Парламент палаталардың бірлескен отырысында Конституцияға Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту бойынша түзетулерді қарайды (толықтыру)
Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Парламент 14 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында Конституцияға ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша түзетулер енгізу туралы мәселені қарайды. Бұл туралы сенат депутаты Анатолий Башмаков мәлім етті.
«Күн тәртібі анықталды. ҚР Конституциясының 91 бабына сәйкес, екі палатаның депутаттары бірлескен отырыста қарап, президенттің ветосын еңсере алады», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.
Сенатор парламенттің референдум белгілеу туралы өтінішін мемлекет басшысына жолдағанын еске салды. Алайда президент ұсынысқа келісім бермеген.
«Бірлескен отырыста біз президентке жолдаған үндеу тұрғысынан алғанда оң шешілетініне еш күмәнім жоқ. Екі палата депутаттарының бестен төрт бөлігінің дауысымен шешім бірауыздан қабылданады, бірақ екі палата депутаттарының 100% президентке үндеу жолдағаны ескеріледі», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, парламенттің қос палатасы президенттің ҚР Конституциясына тұңғыш президент - ұл лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгертулер енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум белгілеуі туралы ұсынысты қолдаған болатын.

Сонымен қатар, депутаттар тұңғыш президентке үндеуінің және Конституцияға ұсынылған өзгертудің мәтіндерін мақұлдады.
ҚР Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» заңның жобасы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы және құрушы - тұңғыш президент Н. Назарбаевтың тарихи миссиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасау, негізгі заңның шеңберінде ұлт лидерінің қоғамдық-саяси мәртебесін мойындау және елдің ары қарай орнықты және кезең-кезеңмен дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Алайда 6 қаңтарда мемлекет басшысы өз жарлығымен ұсынысты қабылдамай тастады.
«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, парламент басым дауыспен президенттің ветосын еңсеріп, Конституцияға сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдай алады.
Бұл жағдайда президент бұл заңға қол қойып, оны республикалық референдумға шығарады.
Республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды, ол сәйкес жарлық шығарады, онда талқылауға шығарылатын сұрақ пен мерзімі белгіленеді. Айрықша жағдайларда президент референдумды өткізудің басқа мерзімін белгілеуге құқылы.
Заңға сәйкес, референдум оны белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бір ай ерте емес және үш айдан кеш емес мерзімде өткізілуге тиіс.