Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2660 0 пікір 6 Ақпан, 2011 сағат 22:36

Қуандық Шамахайұлы. Ақпараттық саясатта мадақтаудың өз орны бар

Президент сайлауы жарияланғандықтан ендігі жерде БАҚ атаулы аталмыш саяси науқанға білек сыбанып кірісері айдан анық. Оның ішінде ең ықпалды күш - телеарналар болары тағы белгілі жайт. Олай болса, сала мамандарына бәлкім, сабақ болар деген ниетпен бір-екі ауыз үн қатуды жөн көрдік. Белгілі бір телеарнаның мақсаты мен бағытына негізделген ақпараттық саясатты жүзеге асыру үдерісі телехабардың ішкі мазмұны және оны көрсетудегі шығармашылық формасына сай қалыптасып, өзіндік тұрпатын айқындайды десек,  оның тұрпаты  ең алдымен өзінің мақсаты мен бағыт-бағдарын көрсете алатындай әлеуметтік позициясына негізделген төл бағдарламалары болуға тиіс.                                                                                    Қоғам өмірінде сан-салалы әрі өзекті проблемалар да шашетектен. Бірер телеарна қоғам өмірін жан-жақты көрсетуге тырысса, көбі белгілі бір бағытты ұстанатыны белгілі. «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» ұлттық арнасының мүмкіндігі мен күш-қуаты өзге телеарналарға қарағанда әлдеқайда басым болғандықтан көбінесе өмірді әр тарапынан көрсетуге толық жағдайы бар. Дегенмен, көп жылдар бойы тек мадақтауды алға шығарғандықтан халық арасында аталмыш арналар жайында «теледидарда көрсетілетін Қазақстанда тұрғым келеді» дегендей әзіл әңгіме де тараған.

Президент сайлауы жарияланғандықтан ендігі жерде БАҚ атаулы аталмыш саяси науқанға білек сыбанып кірісері айдан анық. Оның ішінде ең ықпалды күш - телеарналар болары тағы белгілі жайт. Олай болса, сала мамандарына бәлкім, сабақ болар деген ниетпен бір-екі ауыз үн қатуды жөн көрдік. Белгілі бір телеарнаның мақсаты мен бағытына негізделген ақпараттық саясатты жүзеге асыру үдерісі телехабардың ішкі мазмұны және оны көрсетудегі шығармашылық формасына сай қалыптасып, өзіндік тұрпатын айқындайды десек,  оның тұрпаты  ең алдымен өзінің мақсаты мен бағыт-бағдарын көрсете алатындай әлеуметтік позициясына негізделген төл бағдарламалары болуға тиіс.                                                                                    Қоғам өмірінде сан-салалы әрі өзекті проблемалар да шашетектен. Бірер телеарна қоғам өмірін жан-жақты көрсетуге тырысса, көбі белгілі бір бағытты ұстанатыны белгілі. «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» ұлттық арнасының мүмкіндігі мен күш-қуаты өзге телеарналарға қарағанда әлдеқайда басым болғандықтан көбінесе өмірді әр тарапынан көрсетуге толық жағдайы бар. Дегенмен, көп жылдар бойы тек мадақтауды алға шығарғандықтан халық арасында аталмыш арналар жайында «теледидарда көрсетілетін Қазақстанда тұрғым келеді» дегендей әзіл әңгіме де тараған. Орынсыз мақтаудың өзі кейде көрерменін мезі етіп қана қоймай әрі-беріден соң ашу-ызасын тудыратынын да ұмытпаған жөн сияқты. Ал, өзге арналарда әр облыста меншікті тілші ұстауға да мүмкіндіктері жете бермейді. Соған қарамастан елдің қоғамдық-саяси, экономикалық тыныс-тіршілігін толық қамтуға бәрі де атсалысып келеді. Мысалы, «Астана» және «Алматы» телеарналары өз бағдарламаларын бір қаланың өмірімен шектеп отырған жоқ. Керісінше, ел көрермендерінің бәріне ортақ тақырыптарды қамтуды көздеуде. Ал, «КТК» - тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерге басымдық берсе, «Асыл арна» - дінді насихаттайды, "31 арна», «7 арна» ойын-сауық пен көркем фильмдер секілді көңіл көтеру бағытына бейімделіп алған.

Алайда, қоғам өмірін белгілі бір телеарна түгелдей қамтып, толыққанды көрсетіп отыруы мүмкін болмасы хақ. Ең бастысы, қазіргі заман ауанын, саясатын, экономикалық және әлеуметтік өзекті мәселелерді түйіндеп көрсетіп отырса жетіп жатыр. Осы себептен еліміздегі оншақты телеарнаны жалпылама түрде қоғамдық-саяси негізгі ақпарат құралдары ретінде тануға болады. Алайда, бұл жерде қоғам өмірінің белгілі бір саласына басымдық берген телеарналардың сыңаржақ тар шеңберде қалып қоюын құптауға болмайды. Керісінше, сол бір ғана тақырыптың аясының өзінде қоғамдық, әлеуметтік күрделі мәселелер өмір көріністерімен астасып жатуы мүмкін. Айталық, «Алматы» арнасының тарихи-танымдық бағдарламалары, «Астана» арнасының арнайы репортаждары ел тұрғындарының барлығына ортақ мәселелерді эфирге шығару арқылы аудиториясын кеңейте түсетіндігімен ерекшеленеді.

Белгілі бір мәселемен тікелей шұғылданып, оған арнайы бағдарлама жасап көрермендер арасында сонысымен танымал болған телехабарлар да болады. Мысалы, «Хабар» агенттігінің «Бармысың, бауырым!» бағдарламасы бір-бірінен көз жазып қалған туыстарды табыстыруды мақсат етсе, «Қазақстан» ұлттық арнасының «Ілік септігі» көрсетілімі тарихи танымдық мағлұмат беруді көздейді. Халыққа көрсетілген осы сапалы қызметтерінің арқасында  аталмыш телехабарлар тартымдылығымен көрермендердің ықыласына бөленіп отыр. Сонымен қатар «Бармысың, бауырым!» бағдарламасының басылымдық нұсқасы да пайда болып, «Айқын», «Литер» газеттерінде жарыққа шығарылып келеді.

Ақпараттық саясатты құрайтын тағы бір фактор әртүрлі саяси науқандарға арналған тақырыптық бағдарламалар болып табылады. Мысалы, сайлау, заң жобаларын талқылау, халықаралық айтулы оқиғалар немесе даталы мерекелерге арналған арнайы телехабарлар жасалып, сол көріністің мәнін, маңыздылығын, тарихын халыққа түсіндіреді. 2009, 2010 жылдары Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен тұңғыш Президенттің 70 жылдығына арналған деректі телефильмдер мен арнайы бағдарламалар эфирге көптеп шығарылды. Мұндағы негізгі саясат елдің ішкі-сыртқы жағымды имиджін қалыптастыру, халықаралық аренадағы абыройын арттыруда жатса керек. Ал, өткен жылдың соңы мен жаңа жылдың бастапқы айында телеарналар заңсыз екенін біле тұра референдуммен қатты «ауырып» барып, таяуда ғана айыққандай болды.

Белгілі бір ақпараттық саясатты жүзеге асыру барысында телеарна үшін өзекті мәселенің бірі тақырыпты өрге сүйрейтін материалдарды жоспарлау, дайындау, эфирге шығаруды қамтамасыз ету болмақ. Сонымен бірге телеарнаның аудиториямын қарым-қатынасы, көрермен қауыммен кері байланыс орнату да маңызы зор мәселелер. Алайда, Батыстың өркениетті елдерінде күнтәртібінен түспейтін мұндай іске еліміз телеарналары айтарлықтай мән беріп жатқан жоқ.

Дегенмен, қазақ телевизиясы бағдарламаларының дені белгілі  бір оқиғаға, көріністер мен деректерге жағымды баға берген бағытта көрініс табатындығын аңғаруға болады. Әсіресе, мұндай жайтты «Нұр Отан» саяси партиясы ұйымдастырған іс шаралар жайындағы репортаждар мен телехабарлардан көреміз. Жасалған жұмыстың мазмұны жағымды әсер қалдырса, оны неге мақтамасқа. Алайда, оны жаппай жалаң мадаққа бөлеп, бос ұранға негізделген даңғаза шуға айналдырып жіберетін болса, істің мазмұнын төмендетіп жіберуі ықтимал. Сондықтан, әрбір іс шараға шынайы әділдікпен қарау, барды бар, жоқты жоқ күйінде көрсету маңызды. Қажет болса, іскерлік әрі шын сыннан тыс тұрмағанымыз абзал.

Журналист шығармашылығының сыни бағыты  телеарна мен қоғамның дамуына игі ықпал ететін елеулі қадам. Алайда, сын дерексіз-дәйексіз, біреуді мұқатуға, келемеждеуге, шу көтерген сипатта болмауы керек. Сынның өткірлігі, жауынгерлік қасиеті оған нысана етіп алынған көріністің мінімен дәл сәйкестік тапқаны жөн. Болмашы ғана ұсақ-түйек бірдемелерді дабырайтудың, ол үшін бейкүнә жандарды орынсыз жазғырудың мүлде қажеті жоқ. Сыни бағдарламаларда іскерлік пікір, ұсыныстар айтылып, жағдайды түзеудің жолдары көрсетілсе, істің оңтайлы нұсқасы жасалып талқыланса құба-құп. Егер жай ғана қарсыласқан, мін таққан, ілік іздеген сипатта болса, ол телеарнада ақпараттық нақты саясаттың, сапалы жасалған нақты жоспардың жоқтығын көрсетеді. Жалпы журналистика сынының түрлері көп.

Телеарнадағы сыни бағдарламалардың ерекше бір түрі сатира. Ол әзіл-әжуа, ащы мысқыл мен күлкі секілді өзінің белгілі элементтері арқылы артта қалушылықтың, надандықтың әділеттікке, ілгері дамуға тұсау болып отырғанын суреттеп, бейнелеуді көздейтін тартымды жанр. Профессор Т. Қожакеев марқұм айтса айтқандай, «сатираның күштілер қаруы» екені рас және ол сыбайлас-жемқорлықпен, алаяқтықпен, көзбояушылықпен күресте орасан зор міндет атқара алады.  Алайда, күлкі қаруын қолдануда да абай болған абзал. Біреудің ар намысын қорлауға, абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіруге болмайтыны белгілі. Жалпы сатира элементтерін тиімді әрі орынды қолдана білудің өзі журналистің қоғамдық жауапкершілігінің, азаматтық позициясының, жеке басының адалдығының көрінісі болмақ.

Сынның тағы бір ерекше түрі пікірталас, талқылау түріндегі бағдарламалар. Бұлар телеарналарда көбінесе ток-шоу түрінде де көрініс тауып жатады. Қазіргі ток-шоулардың өзі негізінен пікірсайысқа негізделіп отыр. Шындықтың өзін пікірсайыс арқылы тануға болатындығын ескерсек, тележүргізуші үшін ешкімді жақтамай және алаламай бәрін тыңдай отырып, ортақ мүддені қатаң ұстана отырып, дәйекті тұжырым жасауы қажет болады. Кейде тұжырым жасамай, журналист субьективтік көзқарасына сүйенбей-ақ проблеманы көптің талқысына тастап, көрерменге ой салатын тұстары да практикада кездеседі. Айталық, «Хабар» агенттігінің «Таразы» бағдарламасы жоғарыдағыдай үрдісті сәтті қалыптастырып келеді.

Қалай болғанда да пікірсайыс барысында айтылған сынның да ұсыныстың да негізі ауаны өзекті мәселенің түйінін шешуге, мәнін айқындап, проблеманы оңтайлы жаққа қарай бұруға бағыттаған абзал. Пікірсайыстың сынмен үндестігі де, іскерлік сипаты мен нәтижесінің пайдалы болатындығы да осында болса керек. Сондықтан, қоғам өміріндегі ең маңызды әрі халықты толғандырып отырған өткір мәселе ғана таңдалып алынуға тиіс.

Шешімін күткен өзекті мәселелерді талқылаудағы проблемалық телехабарлардың алар орны айырықша. Қоғамдық даму прогрестері, әлеуметтік күрделі нысандардың ахуалы, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас секілді мәселелер теориялық және практикалық шешімді талап етеді. Өзекті мәселелерді эфир арқылы көрсеткенде оны біліктілікпен дұрыс бейнелеп көтеру, мазмұны мен сипаттарын нақты анықтаумен қатар оған ықпал етуші факторларды айқындап беру қажет. Оған журналистің мүмкіндігі жетпеген жағдайда кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Олармен бірлесіп немесе тікелей кеңесшілігімен бағдарламаны игеруге болады.  Жалпы проблемалық, пікірсайыстық, талқылау түріндегі туындылар пікіралуандыққа қол жеткізген БАҚ үшін ғана мүмкін болмақ. Оның маңыздылығы «еркін пікір алмасу арқылы мәмiлеге, ортақ шешім қабылдауға жеткізетіндігімен» (Прохоров Е.П. Журналистика и демократия. М. 2000. c.210) ерекшеленеді.

Журналистің туындысы телеарна аясында әрдайым ұжымдық сипатқа ие болып келген. Енді бұл интеграция елдік және әлемдік сипат алып бара жатыр. Әртүрлі бағыттағы БАҚ пен журналистер өзара ынтымақтасуды, пікірлер мен тәжірибе алмасуды алға шығаруы бұқаралық ақпарат саясатынан туындап отырған осы мамандықтың негізгі талаптары болып отыр.

Тақырыптың өзекті болуының маңыздылығы мынада:

  • Уақыт ағымындағы негізгі мәселелер және өмір бағытын түзеуге ықпал ететін қоғамдық тіршілік көріністері;
  • Теориялық келелі әрі кешенді мәселелер;
  • Өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар;
  • Келер болашақтың бағыт-бағдары.

Сондықтан, журналист әрбір дерек, оқиға, мәлімдеме сынды материалдармен ұшырасқанда ең алдымен оның БАҚ үшін маңызы бар ма, кезекті бағдарлама даярлауға оның қажеттілігі бола ма дегенді анықтап алуы қажет болады. Оның өзекті боларлықтай субьективті сипаты (ақпарат қабылдаушы үшін сол оқиға, деректің, мәселенің маңыздылығы) мен обьективті сипатының (қоғамдық, әлеуметтік өмір үшін оқиға мен көріністің маңыздылығы) ара жігін ажыратуы керек. Оның өзі айналып келгенде журналистің қоғамдық позициясына, туынды жасау сана-сезімінің, біліктілігі мен түйсік-танымының көкжиегіне тікелей қатысты туындайды. Яғни, оқиға қанша жерден маңызды болып, тақырыпқа сұранып тұрса да «ымды түсінбеген дымды да түсінбейді» демекші журналист оны сезіне алмаса ешбір туынды жасалмасы белгілі. Телеарналарда тақырыптың ұсақталып кететіні, журналистердің жеке адамдар туралы естелік айтудан, деректі сырттай ғана дәріптеуден аса алмайтыны бірінші табиғи түйсіктің жоқтығынан болса, екінші жағынан біліксіздіктен туындайтын әлсіздік.

Сайып келгенде, ең бастысы, телетуынды атаулының тартымды және мазмұнды жасалуы үшін халыққа берері мол нәтижелі, игілікті істер таңдалып алынуға тиіс. Сол сияқты сайлау науқаны сынды маңызды іс-шараларды көрсеткенде сыңаржақтыққа бой ұрмай салмақтылық таныта білсек, қанеки!

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409