Исатай батырға кесене тұрғызу бастамасын қолдаймыз
«Ана тілі» газетінің жылашар нөмірінде (№1(1046), 7-12 қаңтар, 2011 жыл) «Арыстан туған Исатай...» /Ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысының кесенесін көтеру көкейкесті мәселеге айналып отыр» атты мақала шыққан болатын. Мақалаға орай редакцияға оқырмандардан пікірлер келіп түсуде. Құрметті редакция!
Жаңа жылдың басында жаңа бір қадам жасапсыздар. «Ана тілі» басылымының 2011 жылғы бірінші нөмірінен «Арыстан туған Исатай...» /Ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысының кесенесін көтеру көкейкесті мәселеге айналып отыр» атты мақаланы оқып, бек толғандым. Себебі биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы, оның үстіне Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толып отыр. Соған тұспа-тұс, тәуелсіздікке қол жеткізе алмай арманда кеткен көптеген батырларымыздың бірі Исатай бабамыздың туғанына 220 жыл болып отыр.
«Ана тілі» газетінің жылашар нөмірінде (№1(1046), 7-12 қаңтар, 2011 жыл) «Арыстан туған Исатай...» /Ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысының кесенесін көтеру көкейкесті мәселеге айналып отыр» атты мақала шыққан болатын. Мақалаға орай редакцияға оқырмандардан пікірлер келіп түсуде. Құрметті редакция!
Жаңа жылдың басында жаңа бір қадам жасапсыздар. «Ана тілі» басылымының 2011 жылғы бірінші нөмірінен «Арыстан туған Исатай...» /Ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысының кесенесін көтеру көкейкесті мәселеге айналып отыр» атты мақаланы оқып, бек толғандым. Себебі биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы, оның үстіне Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толып отыр. Соған тұспа-тұс, тәуелсіздікке қол жеткізе алмай арманда кеткен көптеген батырларымыздың бірі Исатай бабамыздың туғанына 220 жыл болып отыр.
Исатай Тайманұлының 220 жылдығына орай сүйегі жатқан Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Шейітсайдағы зиратына кесене тұрғызамыз деген белгілі азаматтардың ойларын қолдаймын. Өте дұрыс деп есептеймін. Себебі еліміз тәуелсіздік алғалы бері 2003 жылы ЮНЕСКО деңгейінде Махамбет ақынымыздың 200 жылдық мерейтойын тойладық. Басына кесене көтерілді. Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның бейітіне де үлкен кесене тұрғызылды. Оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі барып ашты. Міне, сол уақыттан бері есімін ел қастерлейтін батыр, арыстан жүректі Исатайға кесене тұрғызылмағанына іштей ренжулі едік. Дегенмен «Исатай» қоғамдық қорын ашқан азаматтардың осы бастамасы қолдау тауып, бабамыздың басына кесене тұрғызылып жатса, үлкен тағылымды іс болар еді. Өткенге оралып айтар болсам, осыдан жиырма жыл бұрын Исатай атамыздың 200 жылдық мерейтойын тойлағанбыз. Мен ол кезде «Қазақфильм» киностудиясында істейтінмін. Батырға арнап «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» деген бір сағаттық 7-8 бөлімнен тұратын бір жағынан әдеби, бір жағынан деректі фильм түсірген болатынбыз. Оған ол кезде қолдау жасаған Атырау облыстық мәдениет басқармасы еді. Бұл 1991 жыл, тәуелсіздікке енді ғана жеткен уақыт болатын. Сол фильмге сценарий жазған қазақтың белгілі жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарихшы Әнес Сарай болса, режиссеріміз Амангелді Тәжібаев деген азамат болды. Мен сол деректі фильмнің түсіретін тобының директоры болдым. Сіздерде шыққан мақалада Аманғали Құрманов деген азаматтың есімі аталады. Ол азамат - Исатай бабамыздың тікелей бесінші ұрпағы. Сол жігітіміз өзінің түр-түсіменен, бейне-болмысыменен Исатай атасынан аумайды екен. Аталған фильмде атасының рөлін сол Аманғали Құрманов ойнап, сомдап шыққан болатын. Біз Исатай бабамызға кино түсіру арқылы хас батырды елдің жадында қалдыруды, өскелең ұрпақ тарих белестерінде өткен батыр бабаларын есте тұтсын деген мақсатымызбен көпшіліктің ықыласына бөленген едік. Ал бүгінгі күні Исатай бабамызға кесене тұрғызып жатсақ, үлкен ғибратты істі бітіретініміз анық.
Мақалаға орай айтарым, аталған мақалада: «Қаншама жол салып, кесене тұрғызып, туристік маршрутқа енгізгенмен, елден тым жырақта, жапан далада жалғыз өзі жатқандықтан, оның басына ағылып барушылар саны бәрібір көбеймейді» деген жұртшылықтың бір тобы батырдың сүйегін серігі Махамбеттің қасына қайта жерлеу қажет деп айтып отыр. Менің бұған айтарым, біріншіден, ол жерде Исатай батыр жалғыз өзі жатқан жоқ: он алты жасар Оспан дейтін баласымен бірге жатыр. Сонымен қатар арасы 100-150 метр жерде Исатаймен бірге жанын қиған жүзден бес жүзге шейін сарбаздардың сүйектері жатыр. Бейіттері бар. Сол себепті оны сарбаздарынан бөлудің ешқандай қисыны жоқ. Екіншіден, Алла бұйырған ақ өлім қай жерде бұйырса, сол жерде мәңгілік жату керек. Ал, бәрімізге белгілі, Қытай менен Еуропа арасында жол салынып жатыр ғой. Сол жолдың бойында көптеген тоқтау орындары болатыны белгілі. Солардың бірі осы Исатай батырымыз жатқан жерге жақынырақ жерден орнықса жақсы болар еді. Одан бөлек, Исатай бабамыздың төңірегінде құрылысқа керекті ақтастар бар. Бәлкім, жақын арадан шағын зауыт салынса, ел жылысып, жақындар еді. Құдайға шүкір, еліміз қарыштап дамып келеді. Осы істерді жасау біздің биліктегі азаматтардың қолынан келеді. Ал кесене тұрғызу барысына орай айтарым, кесене құлпытасында Исатай бабамыздың ұлдары Жақия, Оспан, Дінбаяндардың аттары жазылу керек. Бұл ұсыныстардан бөлек, осындай алып тұлға, елінің тәуелсіздігі жолында шейіт болған Исатай Тайманұлына кесене тұрғызуға қолдауды халық арасында насихаттау үшін батыс облыстардағы газеттерде мақалалар шықса, тек халық қана емес, Үкімет те осы олқылықтың орнын толтыруды қаперіне алса, асыл ерімізге жасаған зор құрмет болар еді.
Ләтифолла Қапашев,
жазушы
http://anatili.kz/?p=5593#more-5593