Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2313 0 пікір 8 Қараша, 2011 сағат 05:55

Қамбар Атаев. Афанасьев Алаштың асын ішіп, аяғын теуіп отыр

Әйгілі жазушы Джордж Оруэльдің «Малқора» атты атшулы романы естеріңізде болар. Романның мазмұнын тәптіштеп жату басы артық нәрсе.  Романдағы идеяның өзегі, мораль - мемлекет түгілі кішкентай шаруашылықты басқарудың өзі тоғышарлар мен топастардың, әсіреайқайшылар мен әулекілердің ісі емес екені туралы айтатын еді ғой.

Соңғы кезде біздің Қызылжар жерінде де ел ішіне іріткі салып, ұлт пен ұлтты қағыстырып, адамдардың арасына шала тастап, дүрбелең салып жүрмесе, бойына ас батпайтын адамдар пайда болды. Соның бірі, өкінішке орай, Солтүстік Қазақстанға атышулы «Паша», Павел Афанасьев болып отыр. Өкінішке қарай дейтінім, мен осы Пашаны біраз жылдан бері жерлес, көрші ретінде білемін. Содан болар оның «арғы-бергі қызметін» білетін көптеген адамдар, соның ішінде мен де, оның осы уақытқа дейінгі ұрда-жық мінезіне, одағай істеріне көз жұмып қарап келдік. Алайда, Афанасьевтің кейінгі кездегі елдің бірлігіне, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерін көріп-біле тұрып үндемей қалуды ар санадым.

Кез келген істің басына аты шықпаса жер өртегісі келетін Геростраттар араласар болса, ондай жандар көршісінің үйі өртеніп жатса, соған барып бас үйтуге даяр тұрады.

Жасыратыны жоқ, Павел Афанасьев қоғамдық жұмысқа араласқан әуел бастан қай ортада жүрсе де осындай айқай-сүрең қылықтарымен есте қалған адам. Ол өзі жұмыс істеген университетте де, Адам құқықтары жөніндегі бюрода да, «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалында да неше түрлі «ақтаңдақтар» қалдырды. Бір сөзбен айтқанда, «Авгийдің атқорасы», одан кейінгілер оны әлі тазалап әуре-сарсаң боп жүр.

Афанасьевтің Солтүстік Қазақстандағы мемлекет, ұлт мәселесіне қатысты, «қазақ» дейтін ұғымға қатысты ұстанымын еңбектеген баладан, еңкейген жасқа дейін біледі.  Петропавлға тарихи Қызылжар атауының қайтарылуына ашық қарсы шыққандардың бірі -  осы Афанасьев болатын. Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы талқылана бастағанда, өзінің партиялық лауазымын желеу етіп, тағы да қарсы шықты.

Жоғарыда айтқандай, Афанасьев осыған дейін «Ақ жол» партиясының облыстағы басшысы болды. Біздің Петропавлда Афанасьев «Ақ жол» партиясына емес, «Ақ жолдың» аты Афанасьевке жұмыс істейді» деген әзіл, әзіл болса да ақиқат сөз бар. Солтүстік Қазақстанда өзінің партиялық лауазымын партияның қызметі үшін емес, қарақан басының қамы үшін мейлінше пайдаланған Афанасьевтей бірде-бір партия жетекшісі жоқ. Мұндай «партия басшысының» осы уақытқа дейін орнында отырғаны бәрін таңғалдыратын.

Оның «саяси қызметі» дегенде, Афанасьевтің ел сеніп тапсырған депутаттық мандаттан айырылып, абыройдан жұрдай боп, жыл бойы ел көзінен тасада жасырынып жатып алғаны да еріксіз еске түседі. Бұл ел ішінде анекдотқа айналып кеткен жайт еді.

Енді міне, Афанасьевтің аты тағы да ақпарат құралдарында көріне бастады. Ол тағы да өзінің үйреншікті, сүйікті ісімен - қаралаумен, даурықпамен айналысуға кірісіпті. Ендігі оның нысанасы - өзі тамағын жеп, табағын тепкен «Ақ жол» партиясы боп шыға келді. Ал негізінде Афанасьев «Ақ жол» партиясының басшылығына қарсы шығып отырған жоқ. Ол партияның  кейінгі уақытта ұлттық құндылықтарды ұлықтау, соның ішінде  мелмекеттік тіл, Алашорда, Желтоқсан мәселелерін батыл көтере бастағанына қарсы шығып отыр.

Афанасьевтың партия басшылығына «ашық хатын» оқып көрсеңіз төбе шашыңыз тік тұратын мәселелер бар. Оқырманға бұл да қызық болуы мүмкін, сондықтан «Пашаның» сол хатынан үзінді келтірейік. «Орыс тілі  жабайы қазақтарды адам жасаған тіл, сондықтан өз анасына қарсы шыққан қасиетсіз балалар соны ұмытпасын» дейді қазақ тілінің статусына байланысты қол қойған қазақтың ақиық азаматтарына - «біздің тұлға». Яғни, ол қазақтарды, ұлтжанды азаматтарды мал деп тұр!

Біз бұған бұдан әрі шыдай алмаймыз. Мемлекеттің, елдің болашағына қатер төндіретін, ұлтаралық араздықты қоздырып, қоғамның тұрақтылығының іргесін шайқалтқысы келетіндерге тосқауыл қоятын кез жетті.

Бұған тек қоғам болып қана қарсы тұрмау керек, Афанасьевтердің шовинистік әрекеттеріне еліміздің құқық қорғау органдарының да назар аударатын уақыты жетті деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, осындай «өткені бар» адамдарды біздегі орыс тілді  ақпарат құралдарының, соның ішінде «Время» сияқты ірі  газеттердің көтермелеуі түрлі ойға жетелейді. Бұл - кездейсоқтық па, әлде әріден ұйымдастырылған, қазақ халқының елдігіне балта шабуға бағытталған құйтырқы ойын ба? Не болса да, дәл Афанасьевтер қоғамға да,  оны қолдаған газеттерге де абырой әпермейді.

Афанасьевтердің ешқашан мемлекеттің болашағына, қазақ тілінің келешегіне бүйрегі бұрмау себебін  олардың шовинистік пиғылымен ғана түсіндіруге болмайды. Өкініштісі, «афанасьевшілдік» қазір бір адамның басынан асып, қоғамдық құбылысқа, дертке айналып барады. Олар айрандай ұйып отырған Қазақстан халқының береке-бірлігіне қарсы шығып, саясатты желеу етіп, маңайына уын шашуда.

Бұлар біздің солтүстік көршіміздің «әсер ету» күштері, еліміздің ішіндегі сырт күштердің «бесінші колоннасы».

Жоғарыда айтқандай, саяси әумесерлік пен әлеуметтік тоғышарлық, топастық ешбір қоғамды, ешбір мемлекетті ұшпаққа шығармаған. Д.Оруэлл «Малқорасын» жазған уақытта да бұл проблема өткір тұрған шығар. Бірақ тәуелсіз, жас Қазақстанға мұндай «құбылыстар» мың есе қатерлі. «Афанасьевшілдік» - тәуелсіз Қазақстанның жауы, қазақтың жауы. Олардың тамырына балта шаппай, Қазақстанда береке-бірлік те, саяси, қоғамдық-саяси тұрақтылық та болмасы анық.

«афанасьевшілдікке» жол бермейік ағайын!

Қызылжар қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439