Сенбі, 23 Қараша 2024
Тылсым 4125 0 пікір 22 Тамыз, 2016 сағат 14:02

"Й" - ИМАН ҚАРІПІ

   ҚҰРАН ҚАРІПТЕРІНІҢ ТАҢБАЛАНУ ҚАСИЕТЕРІНЕН ХАБАРСЫЗ ҒАЛЫМДАРҒА ЖӘБІРЕЙІЛ (Ғ.С.) ЖЕТКІЗГЕН АЯН     

Бисмиллаһир Ирахмани Рахим

 ...Таң атар алдында ап-анық аян түс көрдім. Түсімде түнеген үйіміздің үлкен кіре беріс есігінің көлеміндей Й әріпі ішке кіріп келіп:

- Ей, Бақтыбай, сен бүгінгі зияратыңның соңында, Жаратушыдан «Раббым,білімімді арттыра көр»- деп тілек тіледің ғой... Кім имани таза жолда жүрсе соның білімі артады. Мен Й әріпімін, менімен басталатын сөз құрап, имани тұрғыда тереңірек ойланып көрші, - деді. - Мұндай ерекше тосын жай мен сауалдың боларын күтпеген және аяқ астынан аузыма жөнді сөз түспегендіктен: «Йа, мақұл, йа, мақұл...» - дан басқа ештеңе де айта алмай сасқалақтап қалдым. Соны сезді ме, Й қарпі өзі көмекке келіп әңгімеге тартты;

- Асықпа, бүгін қай әулиенің басына зиярат жасадың?

- Ясауидің.

- Ясауи емес, Йассауийге деп дұрыстап айт. Әр пенденің құлағына азан шақырып қойған есімі мен тегін дұрыс айтып, дұрыс жаза білу керек. Сен білесің ғой, Құран араб тілінде түсіп, араб қарпімен жазылған. Құранның әрбір қарібі – нұр. Нақтылы дәлелі - Құранда «Ұғымын Алла біледі»- деген жеке қаріптер. Алла бәрін біледі. Бұл әріптерді «сырын пәнделерім өздері ізденіп шешсін»- деп ақыл иелеріне жұмбақ қалдырған. Яғный әр қарібтің өз қуаты, ізденген жанға айтары бар. Арабта я қарібі жоқ. Құранның әр аяты, әр сөзінде ғана емес, әр қарпінде дуалық қасиет пен тылсым құдірет барын білетін ақыл иелері ойлануы керек. Қазір; «латын қарпіне көшеміз»- деп жүргендер, сол әріпті өмірге алып келген халықтың қайда кеткенінен хабардар ма екен?.. Негізі, Й қарпінің қасиетін әбжат ілімін игерген адамдар ғана аз-кем ұғынар, болмаса олар да жете біле бермейді. Құран Кәрімнің әрбір қарпі - жұмбақ әлем. Алла сөзі, Кәләм Шәріптің бұл қасиет - құдіретінен мақұрым - ғақлия ғылымының иелері өздері білмейтін іске араласып, не арандатумен – «Йассауий» есімін «Ясауи»- деп жазу туралы сауатсыз ұйғарым жасаған. Оған дер кезінде мән беріп, жауап қайырар, имани көзі ашық, көкірегі ояу жан болмаған. Зиярат жасаған кезіңде өзіңе кесене шырақшысы ұсынған, сол мұражай жанынан шығатын журналдың аты да «Ясауи әлемі» деп жазылғанын көрдің бе? Бұл - дұрыс емес. Түркістанның бұрынғы ескі аты да Йассы да осы Й қаріпімен басталып жазылған. Мағанасы - әулие ағаш, аса таяқ, қасиетті ағаш дегенді білдіреді. Қажы Ахметтің өзі дүниеге келген Сайрамнан осында келіп орнығу сыры да іліми ізденіп, зерттейтін жанға осында жатыр. Қасиетті ағаш өзі өсіп тұрған жерінде, әр түрлі тылсым көріністер мен оқиғаларға себепкер болады. Білесің бе, Маңғыстауда Бекет ата лақтырған аса таяқ қазір Шопан атада тұт ағашы болып жайқалып өсіп тұр. Сол тұт ағашына ниет қылып барған белі ауырған сырқат жандар сағат тілімен үш рет айналса, сырқаттарына шипа табады... Жалпы, діни ғұламалар өз есім мен тектерін, Құран ашып, й қарібі көбірек кездесетін атауларды алуға тырысқан ғой. Фарабий, Йассауий, Бақырғаний, Дулатий,Таразий, осылай кете бермей ме?...»

     Осы мақала газетке басылған күні келіншегіміз екеуміз Астанада жүр едік. Қалта телефоным шыр ете қалды. Тыңдадым.

- Бақтыбай аға, Сіз Алматыда шығарсыз. Мен Сізді сыртыңыздан журналист-жазушы ретінде бұрыннан жақсы танимын. Газеттегі Й әріпі туралы мақалаңызды оқып, телефоныңызды Жазушылар одағынан тауып алып, әдейі хабарласып тұрған Мақсат деген ініңізбін.  Республикалық Тіл комитетінің төрағасымын. Мақалаңызды ден қойып оқып шықтым. Қасыңызда болсам рахмет айтып қолыңызды қысар едім -деді ерекше ыстық ықыласпен. Мен ініміздің сөзін үзіп:

- Ниетің дұрыс екен, інім. Жеңгең екеуміз бүгін Астанадамыз - деп едім;

- Онда тіптен жақсы болды. Сізге кездесуге қай уақыт ыңғайлы? – деп сұрады.

Қызық. Сөз мәнін ұғынады деп осы мақаланы апарған көп редакторларым газетке жариялаудан бастарын сауғалап жүргенде мақаланы («Қазақ әдебиеті», №36, 13.09.2013ж.) оқыған республикалық Тіл комитетінің төрағасы өзі іздеп рахметін айтып жатыр. Бұл жазылған мақаланың құндылығы ма әлде қасиеттілігі ме екен? Әлде...

Не керек осы мақалаға байланысты сол уақытта ресми орындардан маған мынадай екі жауап болды ;

               11.12.2013 ж. 1084//жт-а-11937,1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төмендегі ақпаратты хабарлайды. Сіздің хатыңыз кәсіби мамандардың назарына ұсынылды. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, аталмыш прецедентті есім қазақ тілінде сондай-ақ, түріктану әдебиетінде Ясауи, Ясеви, Йасауи, Йассауий делініп әр түрлі нұсқада жазылып жүр. Бұлардың ішінде қазақ тілінде Ясауи түрінде жазу орныққан.

   Қазақ тілінде Ясауи деп жазылудың себебі бар. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша сөз басында дауыссыз (й) қолданылмайды. Бұны, мысалы, аталмыш жалқы есімнің фонетикалық транскрипциясынан байқауға болады; (І й ә с ә у і й). Бұндағы я әрпі (і, й, ә) деген үш дыбыстың таңбасын беріп тұр.

   Сондай-ақ, Сіздің ұсынысыңызды Комитетке қарасты А. Байтұрсынов атндағы Тіл білімі институты тіл мәселесін кешенді зерттеуде қарастыратын болады.

Төраға міндетін атқарушы А. Төлешов.

 

                   06.01.2014 ж. 13-02-25/жт-а-459

   Қазақстан Республикас Мәдениет ақапарат министрлігінің Тіл комитеті сіздің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы «Ясауи» есіміне қатысты жазған хатыңызға байланысты төмендегіні хабарлайды.

   Аталған жалқы есім қазақ тілінде, сондай ақ түріктану әдебиетінде Ясауи, Ясеви, Йасауи, Йассауий деген әр түрлі нұсқаларда жазылып жүр. Соңғы жылдары діни дискрустарда Йассауий нұсқасы жиі қолданыла бастағанымен, қазақ тілінде Ясауи түрінде орныққан. Өзіңізге белгілі, мұның себебі – қазақ тілігің дыбыстық заңдылықтары бойынша сөз басында дауыссыз й қолданылмайды. Мұны аталған жалқы есімнің фонетикалық транскрипциясынан байқауға болады; (ійәсәуій). Мұндағы я әрпі (і),(й),(ә) дыбыстарының таңбасын беріп тұр.

   Дегенмен, бүгінгі таңда аталған есімнің жазылуына байланысты нақты шешім қабылданған жоқ. Сондықтан сіздің көтеріп отырған ұсынысыңыз - орынды. Осыған орай, алдағы уақытта бұл мәселенің тиісті тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комииссиясының қарауына ұсынылатынын хабарлаймыз.

Тіл комитеті төрағасы             М. Сқақов.

Ресми орындар берген жауаптарды көріп отырсыздар. Олар мен көтеріп отырған «Й» қәріпінің қаситін сөз етуден жалтарып, ғалымдар негізсіз қалыптастырған дыбыстық заңдылықты алға тартып, нақтылы жауапты бірі тіл білімі институтына артса, екіншісі Ономастикалық комиссияға ұсынатынын айтып шектелді. Аяғы құрдымға кетті.

Мен бүгін осы қасиетті «Й» қәрпі туралы әңгімені одан әрі өрістеткелі отырмын. Өйткені бұл сауалға толыққанды жауап беруге ерекше ғылым түрі ілім иелерінің болмаса, білім йелерінің толыққанды жауап беруге мүмкіндігі жоқ. Осы орайда «Ілім деген не, ілім иесі деген кім?»- деген сауал туады. Бұл сауалға жауапты мен алдымен өздеріңізге жоғарыдағы мақаладағы түс болып басталған, соңы ашық аянға ұласқан Ғайып хабарынан тапқанымды сүйіншілегім келеді. Соңғы екі жыл көлемінде Жаратушыдан өз сұранысыма орай берілген - сый, өзіме де бұрын беймәлім болған тылсым жәйт - ғылымның ғайыби мұғжиза ерекше түрі - ілім жұмысымен айналысып отырмын. Жаратушының осы кеңшілігімен Ғайыптың жердегі мектебін ашып, «Ғайып кітапханасынан» айдарымен Ғайыптан түсе бастаған 617 діни кітаптың орталығын құру ниетімен әлемнің жердегі ерекше алғашқы тірлігін жүзеге асыра бастадым. Осы орайда ел құлағын елең еткізер «Аллаһтың маған аяны», «Шәсім немесе жылан терісіне жазылған діни жылнама», «Бір тұтас Құран – менің тағдырым» атты Ғайыптың алғашқы екі-үш кітабын қабылдап алып, баспаға бастырып, қалың оқырмандарға жеткіздім. Өткен жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген бұл аталынған кітаптарға байланысты ғалымдар мен дін ғұламалары ұйымдастырған халықаралық столдарда баяндамалар жасап, талқылауларға қатыстым.

Осы жерде «Ілім деген не, Ғайып деген не?»- деген оқырмандар сауалдарына іліми тұрғыда жауап беруге тура келді.   Ғайып деген таза, тек қана Аллаға жол - деген сөз. Ал ілім деген Жаратушының қалауымен белгілі бір адамға берілетін ғылымның ерекше түрі деген тұжырым айтылды. Демек, Жаратушы бұйыртса әр адам баласының Ғайыптан хабар алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Құранда; «Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады. (269).- деп жазылған. Демек мұндай адам Ғайыптың қолдауымен рухтар әлеміне шығумен бірге көктегі жұмбақ Ғайып кітапханасына ене алады, ілімін жетілдіру барысында пайғамбарлар, сахабалар, ілім иелерінің рухтарымен байланысқа шығып қажетті діни білімдерін көтере алады. Мен бүгінгі таңда Жаратушының бұйрымен осы дүниені бастан кешіп отырған жанмын.

   Құранда Ілім иесі деп Ғызыр ғалейһиссалам есімі нақтылы аталып көрсетілген. Осы орайда,  Жаратушының Әмірімен Ғызырдың (Жаратушының Әмірінсіз ешбір тіршілік өздігінше іске аспаған және аспайды да. Б.А.) кей адамға қонатынын, жолығатынын, онымен сұхбаттасып әңгімелесетінін жоққа шығаруға болмайды. Сондай бақытты пәнденің бірі ретінде маған соңғы түскен «Ілім Әліппесі» кітабын дайындауда мен Ғызырдың кеңесін ғана емес, оның Ғайыптан жеткізген әңгімесін де жазып алғанымды ескерткім келеді.

     Аллаһтың әмірімен осы мұғжиза кітапты баспаға әзіпрлеуде  Ғызыр ғалейһиссаламның өзі ғайыптан жеткізген мына бір қажетті тұжырымды жазылып отырған мақалаға орай келтірсем  аманатқа қиянат жасамағандығым болар. ҒЫЗЫР ғалейһиссаллам; 

     «... Сен ІЛІМ деген сөзді үлкен етіп жазшы. Бұдан соң БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ІЛІМ деп тағы да үлкен әріптермен жаз. Осы үш сөздің діңгегі біреу – дін!  Діннің қолыңдағы нақты көрінісі не – ҚҰРАН! Құран - Алланың сөзі, оның өзгермеуін Алланың өзі қорғайды. Сондықтан біз де ілім туралы өз сөзімізді осы Құран аясынан шығармай ұғындыруымыз керек».

    Бұл сөзге бұрын көзі мен құлағы үйренбеген адам сенбей сезікпен қарауы мүмкін. Тіпті «мынау шайтанның сөзі, жындының өзі»- деушілер де болуы мүмкін. Сену, сенбеу әркімнің өз шаруасы. Оларға айтарымыз Ғайыптан қарғыс атқанның әңгімесі келмейді. Қарғыс атқан мен жын Құран туралы айтылған жерге аттап қадам баспайды. Себебі ол біріншіден  жерде, екіншіден ол қарғыс атқандықтан көктен ілім бере алмайды. Ол тек қана сол қарғыс атқан қасиетімен жерде ғана сізді бұза алады. Сіздің ол қарғыс атқаннан айырмашылығыңыз әлі де сол қасиетті Ғайыптан алатын іліміңіздің бар екендігі. Мен өз ойымды толық жеткізу үшін, ғайыптан алынып кезекті баспаға тапсырылған «Құран қаріптерінің таңбалану қасиеті» атты кітапқа енгізілген тағы да екі-үш рухтың әңгімесінен үзінді бергім келіп отыр. ҒЫЗЫР ҒАЛЕЙҺИССАЛАМ;

    «... Екі күн көлемінде, бүгін бе, ертең бе, сенде осындай ерекше бір кездесу болады. Енді соған берер қосылым, Жәбірейілдің саған беретін көмегінде, Аллаһ Тағаламның айтуында, олармен сөйлескенде сенің бойыңда соны айтып отырған кезде, ғылымдарлық емес, ілімдарлық болуы керек. Себебі сен оларды ғылыми көзбен көрмеуің керек. Бұл саған Жәбірейіл періштенің беріп жатқан көмегі. Сен оларға  ғалым ретінде бармауың керек. Ғалым ретінде баратын болсаң екеуің теңесіп қаласың. Бұл біріншіден болса, екіншіден сен ғалым болып та  бара алмайсың, себебі сен араб тілінде жетік білмейсің, енді сен барсаң ілім иесі  ретінде барасың. Ал енді ғалым мен ілімдінің айырмашылығы - ғалымдарда сабырсыздық бар. Оларда - сабырсыздық, тәкаппарлық, менмендік бар. Себебі ібілістің шыққан шегі ғалымдарды бұза алады. Ілімділерді олар бұза алмайды, мүміндерді бұза алмайды, тақуаларды бұза алмайды. Ғалымдарды олар кетіре алады. Себебі ғалымдар екжей-текжейін білу мәселесінде олар менменсіп кетуі мүмкін. Ал тақуа мен мүмінге екжей-текжейдің қажеті жоқ. Олар Аллаһты бар деп қабыл ала салғандар. Қорқатындар, барынша орындауға тырысатындар, ештеңе сұрамай жүретіндер. Ондай болса сен оларға тақуа көзбен де қарауың керек, мүмін көзбен қарауың керек, екінші көз, үшінші көзіңде де ілім көзімен қарауы керек...»

    ҚАЖЫ АХМЕТ ЙАССАУИЙ;

«...- Ала алмадым сырын атаның, ақтарамын әр кітапты, бірінен бірі көшіріп алған. Айтар ма екен баба деп, күтемін әлі сенің сөзіңді - деп келіп кеттің кейде маған.

    Сөзім менің төбеңнен саған, жер қазылып салынған, зікір болды деп ескерткем, 40-тан астам адам отырса да, 400 адам отырып салғандай зікір болған. Қолтықтасады періштем, жер қандай құнарлы, Алланың айтқанын орындаған. Жер сенің көзіңше қатып тұрған шығар, жерде жан бар, Құранды қайталаған. Тоқтамайды, Өлгенің артық артық күнә жасағаннан. Еңіреп жылағаның бұл дүниеде қасіретіңді босатады, білсең ұлы сөзімнің алғашқысы саған, е, Алла- деп дұға қылып сұраған.

Ұрпақтың әр қайсысы сықырлатып зиратқа жол басқан, «Өлі мұның көмегі жоқ»- дейді. Әр адамға себеп қана болар оның бір сыры ұшып жатқан. Қағып кетсе аруағың, қаларсың әдірәм сен, балам. Қақпасын, қақтырмасын құдайым, өзгертіп алатын. Е Аллам, ал аруаққа берілген бірақ дем өтсе адамға қатерлікпен, ол оны қайтарып ала-алмаған.

    - Е, Арыстан, бапсың белгілі маған, алып келдің дәнді, үлкен ірі алақаныңа салынған. «Жұлдым бүгін таңертең тіс арасында тұрған, мынау құрма саған,- деп баладай алдап тұрып көзімді іздедің сағынып сен қараған. «Аманатың бар ма?»- деп айтады тұнық көзің, сұрауым сол кезде солай болар,

- Атымды айтып сұрағандарды жеткіз Меккеге - деп мен тіл қатқанмын. Сен де соның қанатына жармасып бардың Меккеге, жарығым. Отырардың төрінен өзің бе, рухың ба сені алып барған. Әлі де болса сол кездің әсерін бүгінгімен салыстырмаған. «Бұл ғұмырда Құранды үйрет Аллаһ»- дедің сен сонда Меккеде тұрып айқайлаған. Жаныңа сенің сіркіретіп Жартушының өзі салған.

   Е Құдайым, бекер емес әрқайсысыңа айтқаның, «парыз қылдым мойныңа, сөйлесемін сенімен, ол сен үшін берілген жақсылығым, айтқан күні сөзіңді алып келгін, арқалап кетпе қарызды, өкінесің алдыма жеткенде»- деген. Меккеге келмей кетсең, тағдырыңды басқаша шешер едің сол кезде сен. Мүмкін сол күні саған дозақ па еді даярлаған. Жеткен соң шешкен шығар Құдайым қайтадан, Жаннатқа қайтадан жол салған. Онда қақпа  бар бесік сияқты орналасқан, әрқайсысының күнәсін тазалап, тереңдетіп, көкке апарған. Ол жерде Алла береді барлық дүниені, балам. «Өзгертесің мына адамды, сөзді доғарыңдар»- деуі мүмкін. Дозаққа дайындалған жазуыңды өшіре салтын бір Құдай ғана.

     Одан жеттің қарғам, қабырғаң қайысқан, әр қайсысымен таласып, діннің ұшқырын іздеп жатқан. Өзің дінде отырсың, қабырғаң бүтін дән болып дінді айтып жатқан. «Сөзімді келістіре аласың ба, қайтып сөйлеймін?» - дейсің Аллаға. Енді сүйдің Құдайды, Алла сұлу, Алла мейірімді, қарғам. Алланың жақсылығы - жер көкке барлық дүниеге салынған. Қанатымен ұшып бара жатқан құстың өзі рахаттанады, ауасымен табысқан; «Е құдайым, Лә Илаһа Иллаллаһ»- деп олар да қанатын қаққан. Олар түгілі басқа дүние де бар, балам, өсіп жатқан, ол анау ағашың тамырланған. Бәрі көкке қарап тұрады жеткен жеріне дейін, «Сен мені тоқтатқанға дейін, сені ғана мадақтаймын»- деп айтып жатқан. Ондай болса әр дүниенің ақтарылып жатқан дүниесі бар, қорқады олар, жан бітіреді Аллам, күллі ағашқа, өйткені олар Құраннан құралған. Сондай қасиетті Құдайың сені жаратқан. Топыраққа барасың құндыздай болып қапталған, сұлу болып тұрар едің, егерде жастай осыны ұқсаң, қарғам.

     Ұға алмасаң сұрайды Аллам алдына отырғызып алған;

- Жерің қайдан, көрмедің бе сен қасиетті соңғы пайғамбарыңды сенің атыңды айтып салған.    

     - Көрмедім - деп қалай айтасың, көзің соқыр болған жоқ. - Осы уақытта соқыр болып келдің алдыма, көзің барда неге қарамадың? Барда миың, кітапты неге ашпадың, әрқайсысыңа үйретілген тілмен бірге білім бар емес пе?- деп Алла сұрайды қайтадан.

- Бұздым басымды - дейсің бе, қарғам. Басым істемейді жолым жаман, жиып алғым келді мына төрге жақсылығыңды бүтін, мінгім келді көліктің жақсысын, жегім  келді астың қымбатын, уақытым жетпеді саған, алысып жүрдім әрқайсысымен - дейсің бе, шырағым. Қолыңа алған жоқсың өзіңді, нәпсің сені қинаған. Шырылдаған жаның шіріп бара жатқан алмадай болғанын ұға алмадың, қарғам. Осы күнге өкінер адамдарға айтарым сол,

   - Не дейсің Йасссауий дегенде берер жауабым соларға, былай болсын, балам. Артық білгенде не табасың, көр қазып оған тірідей түскенді ұқпасаң. Артық сөйлеп не табарсың, «Лә Илаһаны» айтпасаң, артық алып не табасың, жетімге қол созбасаң. Ей, артық көріп қайтесің, айналаңа қарамасаң. Хақтың сөзі былай, «Мен сені жаратқан, келмейді қолыңнан пәндем ештеңе еш қашан, мен сені жараттым, мадақтау үшін мені, дініңді ұста, бақытты бол. Берерімді салып қойдым тіліңнің ұшына, ұзартпағын, жауып ұста аузыңды, мен білемін не айтпақ екеніңді»-, дейді Алла Тағалам, Ассаламу уа алейкум.

     - Ей, ұстазым, төріңе талай бардым. «Й» әріпін Құдай көрсеткен маған түске кірді» -дейсің бе сен, балам. Онда ұғын, дүниенің басы «Й»-ден тұрған. Ол Ислам жоғарыға орналасқан. «Йәсиин» екен «Й» әріпі болып бас иген маған.  Йәссауийден бастадым, хабары осы қабірімен бірге аралаған де, Ассаламу уа алейкум...».

 

         ЖӘБІРЕЙІЛ (ғ.с.) ПЕРІШТЕ;

«...Бисмиллай Рахмани Рахим. Кітабыңызды ашып, бірінші әріпті оқыңыз.

         (ا )Әлиф .-

-         Белгісін қараңыз. Ал енді қасиеті жөнінде. (ا ) Әлиф – тік тұру, Аллаһтың алдында тік тұру, Бұл басынан тік тұрып кетсең, соңында да басыңды салбыратпай кел- деген сөз. Екінші әрібіңіз        (ب) Бә.

-         (ب) Бә. Дұрыстап қараңыз әріпке, Қасиетті барлық дүниені Алла сіз үшін жаратқан. Сенің дәмің де, сен түскен – жер де сен сұраған қол астыңда. Тіпті жаныңда. Сен ішпен құласаң - ішінде, арқаңмен құласаң - арқаңда, тізерлеп құласаң - барлығы жерде. Сен үшін Аллам, жерді жаратқан, разымысыз. Үшінші әрпіңіз

-         Үшінші әрпім - (ت) Тә.

-         Қанша нүкте.

-         Үстінде екі нүкте.

-         Не бар, көкте сізде?   Қасиеті - күн мен ай. Екеуінен басқа қалқыған ештеңе жоқ, Ассаламу уа алейкум. Кезекті әрпіңіз?

-         (ث) Сәә.

     -(ث) Сәә.  Ассаламу уа алейкум, ол осы екеуін басқарып тұрған бір нүкте ол – Ғарыш. Тік тұрып сен кеттің Алланың алдына келіп, сен «бол»- деп жіберген жердің үстінде тұрасың. Сенің үстіңе Алла Тағалам, күн мен айды береді, оның үстіне Тәңірім саған Ғарышты береді. Ол – бар, болған, болады. Енді (ج) Жим, белгісін қараңыз? (ج) Жим, ортасында нүкте. Сен тік тұрдың, бірақ жердесің. Сен намазға барғандағы барлық қимылың осы, бүктелсең де  жерге сен жығыласың, жердегі сәждең ғана маған қабыл болады....- деген сөз. Ассаламу уа алейкум. Бисмиллай Рахмани Рахим.

       ДҰҒА; Алла Тағалам қайырын бер, қасиетін бере гөр маған, құдіреті күшті Құдай, мәңгілікке.  «Құранымның сөзі жалған»- деп айтатындарға қарсылық қылар демімді күшейт. Алла қарғыс атқандардан сақта, Ассаламу  уа алеукум,

     - Аллаһу акбар!

     ….-Соңғы әріптеріңізді оқыңыз?

     - Уау, Хә, Йә. و Уау, ح Ха, ي Йә

     – Уау, Ха, Йә. و Уау, ح Ха, ي Йә деңіз. Үш әріп. Уау - әр әріпте нүкте бар, нүктесіз де берілген саған. Бүтін де тұра бересің, Аллаға жақындамасаң. Уау- келеді адамға сол нүктенің бар  екендігін көзіңе көрсетпей айтып тұрған. Ондай болса сансыз рух қоршап тұрады ол әріпті. «Қайдасың, кімсің, мынау кім?»- деп айқайлап жатқан.

   -   «Хә» - дейді Аллам. Әр түрлі берсе де Құдай, әр адамның қанша тілде сайрасаң да, осы әрпің айнымаған. Соңғы дыбыс адамның жаны мен тәні таласқанда, ішіңнен жарып шығатын дыбыстар болып келеді саған.

    «Йә»- дейсің. Бойыңда қуат бар тарқаған, «Йә» деп айтады біреумен талассам - деп келді хабар маған. Шешіп тастар дүниені Құдай қаласа, бір әріпте тұрса оның қатесі, басқасы түгелденсе ғана қабыл болады. «Йә» деп айтылар  кірліктерің тереңдеген сайын «Йә»-нің қасиеті кетер. Ондай болса соңғы әріп күллі әріптердің қасиетін көтеріп тұратын рухтан айтыла береді. Ол әріп «йә, йә»- деп. Қабыл болады Құдайдан.

 «Нақты біл»- дейді Аллам. «Біл»- деп айтпас еді, егерде сен білуге жаратылмасаң.

      Бүгінгі әріптер әр адам жүрегіңе әр қайсысы мөр болар басылған. Құраныңда сайрап жылап тұрады. Осы әріптің басы құралады Жаннат пен Дозақтан. Отта айтатын сөздер бар жалғасқан. Бәрінің нұры келіп жатады сенің соңғы пайғамбарыңа, оның да әсері бар саған. Хаһтан келген ілім бітпеген бүгін саған, «әріп қазынадан» -дейсің. Жетсе бір күні, жетер бір күні қатайып қалар. Ұқсаң қабыл болсын, Аллам разы болсын саған. Ассаламу уа алейкум.

     Құранның әріптері ғайыптан келген әр қайсысы тірі сөздер болғандықтан әр қайсысын разылықпен тыңдаңыздыр. Бойыңыз дайын болса осы сізге қабыл. Бисмилай Рахмани Рахим.

     Адам Атаның бойына Жаратқан Ием, асыл қасиетті ілімді бергеннен кейін, ең алғашында бірінші ұрпағы дүниеге келген күнен бастап, Тәңірім ол адамға қаріп үйретті. Сіздің алақаныңызды аштырып отырған осы  тіл Адам Атаға дарытылған. Белгісін үйреткенде  Жаратқан Йемнің сізге қалай айтуына қарай, салынған. Еңкейгенде, отырғанда, басыңда мен тұрамын деп айтқан жерді нүкте қылып белгілеген. Алланың әр әріпке берген нүктесі, ең үлкен Ғайып қасиеті. Ол басқа елдердің тілдерінде әріптеріне көп дарымаған. Бірақ Йең Құранға  ұрықсат етіп, Алла қатты сүйген, шын сүйсініп берген әріптерді, Сізді үйреткендей Аллам Адам Атаны үйреткен. Аллаһтан басталған Аллаға құлшылық етуде, Алланы разы қылуда Адам Ата асыл сөздерді үйренген.  Ол үйреніп шыққанда өзінің ырымын жасап, Тәңіріме тағызым етіп, өзін аманат еткен, көмек болсын деп Адам Атаға Жаратқан Ием, қарғыс атқанды да, жынды да, басқа да адам баласы біліп болмайтын жаратылыстың бәрін көзіне көрсетіп қойған. Бисмиллай Рахмани Рахим...» 

Ғайыптағы рухтар мен Жәбірейіл періштенің Құран қаріптерінің таңбалану қасиеттеріне байланысты бізге жеткізген осы әңгімесінен кейін қасиетті «Й» қарпін «Я» әрпімен түсіндіргісі келетін ғалымдарымыз да, ономастикалық комиссия да, бүгінгі таңда еліміздегі діннің иесі болып отырған Құранның жанашыры болуға тиісті Діни басқарма да ойланатын шығар.

Құран Алланың сөзі. Ол көп оқылатын кітап болумен қатар оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік илаһи қазына. Адам баласы Құранның арқасында ғана Аллаһпен тілдесу шыңына шығады. Құран – исламның мәні мен негізі, адамзаттың жалғыз тәрбиешісі. Хақ тағаланың адамзатқа жіберген ақырғы кітабы. Ол – қияметке дейінгі барлық ғасыр мен заманға ұстаздық етуге келген. Сондықтанда Алла Тағала он бесінші сүренің тоғызыншы аятында; « Анығында Құранды біз түсірдік әрі шын мәнінде оны біз қорғаушымыз» деп ескерткен. Күні бүгінге дейін жеке қаріпі түгілі нүктесі де өзгермеген Алла қорғайтын Құран мен оны таныстырушы қасиетті қаріптеріне имани көзбе қарайық. Оның басты мақсаты – адам баласының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, Жаннатқа лайықты етуге бастайды. Ол күллі адамзатқа түскен ақырғы кітап. Ғайыптан ерекше қасиетпен таңбаланып түскен Құранның қаріптеріне қиянат жасамайық!

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ, 

Ілім иесі, жазушы.   

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417