Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6713 0 пікір 11 Қаңтар, 2011 сағат 20:02

Кәмшат Батырбекқызы. Киіз үйдің ішкі әлемі

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Жүк жиналған үй ортасы «төр» деп аталады. Төрдің шеті ошаққа тіреледі. Төр жағы үлкен адамдар мен қонақтарға арналады.
Босаға - екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға. Оң босаға мен сол босаға үйдің оң және сол қанаты деп те аталады. Оң босаға да, сол босаға да өз жақтарына лайық шымылдық немесе пердемен болініп қойылады. Ол перделер күндіз жинаулы болады да, түнде түсіріледі. Көп балалы үйлер үйдің жанынан екінші үй немесе жеке қос тігіп қояды. Ал, үйленген балаға отау тігіледі. Отау үйдің сүйегі де, жасау-жабдығы да ерекше болады.
Есіктен кіргендегі сол қол жақтағы бұрышта бақан (киім ілетін бұтақты ағаш), ыдыс-аяқ, саба, кебеже, торсықтар тұрады. Бұлардың бәрі «өреше» деп аталатын арнаулы тоқылған шимен қоршаулы болады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады. Демек сол жақ босаға - әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал». Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен - қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады.

Ал, оң босаға - еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ - аралық меже. Оң босаға (үйге кірген кісінің оң қол жағы) үйленбеген ұлдың не ұзатылмаған қыздың орны. Сондықтан қазақтар ұзатылмаған қызды әкесінің оң босағасында отырған қыз дейді. Босаға аттап келген келiндi де оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр.

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407