Қазақтың 126 миллиард доллары қайта кетті?
2000-2008 жылдар аралығында елімізден сыртқа заңсыз шығарылған қаржының көлемі 126 млрд долларға жеткен дейді GlobalFinancialIntegrity (GFI). Халықаралық саясат орталығының бағдарламасы болып табылатын Global Financial Integrity - коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымы. Оның есебінше, ТМД мемлекеттерінен біз тек Ресейді ғана алдымызға салып отыр екенбіз. Терістіктегі көршіміздің сыртқа ағылған қаражаты 427 млрд доллардан асқан көрінеді.
Халықаралық ұйымның сарапшылары елімізді аталған көрсеткіш бойынша әлемде 11-ші орынға қойыпты.
Алғашқы ондықта - Қытай ($2,176 трлн), Ресей ($427 млрд), Мексика ($416 млрд), Сауд Арабиясы ($302 млрд), Малайзия ($291 млрд), Біріккен Араб Әмірлігі ($276 млрд), Кувейт ($242 млрд), Венесуэла мен Боливия ($157 млрд), Катар ($138 млрд), Нигерия ($130 млрд).
Сонымен бар-жоғы 7-8 жылдың айналасында 126 млдр доллар қаржы қалай шығып кетті? Бұл жайттың себеп салдары туралы сарапшыларымыз былай дейді:
Әміржан Қосанов, «АЗАТ» ЖСДП бас хатшысы:
2000-2008 жылдар аралығында елімізден сыртқа заңсыз шығарылған қаржының көлемі 126 млрд долларға жеткен дейді GlobalFinancialIntegrity (GFI). Халықаралық саясат орталығының бағдарламасы болып табылатын Global Financial Integrity - коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымы. Оның есебінше, ТМД мемлекеттерінен біз тек Ресейді ғана алдымызға салып отыр екенбіз. Терістіктегі көршіміздің сыртқа ағылған қаражаты 427 млрд доллардан асқан көрінеді.
Халықаралық ұйымның сарапшылары елімізді аталған көрсеткіш бойынша әлемде 11-ші орынға қойыпты.
Алғашқы ондықта - Қытай ($2,176 трлн), Ресей ($427 млрд), Мексика ($416 млрд), Сауд Арабиясы ($302 млрд), Малайзия ($291 млрд), Біріккен Араб Әмірлігі ($276 млрд), Кувейт ($242 млрд), Венесуэла мен Боливия ($157 млрд), Катар ($138 млрд), Нигерия ($130 млрд).
Сонымен бар-жоғы 7-8 жылдың айналасында 126 млдр доллар қаржы қалай шығып кетті? Бұл жайттың себеп салдары туралы сарапшыларымыз былай дейді:
Әміржан Қосанов, «АЗАТ» ЖСДП бас хатшысы:
Алдымен айтарым, сегіз жыл ішінде Қазақстаннан 126 миллиард доллар сыртқа шығарылды деген «Global Financial Integrity» қорының бұл мәліметін мен өз басым мүлдем жеткіліксіз деп санаймын. Себептері мынадай: бізде пайдалы қазбаны сату жағы - құпияның құпиясы әрі осы саладағы статистика еш сын көтермейді. Ал жемқорлықтың кассасына қанша ақша түсіп, оның қай бөлігі шетелге кетіп жатыр - ол жағы да беймәлім. Оған қоса біз осы аталған ұятты рейтингте бізден экономикалық әлеуеті он есе үлкен Ресейден кейін тұрмыз. Яғни Қазақстанға теілініп тұрған сол соманы сегіз не тоғыз есе көбейте беруге болады!
Оның үстіне сол қаржының қайда кетіп жатқанын бақылайтын нақты механизм, керек десеңіз, нақты саяси жігер жоқ. Бірақ қалың жұртшылық мұндай көрсеткіштердің астарында не жатқанын баяғыда-ақ біліп қойған: бүгінде «Абай.кз» сайтының оқырманын айтпайын, ауылдағы бес жасар баланың өзі «оффшор» деген не екенін біледі!
Салыстыру деген болады. Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 110 миллиард доллар боп тұрғанда, мұндай сома - катастрофа!
Шетелге елдегі қаржының «қашуы», ең алдымен, сол қаржы иелерінің ел ішіндегі ахуалға деген сенімсіздігінен туады! Әйтпесе, осында сақталар ақшасының келешегі үшін алаңдамаса, шетелге оны аударып не әлек? Бұл әңгіменің ресми идеология мейлінше насихаттап жатқан «ішкі саяси тұрақтылық» пен «ТМД-дағы ең тәуір қаржы және банк жүйесі бізде!» деген тезистерге тікелей қатысы бар. Яғни, мұндай қадам елдегі қаржылық жүйеге деген сенімсіздіктен де туары хақ. Демек, біз мақтаулы қаржы жүйеміз туралы аңыздарды қайта қарауымыз керек. Және де елдік капиталдың ел ішінде жұмыс істеп, ішкі инвестиция болуына тиісті жағдай жасалынуы керек. Бірақ балық секілді билік те басынан шіріп жатыр емес пе?! Әйтпесе, Ұлттық қорымыздың 50 миллиардтан астам доллары нақ сол шетел банктерін асырап жатқан жоқ па?
Үшіншіден, сол қаржы иелерінің арты қуыс екендігі баршаға мәлім. Банктан ресми түрде несие алып, пайда тапқан бизнесмен - бір бөлек, бума-бума пара алып, қалтасын қампитқан шенеунік - бір бөлек. Біреуінікі - таза маңдай тер, екіншісінікі - арам ақша.
Қараңызшы, біздегі бас шенеуніктердің балалары қайда оқып жүр? Қай тілде? Олар іштегі ахуалға ғана емес, қазақ тілінің болашағына сенбейді. Немесе балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстырмайды!
Шынымен де миллиардтаған доллар қаржыны шетке шығару ісі күнделікті өмірдің қиындығымен бетпе-бет келіп, табыс тауып жүрген кіші және орта бизнеске қатысы жоқ шығар. Ол миллиардтар негізінен қазақтың жер қойнауындағы пайдалы қазба байлығын оңды-солды сатудан құралған. Оларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін халық қалаулылары жоқ. Осындай иесіздіктен кейін олар құтырмағанда кім құтырады?!.
Осының бәріне қосатын жайт мынау: олар тәуелсіз Қазақстанның қаржы жүйесінің мықты бола түсуіне мүдделі емес! Әйтпесе, партриоттық сезімге бөленіп, ел экономикасына салмай ма сол қыруар қаржыны!
Ең басты тағылым мынаған саяды: еліміздегі қаржының жағдайын бақылап, реттеп отыратын институттар қайда қарап отыр? Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі дегендей. Әлде олардың сол миллиардтаған долларға тікелей қатысы бар ма? Оларды неге жауапқа тартпаймыз?
Бұл - риторикалық сауал. Өйткені, бізде бәрі де - билік пен байлық - біте қайнасып, араласып кеткен. Мемлекеттікі қайда, жеке қаржы қайда, ешкім білгісі келмейді. Оның себептерін жоғарыда айттым.
Меруерт Махмутова, қаржыгер-экономист:
- Жалпы алғанда соңғы 10 жылды алсақ, 2000 жылдан бастап экономиканың даму деңгейі өте жоғары болды. Және осы жылдар аралығында екі рет легализация өтті. Заң қабылданғанда тиісті органдарда бұл Қазақстанның экономикасына әсер, ел экономикасына әсер етеді деген үміт болды. Алайда, менің ойымша легализациядан өткен капиталдар шетелге кетті.
Қарап отырсаңыз Испания, Араб Әмірліктері бастаған көптеген шетелдерде Қазақстанның шенеуніктері, бизнесмендері, енді аты-жөндерін тізбелемей-ақ қояйын, өздеріңіз де біліп отырсыздар, қымбат бағаға жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр. Менің ойымша, бұл де шетелге кетіп жатқан капитал.
2007 жылдың соңынан басталған қаржы дағдарысына қарсы іс-шараларға 26 млрд долларға жуық қаражат жұмсалды. Оның 6 млрд-ды салыққа жасаған жеңілдік шарасы болса, 20 млрд-ы ақша күйінде болды. Біздің есебіміз бойынша сол қаражаттың 1-2 млрд-ы ғана Қазақстан экономикасында қалды да өзгесі шетел асып кетті.
- Ал, бұл ақшаның қайтуы мүмкін бе? Мүмкін болса қандай мерзімде қайтады?
- Бұл капиталдарды шетелге шығарып отырған адамдар Қазақстанда жұмыс істеп, бизнес жасағандарымен капиталын, үйлерін шетелде ұстап отыр. Сондықтан бұл Қазақстанға қайтып келмейтін ақша. 5-10 жылда қайтарып аламыз, Қазақстанның экономикасына жұмыс істетеміз дегенге өз басым сенбеймін.
Қанат Берентаев, қаржыгер-экономист:
- Өздеріңіз де білесіздер біздегі сауда саттық, мұнай болсын, өзгесі болсын оффшор арқылы жүзеге асыралады. Ілгеріректе бұл Бермут аралдарындағы оффшорлық банктер болса, қазір Швейцария біздің қарым-қатынасы өте тығыз әріптесіміз. Осылар арқылы біздің мұнайымыз, өзге де өнімдеріміз жеткізіліп тұрды. Міне, осы қаражаттар, яғни шикізатты экспорттауда алыпсатарлар түсіретін пайда, былайша атйқанда сатып алған баға мен қайта сатқан бағаның арасындағы айырмашылықтан түскен табыс өте көп.
Сонымен қатар, заңсыз сауда-саттықтан түсіп шетел асқан қаражат та өте көп. Мәселен, мен көптен бері айтып келемін, табиғат қорғау агенттіктеріне тау кен өндірісінің иелері жылына 5-6 млрд доллар аударып тұрады. Бұл ақша да шетел асып жатыр.
Шетелге кетіп қалған қаражат қайтады деп ойламаймын. Бір жағынан алып қарағанда бұл қаражет иелері үшін де, Батыстың көзқарасы үшін де заңды.
Ал, келесі мәселе біз салық заңнамаларын түбірімен өзгертуіміз керек. Агенттік жүйеге көшіп табиғат қорғау агенттерінен құтылуымыз керек. Екінші, Сыртқы сауда-саттыққа бақылауды нақтылауымыз керек. Біздің билік орындары ойлап тапқан бақылау жүйесі, яғни экспортталатын мұнайдан түсетін пайданың көлеміне қарай емес, соңғы тоқсандағы мұнайдың әлемдік орташа құнына қарай салынатын салық жүйесі өзін ақтамай отыр. Бұл жеткіліксіз. Өзге де механизмдерді ойлап табу қажет. Тіпті кейбір стратегиялық маңызды өнімдердің сыртқы сауда-саттығына мемлекетік монополия орнатса да артықтық етпейді.
- Ал осы қаражаттардың сыртқа көптеп кетуіне кінәлілерді тауып жазалау мүмкін бе?
- Ол не дегеніңіз. Анығында оларды жазалау мүмкін емес. Ресми тұрғыда бұл қаражаттар заңды. Қазақстаннан бір бағаға сатып алды, келесі біреуге басқа бағаға сатты. Бұл бизнестің заңдылығы. Олар Қазақстанмен толық есептескен, ал оффшордан тапқан пайдасына ештеме дей алмайсыз. Дегенмен, біз оффшорлардың жабылуын талап етуіміз керек. Қазір әлемде оффшорлық аймақтарды қысқарту туралы кампания жүріп жатыр. Көптеген елде талқылаулар өтуде.
«Абай-ақпарат»