Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Үміт пен күдік 12013 0 пікір 31 Желтоқсан, 2015 сағат 01:00

ЕЛБАСЫ "ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ" ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Абай ақпараттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұжырымдама ел Президенті Назарбаев ұсынған "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясына, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел сияқты басты қағидаттарға негізделеді. Сонымен қатар, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделеді. 

"Қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: "Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан". Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі", - делінген аталған құжатта. 

Тұжырымдаманың мақсаттарының бірі - еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін мынадай жоспар құрылған: жалпыұлттық мерекелер күнтізбесін түзу; мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту; мәдени-туристік кластерлер мен этноауылдарды қалыптастыру жөнінде жекелеген өңірлердің табысты тәжірибесін одан әрі тарату; ҚХА қолдауымен қайырымдылық пен медиацияны, сондай-ақ қоғамдық бақылау институттары ретінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерін дамыту. 

"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын оқу бағдарламаларына енгізу жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Үш тілде білім беруді енгізу мақсатында арнайы Жол картасы іске асырылатын болады, 2020 жылға дейінгі тілдерді қолдану мен дамыту, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жаңғыртылды, сондай-ақ үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шаралар жоспары іске асырылды. Қазақстандық құндылықтарды зерттеу жөніндегі жалпыұлттық орталық құрылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036