осыған орай табиғат ананың өзі дайындап берген жергілікті жердегілерге шағын көлдерді балық өсіруге пайдаланса жаман болмас еді деген ұсынысты ортаға салғымыз келеді. Мана айтып кеткеніміздей, көлдер жүйесінде жүздеген шағын-шағын су қоймалары бар. Солардың дені балық өсіруге қолайлы болып саналатын табиғи тоғандар.
Екінші бір өзекті мәселе – гидромелоративтік жұмыстардың ұмыт қалғаны. Көктем мен күзде негізгі айдыннан бөлініп қалатын жүздеген көлшіктерде қалып қойған құрт шабақтар миллиондап қырылады. Бұл мәселені шешу де қаржыға барып тірелетін көрінеді. Сонымен бірге балықшылар әлі күнге қолданып келе жатқан Қытайда шығарылған арзанқол аулар да көл байлығының өсіп-өнуіне өзіндік зардабын тигізуде. Ондай ауларды пайдалануға тыйым салынғанымен, өз елімізде бүгінде ау-құралдардың шығаралмайтындығы, көрші елден ағылып келіп жатқан зиянды ауларды қолдануға еріксіз мәжбүрлейді. Ресейде шығарылатындар сапалы болғанымен, қымбат. Оны сатып алуды екінің бірінің қалтасы көтермейді.
Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынғанын елдің барлығы дұрыс түсінеді. Оларды алаңдатып отырғаны көксеркені аулауға рұқсат берімеуге қатысты жағдай. Өйткені, басқа балықтардан оның бір ерекшелігі ауға түскеннен соң қайта босатылған көксеркенің  95 пайызы өліп қалады. Бұл өз кезегінде көлдің тазалығын бүлдіріп, жұқпалы аурулардың таралуына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Қалай болғанда да, көлдер жүйесіндегі жылдап қордаланған мәселелерді балық аулауға тыйым салулармен жөнге келтіреміз деу құр далбаса. Бірінші кезекте балық қорын молайту мен қорғау мақсатындағы барлық шаралардың кешенді жоспарын жасап, оның орындалуын қатаң қадағалау керек. Оның қатарында балық өсіруді, гидромелоративтік жұмыстарды жолға қою сынды тез арада жүзеге асыруды қажет ететін маңызды жұмыстар бар.

 

 

Елдегі қойдың 17,6 пайызы Алматы облысында
Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылындағы Қазақтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында  «Қой шаруашылығын дамыту, қой тұқымын асылдандыру және биязы жүн өндірісін арттыру » тақырыбында облыстық деңгейдегі семинар-кеңес өтті. Басқосуға облыстың барлық аудандарындағы әкімдердің ауыл шаруашылығы жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларарының бастықтары мен бас мамандары, құт-берекені қой шаруашылғынан тауып жүрген мықты кәсіпкерлер жиналып, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласы басшыларының баяндамаларын тыңдап өзара тәжірибе алмастын 
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағдат Әлиевтің айтуына қарағанда, Жетісу жерінде қазақтың ата кәсібінің бірі болған қой шарашылығын дамытуға үлкен қолайлылықтар мен мүмкіндіктер бар. Жайылым жерлер жеткілікті, табиғи жағдай мен ауа райы да қой өсіруге ыңғайлы.  Жалпы облыстағы 14,7 млн. гектар жайылымдық жердің 20,4 пайызы шөл және шөлейтті жерлер. Сондықтан осындай өңірлерде көп күй талғамайтын қой тұқымдарын өсіру табысты болмақ. Дәл қазіргі кезде Жетісу жеріндегі 3 млн-ға жетіп жығылатын қойдың негізгі бөлігін қазақтың биязы жүнді қойы құрайды. Сонымен бірге «Арқар-меринос», «Солтүстік қазақ мериносы», «Австралия мериносы», Қазақтың етті әрі жүнді «Дегерес», «Гемпшир», етті-майлы «Еділбай», «Сарыарқа» сынды тұқымдары өсіріледі. Еліміздегі барлық қойдың 17,6 пайызының Алматы облысында өсіп-өніп жатқаны жетісулықтар үшін үлкен жетістік екені сөзсіз.
Қой шаруашылығының басы-қасында жүргендердің әңгімесіне сүйенсек, асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуды қолдауға республикалық бюджеттен 63 млн. 537  мың теңге бөлініпті. Өнімдік бағытта сатылатын қой етінің тірі салмақтағы бір келісі үшін 125 теңгеден демеуқаржы берілетін болыпты. Қарап отырсаң, аз қаржы емес, нақты қолдау деп айтуға болады.
Бүгінде Алматы облысында асыл тұқымды қой шаруашылығы мәртебесін алған субъектілердің саны – 33. Олардың арасында қазақтың биязы жүнді қойын өсіруде өзгелерге өнеге көрсетіп жүрген Ақсу ауданындағы «Николай», Қараталдағы «Нұржан», Жаркенттегі «Дәулетбеков» шаруа қожалықтары бар.  
Басты баяндамашылардан соң көпшілік алдына шыққандар да өзекті мәселенің мән-жайын ашуғаып, болашақ міндеттерді жан-жақты түсіндіруге тырысты. Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, академик Қилыбай Медеубеков, осы институттың директоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Серік Оспанов, профессор Төлеухан Садықов, «Жетісу» аймақтық қауымдастығының президенті Кеңесхан Әбділденов, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ департамент директоры Виктор Никифиров және тағы басқалар қой шаруашылығын дамытудың жолдары жайынды ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. 
Семинар-кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков қазақтың қой қадірін бір кісідей білетінін айта келе, алдағы кезде басты назардың асыл тұқымды қой санын өсіруге, одан алынатын өнімдерді алысқа арбаламай-ақ, жергілікті жерлерде тереңдей өңдеуден өткізуге жағдайлар жасауға аударылатынын жеткізді. Ғылыми-зерттеу инстиутының ғалымдары жер-жерден келген шаруа адамдарына өздері өсірген асыл тұқымды қойларды көрсетті. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар үшін Қарғалы шұға комбинатында қойдың жүнінен жасалған, тоқылған тұрмыстық заттар ұсынылды.

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282