2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шоғырландырылған пайдасы 2009 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе артық болды
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) АҚ Басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді, онда компанияның 2010 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары жасалып, 2011 жылдың міндеттері белгіленді.
Жедел деректер бойынша 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 22 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4%, 2009 жылдың көрсеткішінен 17% артық.
Мұнайды магистралдық құбыр желілері арқылы тасымалдау 65,8 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 3% артық.
Мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау көлемі жоспардағы көрсеткіштен 1% артып, 7,1 млн. тоннаны құрады.
2010 жылы 14,8 млн. тонна мұнай өңделді, бұл 2009 жылдың жоспарлы көрсеткішінен 16% артық.
Есепті кезеңде 99,7 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл жоспардағыдан 6% және 2009 жылғы тасымалдау көлемінен 9% артық.
Алдын-ала аудитсіз деректер бойынша, ҚМГ ҰК 2010 жылғы шоғырландырылған кірісі 2,3 трлн. теңгені құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштен 10% және 2009 жылғы көрсеткіштен 15% артық.
Шоғырландырылған пайда көлемі 284 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 2,5 еседен астам артық.

Еліміздің бюджетіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 405,4 млрд. теңгеден астам қаржы енгізілді, жоспар 10% артық орындалып, 2009 жылдың деңгейінен 31% асып түсті.
2010 жылы ҚМГ ҰК компаниялар тобы бойынша жалпы сатып алу көлемі 1,6 трлн. теңгені құрады, оның 776 млрд. теңгесіне тауарлар, 393,1 млрд. теңгеге - жұмыстар, 425,7 млрд. теңгеге - қызметтер сатып алынды. Сонымен бірге жалпы көлемде сатып алудың қазақстандық үлесі 811 млрд. теңгені құрады, немесе бұл 51% деген сөз, тауарларда - 31%, жұмыстарда - 63%, қызметтерді сатып алуда - 75 % болды.
- Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚМГ ҰК Ақтау қаласында жол битумдарын өндіру зауытын және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры құрылысын салуға кірісті, олардың тұсаукесер рәсіміне Елбасының өзі қатысты,- деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қ.Қабылдин.
Сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға сәйкес және «Атырау МӨЗ» ЖШС жаңарту шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд. 130 млн. АҚШ доллары болатын хош иісті көмірсутектерін өндіру кешенінің құрылысы басталды.
2010 жылғы маңызды оқиғалардың арасында - Лиман блогындағы мұнай-газ кен орындарының ашылуын, алдын ала есептеулерге қарағанда, оның өндірілетін қорлары 8,5 млн. тоннаны құрайды, КТК Жобасын жылына 67 млн. тоннаға дейін ұлғайту туралы (олардың ішінде Қазақстан мұнайы жылына 52,5 млн. тонна) тұрақты келісімге қол қойылуын айтуға болады.
Көмірсутегілерін іздестіру және ресурстық базаны одан әрі ұлғайту мақсатында ҚМГ ҰК 2010 жылы Каспий теңізі қазақстандық секторының «Сәтпаев» учаскесін барлау және өндіру бойынша келісімшарт жасады, «Статойл АСА» компаниясымен, «Абай» учаскесі бойынша және «Тоталь» компаниясымен «Жеңіс» учаскесі бойынша өзара түсіністік бойынша меморандумға, сонымен қатар «Темір», «Өзен-Қарамандыбас», «Қаратон-Сарықамыс» учаскелері бойынша келісімшарттарға қол қойылды,
Сонымен қатар 2010 жылы Маңғыстау облысында шағын кемелер жөндеу және бұрғылау ерітінділерін өндіру зауыттары пайдалануға берілді.
2010 жылы ҚМГ ҰК (еншілес тәуелді ұйымдарды есептемегенде) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге 6,1 млрд. теңге аударды.
ҚМГ ҰК өндірістік жоспарына сәйкес 2011 жылы компания 22,1 млн. тоннадан астам мұнай өндіріп, магистралды мұнай құбырлары бойынша - 64,2 млн. тонна, теңіз көлігімен - 10,2 млн. тонна мұнай тасымалдап, табиғи газ тасымалдауды 101,7 млрд. текше метрге жеткізіп, 15,3 млн. тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр.
Компанияның Ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы мақсатында ҚМГ ҰК шығындарды басқару мәселелеріне, қазақстандық үлесті арттыруға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды дамытуға баса назар аударатын болады.
ҚМГ ҰК ағымдағы жылы тиімді инвестициялық портфельді және бес басым бизнес бағыттар бойынша (барлау және өндіру, мұнай тасымалдау, газ тасымалы және маркетингі, мұнай және мұнай өнімдері маркетингі, сервистік жобалар) корпоративті басқару жүйесін жетілдіру және компания активтерінің құрылымын ықшамдау жұмыстарын жалғастыратын болады.