Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3609 0 пікір 13 Мамыр, 2009 сағат 21:38

Жаңа кен орыны табылды

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Рожков ауылының тұсынан мұнай табылғандығы жөнінде БАҚ өкілдеріне облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады. Мамандардың болжамына қарағанда, жаңа кен орнының шикізат қоры өте бай көрінеді. Оның сапасы Чинарев кеніндегі шикізаттан бір кем түспейді екен. Мұндағы мұнай мен газдың аса қуатты ағыны 14 маусым күні төрт мың метр тереңдіктен атқылып шыққан. Облыс басшысының сөзіне қарағанда мұнай құрамындағы күкіртті сутегінің мөлшері 0,5 пайыздан аспайды. Ал Қарашығанақ кеніндегі күкіртті сутегінің мөлшері 6 пайызды құрайды.
-Күкіртті сутегі мөлшерінің аз болғаны жақсы. Былайша айтқанда, жаңа ашылған кен орнының зиянды әсері мен аймақтың экологиясына тигізетін зардабы мүлдем жоқ деген сөз. Бұл Кен орны болашақта облыс бюджетіне қосымша қаржы құйып қана қоймайды, жерлестеріміз де көптеген жаңа жұмыс орындарымен қамтылады,-дейді облыс әкімі.
 
Балық және халық

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Рожков ауылының тұсынан мұнай табылғандығы жөнінде БАҚ өкілдеріне облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады. Мамандардың болжамына қарағанда, жаңа кен орнының шикізат қоры өте бай көрінеді. Оның сапасы Чинарев кеніндегі шикізаттан бір кем түспейді екен. Мұндағы мұнай мен газдың аса қуатты ағыны 14 маусым күні төрт мың метр тереңдіктен атқылып шыққан. Облыс басшысының сөзіне қарағанда мұнай құрамындағы күкіртті сутегінің мөлшері 0,5 пайыздан аспайды. Ал Қарашығанақ кеніндегі күкіртті сутегінің мөлшері 6 пайызды құрайды.
-Күкіртті сутегі мөлшерінің аз болғаны жақсы. Былайша айтқанда, жаңа ашылған кен орнының зиянды әсері мен аймақтың экологиясына тигізетін зардабы мүлдем жоқ деген сөз. Бұл Кен орны болашақта облыс бюджетіне қосымша қаржы құйып қана қоймайды, жерлестеріміз де көптеген жаңа жұмыс орындарымен қамтылады,-дейді облыс әкімі.
 
Балық және халық
Орал қаласының орталығындағы аялдамадан түскен бойда көретінің-алдыңда үлкен қағаз картон қорапқа салынып балық сатылып жатады. Сазан, карась дейсің бе? Және оның шыбынын қағып тұрып сатып тұрған адам айқайлап қояды: «балық аламыз, өте дәмді. Халыққа да ептеп таң қаласың, шаңның астында тұрғаны аздай, шыбыны да аз емес сол балықты шіліңгір шілде уақытында да жұмыстан қайтқан біреулер алып жатады.
Балықты бәріміз де жақсы көреміз, сол үшін орталық базарға баруға, балық үлестіріп у-шу болған жерге келуге тура келеді. Қазір балықтың бағасы қымбаттау, сазанның келісі-250 теңге, карась-100теңге. Өткенде бір жағдай болғаны рас, үлкен-кіші базарда балық толып кетті, адам қызығатындай болып жарқырап жатқаны, бағасы да арзандап… Бұ не қылған кеңшілік деп ойлап қалсақ, бір түнде Шалқардың балықтары қырылып қалған екен (жер сілкінгеннен кейінгі оқиға). Бақсақ, бақа екен демекші, сол өлген балықты сезіктенгендер алмады, білмейтіндер алып жатты. Балық базарын да аты базар демесең, балық сатуға соншалықты қолайлы жер дей алмас едіңіз, бірақ, сырта шаңның ортасында, қайсыбірде жерде сатылып жататын бұрынғы жағдайынан анағұрлым шүкір. Айтқандай, бізде балық дүкені де бар, жолымыз түсіп кіріп шыққанымыз бар, бірақ, мұздатқышта қашаннан жатқаны белгісіз шалқардың балықтары тәбет шақыра қоймады. Халық балықты дүкеннен емес, базардан алғанды тәуір көретіні ғой.
Сонау кеңес кезінде одақ көлемінде балығымен аты шыққан облыстың бірі біздің облыс, қызыл балықтан кенде демесең, әлі де көршілердің балығы бізден болып отырғаны рас. Бітік су қоймасы-облыстағы ірі қоймалардың бірінен саналады. Биылғы жылы тендерден кейін оны «Урал-Каспийдің» қарамағына бекітіп берді. Бүгінде онда тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Өткен қыс табиғат қорғаушылар үшін аса мазасыз болған жайы бар, су қоймаларында қатты аяздарда күрделі жағдай қалыптасып, балықтар ауа жетпей қырыла бастаған. Жаз да өте ыстық болды, су қоймалары кеуіп, кішкентай балықтарды ұстап алып үлкен суларға жіберу қажеттілігі туған. Бұрын балықшылар Ресей үшін көбірек жұмыс істейтін, көлдің балықтарына сұраныс жоғары болғанымен қағазбастылық, кедендік тексерулерден талай рет балық ысырап болып, балықшының еңбегі еш кетті. Заңды түрде шекарадан өту үшін балықты алады да оның анализін жинайды, анализді және басқа да толып жатқан құжаттарды алып Астанаға жібереді, бір аптадан кейін барып олар рұқсат беруге тиіс. Рұқсат қағаз тек бір айға ғана жарамды, әрбір отыз күн сайын оны растап отыру керек. Бұл Қазақстаннан шығарудың амалы, енді Ресей жақ балық қабылдауға рұқсат беруі керек, ол үшін ол жақтан біреумен келісім-шартқа отыру керек. Ол адам қағаздарын Мәскеуге жіберіп рұқсат алады, сосын барып апаруға болады. Анабір көп балығы болмаса, он тоннаға дейін аулайтындар үшін балықты сыртқа тасығаннан гөрі екі ортадағы сатып алушыларға (перекупщиктерге) берген анағұрлым тиімді болып шығады. « Мысалы, Ресейде балықтың келісі 15 теңге, бірақ кеденде ол 20 теңгеге көтеріледі, бірақ, біз оны 20 теңгеге сатпаймыз ғой, өйтіп балық тасудың не мәні бар», дейді «Урал-Каспий» директоры А. Кизерев.Соңғы кездері балықшылар ішкі нарыққа көп тәуелді, Үкімет шешіміне сәйкес балықты экспорттау оның дайын өнімдері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Соған байланысты кәсіпорын консервіленгені бар, кептірілгені бар, ұзын-саны 100 түрлі балық өнімін шығарумен айналысады. Балықшыларды қинайтын бір мәселе-банктер оларға несие беруге құлықсыз. Сосын қаражаты жоқ балықшылар қайтеді, жаңа ғана ауланған балығын сол күйінде Ресейге жібереді, өйткені балық өңдейтін құрылғылар, жабдықтар өзімізде жоқ. Еуростандарт бойынша қатырылған балық оралып қапталған болуы керек, балықты қалыпқа сай қатырып мұздататын арнайы камера 120 мың евро тұрады. Камераны іске қосудың өзіне бірнеше миллиондар кетеді, оған дайын өнімді сақтауға арналған компрессор алуға жұмсалатын 30 мың евроны қосыңыз. Консерві демекші, кейде асығыс болған жағдайда консервіленген шабақ іздейсің, сонда өзгенің шабағынан өзіміздің шабақтар аздап қымбаттау болады, себебін сұрасаң сұраныс көп, сатушылардың ұсынатыны да өзіміздің өнім. «Алыңыз, оралдық майшабақ, тәтті!». Тәттісі тәтті, содан шығар, біздің Оралдың өзіне ондаған вагон толы майшабақ консервісі қажет болады екен. Балық сатып байып кетпесе де нәпақасын айырып жүрген Скргейдің айтуынша, балық бизнесі оңай емес. «Балық саған келіп жеткенше неше түрлі қолдан өтеді, балық аулаушыдан-тасымалдаушы, одан сатып алушы делдал, тұздаушы бар, тағы да екі ортадағы сатып алушы, біз солай сатып аламыз, әдетте балық аулаушы бригада балықты алыстан аулайды да оларға тасымалдаушылар барып әр килосын 20 теңгеден сатып алады. Оралға әкеледі, осы жерден делдалдар сатып алып үстінен тағы ақша айналдырады, балық сатушыға ол балық 45 теңгеден келеді,мен оны әр басына 10 теңгеден қосып сатамын. Қай көлдің не өзеннің балығы екенін де айырып жататын шама жоқ, мұз болып қатып жатқан балықты алған кезде қарайсың, бір қарағанда бәрі жақсы сияқты, оның үстіне қатып жатқан нәрсені бір-бірлеп қарап ала алмайсың ғой, еріген соң қарасаң бұзылып кеткен балық ылжырап қолыңда еріп жатады. Кейде шығын киіп қалатының бар. Пайдасы да бар. Бізде келісі 500 теңге болса, ол Самарада біздің ақшамен есептегенде3000теіге болмақ.Мамырдың соңғы жағында Самараға апарып балық сатамын, одан кейінгі кезеңде Индерден, Астраханнан балық тасушылар келеді, бәсеке басталды дей бер». Өткен жылы Ресей мен Украйнаға Батыс Қазақстаннан 3651 тоннадан астам балық жөнелтілген болса, осы жылдың тек алты айында 500 тоннадан астам балық асырылған. Оралда табан балықты сүйсініп жей береді, ал көршілер оған әуес емес. Олар алса да кепитірілген табан алады. Шалқардың табандары семіз, майлы келеді, ресейліктер бір иіскеп, «мынауыңыз бұзылып кеткен ғой» деп тыжырынатын көрінеді. Бізде кептіруге келмейді, дәмсіз болады деп есептелетін балықтарды онда кептірілген түрін сұрайды екен. Біздер қолымызға ақша тисе, саяжай сатып алғымыз келеді, бала-шағаның қамы үшін үш-төрт ай бойы үй бетін көрмейтіндер де бар. Ал, Қытайда саяжай емес, балық фермасын сатып алуға құштар екен. Арнайы мамандар, жетілдірілген тәжірибелік зертханалар да мол. Облыста бүгінде онбесшақты балық кәсіпорыны бар, олар өз кәсіптерін өрістету үшін ізденістен жалықпайды. Олардың арасында Қытайға барып оқып, үйреніп, тәжірибе алмасып қайтқандары да бар. Жапондар да дәруменге бай, құнарлы ас-балық десе естері кетеді. Ендеше, балықты жеңсік ас деп білетін, еттен артық көрмейтін қазаққа да балық өсірудің еш сөкеттігі жоқ. Балық өсіру де оңай шаруа емес көрінеді, оған да табандылық қажет.
Меңдолла ШАМҰРАТОВ,
Батыс Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340