Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке қатысушылар сот алдында әділ жазасын алады
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында өтіп жатқан Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты сот процесі бүкіл қоғамның назарын өзіне аударып отыр десек те болады.
Басбұзарлықты ұйымдастырып, кәсіпкерлердің мүлкін талан-таражға салды, ғимараттарды өртеді, билік өкілдеріне қарсылық танытты деген күдікпен сот алдында 37 адам жауап беруде.
Мемлекеттік органдар тарабынан қазіргі уақытта Жаңаөзен ісіне қатысты істің әділ өтуіне қандай да бір күдік тудырмау үшін барлық жағдай жасалуда. Дегенмен бірқатар оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген қоғам және саяси қайраткерлері тырнақ астынан кір іздеп, осы сотқа қазақстандықтардың тарабынан сенімсіздіктің туындауына мүдделік танытып отырғандығы да шындық. Әлі де болса олар сот алдында жауап беріп жатқан күдіктілерді полицейлердің зорлық-зомбылықтарының құрбаны ретінде көрсетуде, ал Жаңаөзен қаласы халқының өмірі мен мүлкін, олардың конституциялық құқықтарын қорғаған тәртіп сақшыларын қаралап отыр.
Оқиғаның орын алғанына да біраз уақыт өтті әрі әрбір саналы азаматтың өткен жылдың желтоқсанында орын алған оқиғаға өзіндік пайым жасауына, бағалауына қажетті ақпараттар тасқыны да жеткілікті жария етілді.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында өтіп жатқан Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты сот процесі бүкіл қоғамның назарын өзіне аударып отыр десек те болады.
Басбұзарлықты ұйымдастырып, кәсіпкерлердің мүлкін талан-таражға салды, ғимараттарды өртеді, билік өкілдеріне қарсылық танытты деген күдікпен сот алдында 37 адам жауап беруде.
Мемлекеттік органдар тарабынан қазіргі уақытта Жаңаөзен ісіне қатысты істің әділ өтуіне қандай да бір күдік тудырмау үшін барлық жағдай жасалуда. Дегенмен бірқатар оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген қоғам және саяси қайраткерлері тырнақ астынан кір іздеп, осы сотқа қазақстандықтардың тарабынан сенімсіздіктің туындауына мүдделік танытып отырғандығы да шындық. Әлі де болса олар сот алдында жауап беріп жатқан күдіктілерді полицейлердің зорлық-зомбылықтарының құрбаны ретінде көрсетуде, ал Жаңаөзен қаласы халқының өмірі мен мүлкін, олардың конституциялық құқықтарын қорғаған тәртіп сақшыларын қаралап отыр.
Оқиғаның орын алғанына да біраз уақыт өтті әрі әрбір саналы азаматтың өткен жылдың желтоқсанында орын алған оқиғаға өзіндік пайым жасауына, бағалауына қажетті ақпараттар тасқыны да жеткілікті жария етілді.
16 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесін тойлауға қаланың басты алаңына жиналған халықтың шырқын 800-ге жуық елірген басбұзарлар бұзды. Полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылардың әрекеттерінің жолын кесуге ұмтылысын елемеген олар құқық қорғаушыларға шабуыл жасап, жаңа жыл шыршасын төңкерді, мерекеге орай тігілген киіз үйлер мен сахнаны бұзды, полиция автобусын өртеп жіберді. Осылайша туындаған жаппай тәртіпсіздікті бастаушылар мерекеге жиналғандарды ұрып-соқты, алаңның жанында қойылған автокөліктерді қиратуға кірісті. Жаппай тәртіпсіздік барысында 46 нысан өртелді, оның ішінде «Халық банкі» мен «Альянс банкінің» филиалы, 20 дүкен, екі кафе, бір нотариус кеңсесі, екі ломбард, Жаңаөзен қалалық әкімдігі мен Теңге кенті әкімдігінің ғимараты, бір фотосалон, полицияның екі бекеті, «Ару ана» қонақүйі, «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты, үш жекеменшік үй, 20-дан астам автокөліктер өртеліп, зақымданды. Мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға келген шығын миллиардтаған теңгеге жетті.
Тәртіпсіздіктің алдын алуға әрі бейбіт азаматтардың өмірін қорғауға жіберілген полиция отрядтары қарсылыққа тап болып, қару қолдауға мәжбүр болды. Дегенмен қысқа мерзімнің ішінде-ақ билікке қаладағы тәртіпті қалпына келтіріп, 17 желтоқсан күні Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген Елбасы Н.Назарбаев төтенше жағдай енгізілетінін жариялады және Үкіметке Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге байланысты пайда болған проблемаларды шұғыл шешудің қажетті шараларын қолға алуға тапсырма берді.
Бір қарағанда 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғалар жастардың аяқасты ереулі сияқты көрінуі де мүмкін. Өйткені осы қалада мұнай компанияларынан жұмыстан шығып қалған мұнайшылардың ереуілдері бірнеше айға созылған болатын. Оппозиция қаржыландыратын бұқаралық ақпарат құралдары да оқиғаны осылайша көрсетуге тырысып бақты. Алайда тергеу амалдары жаппай тәртіпсіздіктердің тыңғылықты әзірленген акция екендігін әрі Тәуелсіздік күніне қасақана ұйымдастырылғандығын көрсетті. Қазіргі конституциялық құрылым қарсыластарының тарабынан саяси тапсырыстың да болғандығы белгілі болып отыр. Мәселен, қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовпен байланысты бірқатар БАҚ-тар отқа май құйып, қаза тапқандар мен жараланғандардың санын өсіріп көрсетуге тырысты. Тіпті куәгерлердің сөзіне сілтеме жасай отырып, тұтқындалғандардың зорлық-зомбылық көріп жатқандықтары, мүрделердің өртенгендігі сынды шындыққа жанаспайтын өтірік ақпараттарды таратты.
Әрине, құқық қорғау органдары Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктердің шығу төркінімен қатар жастардың тәртіпсіздіктерді бастауына кімдердің итермелегендігін, кімнің қаржыландырғанын анықтауға тырысты. Қазіргі уақытта жұмыстан босаған жұмысшылардың арасында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар үгіт материалдарының таратылғандығы белгілі болып отыр. Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 164-інші бабының 3-інші бөлігімен қылмыстық іс қозғап, тергеуде. Тергеу аясында әлеуметтік араздықты қоздыруға қатысты бар деген күдікпен «Алға» және «Халық майданы» тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен белсенді мүшелері Владимир Козлов, Айжангүл Әмірова және Серік Сапарғали және ереуілші мұнайшылардың көшбасшылары Ақжанат Әминов пен Естай Қарашаев ұсталды. Сонымен қатар Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар басқа да тұлғалар белгілі болды.
Белгілі болғанындай, В.Козловты М.Әбіләзов Маңғыстау облысына жіберген және онда ол көптеген кездесулер өткізген. Ал А.Әмірова еңбек дауы барысында мұнайшылар мен қоғам арасындағы байланысты жүзеге асырып, атқарушы билік пен ереуілшілердің келіссөздеріне қатысқан. А.Әминов жиындар мен шерулер ұйымдастыру және өткізу заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар С.Сапарғали да 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзендегі биліктің іс-қимылына қарсы Алматыда заңсыз шеруге қатысқаны үшін 15 тәулікке абақтыға қамалған.
Айтпақшы, өткен жылдың 26 желтоқсанында Ақордада жиын өткізген Елбасы: «Маңғыстау облысындағы оқиға - барша Қазақстан үшін сынақ болды. Бұндағы мақсат - біздің қоғамда әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық және басқа да арандатушылықты тудыру. Қазіргі кезде оның себептерімен қатар, бұл оқиғаларды ұйымдастырғандарды анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - дей келіп, елдің ішінде іріткі салу жұмыстарын атқаруға негізделген шетелден келген қатер жайында да бүгінде белгілі болып отырғандығын баса айтқан еді.
Қазіргі уақытта көптеген бұқаралық ақпарат құралдары саяси қуғын-сүргін туралы, азаматтар наным-сенімі үшін қудалауға ұшырағандығы туралы жарыса жазуда. Бірақ ол азаматтар наным-сеніміне бола емес, арандатушылық әрекеттері үшін қудалануда. Өйткені дәл солар жүздеген адамның өлгендігі, мыңдаған адамның жараланғандығы туралы жалған ақпаратты таратқан болатын.
Бүгінде тәртіпсіздіктер барысында мүлкі зардап шеккен бірқатар азаматтар сотқа берген өздерінің талап арыздарын кері қайтарып алған еді. Осыған орай қоғам арасында талап арыз болмағандықтан тұтқындағы азаматтарды бостандыққа шығару қажет деген жаңсақ пікірдің жетегінде жүр. Осыған орай өз пікірін білдірген «Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоғамдық қорының директоры Әлібек Бейнешев бұл пікірдің жаңсақ екендігін баса айтып отыр. «Жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс көпшілік алдындағы қылмыс болып табылады және зардап шегушілердің шағым арыз беруін күтпестен қозғалады. Осыған орай Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша іс мүлкі бүлінген не болмаса жойылған кәсіпкерлердің өтініштері бойынша емес, аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне байланысты қозғалғандығын ескерген жөн», - деді ол.
Құқық қорғау органдары кінәлілерді жауапқа тарта отырып, қатаң заң ауқымында әрекет етуде. И.Винявский мен Н.Соколова рақымшылықпен босатылды. Сондай-ақ Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге тікелей қатысушыларға қатысты сот шынайы шешім шығарады және еңбек жанжалына саяси астар беріп, еліміздегі тұрақтылыққа селкеу түсіруге тырысқан қиратушылар мен өртеушілердің ұйымдастырушылары мен олардың дем берушілері әрқайсысы кінәсіне қарай тиісті жазаларын алатын болады.
ҚазАқпарат