Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4751 0 пікір 13 Мамыр, 2009 сағат 21:33

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Текті
 
Мұғалім…
Бір кезде арабтан қазаққа көшкен осы бір аяулы атау құлағымызға қалай естілуші еді. Ол кезде «Мұғалім» деген ең қадірлі есім, ең қасиетті сөз еді. Қоғам оған өте зәру еді. Бүкіл бір ұлыс пен ұлт, ұрпақтың көзін ашып, көңілін ояту тек сонын ғана маңдайына жазылған еді. Көз алдыма Мәкен мұғалім, Қапан мұғалім, Күлмайра мұғалім, Төлтәй мұғалімдер елестейді… Бір неше буынның ұлағатты ұстазы болған Алаштың ару қызы Ләззат Бәйішова бүгін 80-нің сенгіріне шығып отыр.
Бүгін ол қандай ойда отыр екен? Бір кезде өзі дәріс тындаған ұлы Мұқтар Әуезовтың ақ мандайы жарқырап, аудиторияға кіріп келе жатқан кезі көз алдына елестеп, төрінде Алашорданың орны үңірейіп тұрған азалы елін көріп, көңіл күпті болып отыр ма: атам қазаққа Алашорда мен Азаттық егіз ұғым еді ғой. Алашорда тақтан түскен күні Қазақ аттан түсті: әлі күнге дейін ер тоқымын бауырына алып, көрінгенге көз түрткі болып келеді!

Әлде, қазақ әдебиеті мен орыс, әлем әдебиетінің тареңінде жүзген қарт Чеховтің Горькийге айтқан сөздерін ой таразысынан өткізіп, алаң ойда отар ма екен: «Шіркін-ай!-демеп пе еді ол қинала мұң шағып,--орыс деревнясына ақылды, білімдар мұғалімнің қаншалықты қажет екенін сіз білесіз бе? Ресейдегі деревня мұғалімдеріне ерекше жағдай жасау керек! Ел—жұрты жан-жақты білім ала алмаған мемлекет жаман кірпіштен қаланған үйшік сынды тас талқан болатының ескерсек, оған бүгіннен бастап қам жасауымыз керек. Мұғалім деген--өз ісін жанындай жақсы көретін артист немесе суреткер сынды болмас па: ал, бізде ол қайдағы бір қара жұмысшы секілді жөні түзу білім алмаған біреу; деревня балаларын оқытуға бейне бір жер ауып барған кісідей сыңай танытады. Ол—аш, еңсесі түскен пенде, күні ертең бір үзім нансыз қалам ба деген үреймен күн кешіп жүр. Ал шын мәнінде мұғалім деревнядағы мандай алды тұлға болуға тиісті, елдің барлық көкейкесті сауалдарына жауап қайтара алатын ұстаздың бойынан басқа жұрт ерекше күш қуатты сезініп, оған айрықша ілтипат құрметпен қарауы керек-ті. Оған дәл біздегідей, көшедегі көрінген пенде, лапка байшыкеші мен поп, старшина мен шенеуік айғай салмауға тиіс қой… ».
«…халықты тәрбиелеу—мандайына тағдыр талайымен жазылған осы адамға (мұғалімге), халықты қасиетке үйрететін кісіге, бақыр тыйын төлеу—барып тұрған тағылық емес пе?! Мұндай киелі кісілердің жүдеп—жадап, сыз шалған мектептерде суықтан қалтырап, 30-дан аспай құрт айруына шалдығуы көрер көзге ұят емес пе?!.» (А. Чечов).
   Ол қазір қандай ойда отыр екен…
Ләззат Бәйішованың болмыс бітімнің бер жағында Қасым мен Мәди тұр, арғы жағы—түпсіз терең мұхит: Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан мен Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков, Абайдың нағашы жұрты—Қаздауысты Қазбектің елі. Алаштың азаттығын Ақ патшаға аманаттаған Қарқаралы Петициясына осы жерде қол қойылған. Ләззат апайдың ізгілікті көргенде жаны қалмай құрақ ұшып, зұлымдықты көргенде өз отына өзі өртеніп кететіні—содан!
«Орталық Қазақстанға» «Кейкі баһадүр» атты поэмам жарияланғанда сол кездегі облыс прокуроры, қазіргі Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Серік Ақылбай сол жырды іле-шала бір жинақ қылып шығарып, тұсау кесерін жасап еді. Заң қызметкері мен қазақтың қара өлеңінің арасында қандай байланыс бар деп ойласам, Серағаңа поэзиядан дәріс берген Ләззат апай екен! «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген—осы.
Өмір бойы Абай мен Әуезовты пір тұтқан Парасат Падишасына жырдан шашу шашайын:
 
Өмір сүріп келеміз, өмір сүріп,
Бас та быт-шыт, жүрек те, көңіл сынық.
Өзімізді өзіміз өлімші ғып,
Өмір сүріп келеміз, өмір сүріп.
Алдымыздан жарқ етіп көрінші, үміт…
 
Бекежандар жол тосқан Қособада,
Қоныс тойын жасады осы арада.
Секс келіп төсектен айдап шыққан
Махаббат тұр…Боздап тұр босағада!
 
Базар болар бар ма құт мекен бізге?
Поэзия! Дүние тар екен бізге.
Жүр, ұшайық аспанға қол ұстасып,
Мына жақта орын жоқ екеуімізге.
 
Күн түспей тұр гүлге де, ағашқа –нұр,
Кел де пәле-жаладан аласта бір:
Кел, ұшайық аспанға, Алладан бір
Қуат алып қайтайық Алашқа бұл.
 
Кел, ағызып құрғаған өзендерді,
Көрсетейік көзіне гөзелдерді.
Ана сүтін емгендей, Алашқа бұл
Абай рухын емізер кезең келді…        
 
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341