Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3662 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 08:31

Өміржан Әбдіхалықұлы. Мемлекеттік туды менсінбегендер жазаланады!

Атырау қаласындағы көлік прокуратурасы ғимаратының жанында мемлекеттік туды қап орнына қоқыс салып қорлап жүрген жұмысшылардың өрескел әрекеттерін алғашқылардың бірі болып жария еткен едік (http://old.abai.kz/content/tuymyz-tu-emes-tulak-bolyp-barady). Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі, Ата заңмен айрықша қорғалған тудың тағдыры баспасөзде жаппай көтерілген соң барып, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы  қылмыстық кодекстің 317 бабы бойынша қылмыстық іс қозғапты. Енді, туды қоқыс таситын қап қылғандар бір жылға бас бостандығынан айырылады немесе айыппұл төлейді.

Ал, Талдықорғандағы мемлекеттік туға құрметтің қаншалықты екені бұдан бұрын белгілі болған. 2010-ншы жылдың желтоқсан айында облыстық әкімдік алдындағы орталық алаңда жаңа жылдық шыршаны сәндеп жүрген қалалық әкімдікке қарасты коммуналдық қызмет саласындағылар көк байрағымыздан қап тігіп, қоқыс салатын қапшыққа айналдырған еді. Облыстық «Жетісу» газеті бастап, республикалық баспасөзде шу болған бұл жәйттің соңғы нүктесін сот қойған еді. Мұндай сорақы жағдайдан өзге аймақтардың атқамінерлері сабақ алуы керек еді. Бірақ олай болмады. Атыраудағы мемлекеттік рәміздің қорланғаны соған дәлел.

Ең мәртебелі мемлекеттік рәмізден гөрі жергілікті шенеуніктерге облыстың беделі қымбат болатынын Алматы облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Сүлейменова айғақтап берген еді, жарықтық. Талдықорғандағы оқиғадан кейін іле-шала өткен жас журналисттер слетінде Гүлжиян ханым тудың төңірегіндегі масқара жағдайды көтерген жас журналист қызға жұрт көзінше ауыр сөздер айтып, «туды қорлағандарды жазып, облыстың мәртебесіне көлеңке түсірдің» деп біраз шүйлігіп, қызды-қыздымен «Саған тапсырма берген кім екенін айтшы, осы жерде отырып-ақ жұмыстан шығарайын» деп шаптыққанында дер кезінде жазғанбыз. (http://old.abai.kz/node/9060)

Мұны қайталап отырған себебіміз, өңірлердегі өзімшіл шенеуніктердің мемлекетшілдік санасының жоқтығы, бар ойлайтыны бастығының абыройы екенін, оның жолында Тәуелсіздіктің тұғыры іспетті тудың тулақ болуы түк еместігі. Гүлжиян Сүлейменова секлді шолақ белсенді шенеуніктердің әр жерде бар екені айғақсыз да айқын. Аймақ пен әкімінің абыройын тудан биік қоятын шенеуніктер болмаса, Көкшетаудағы орыс газеті қазақтың киіз үйін қорлар ма еді, Керекудегі орыс мұғалім мемлекеттік әнұранды Камастураға теңер ме еді, Батыс Қазақстанда әнұранның орнына Рикки Мартиннің әні қойылар ма еді, Атырауда көк тумен қоқыс тасыр ма еді?

Ең өкініштісі, Ата заңмен қорғалған мемлекеттік рәміздер бір емес, бірнеше рет аяққа тапталып, қорланып жатса да, Ата заңның кепілі Президент те, бар аймақтың билігінің үстінен қарап отырған үкімет те ләм-мим демеді.

Тек жақында ғана парламентте мемлекеттік рәміздер туралы заң жобасын талқылау мәселесі көтеріліп еді, оны талқыға салу қазан айына шегерілді.

Үкіметі үнсіздік танытып, парламенті заң жобасын қарауға ерініп жүргенде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қорлау халықаралық сипат алып кетті. Кувейтте өткен нысана көздеуден әлем чемпионаты қарсаңындағы турнирде Қазақстан Республикасы әнұранының орнына сайқымазақ Саша Коэннің «Борат» фильміндегі «әнұран» орындалып кетті. Біздің ел арнайы нота жіберді. Кувейт елі кешірім сұрап, ұлттық құрамасының бас бапкерін жазаға тартты.

Бұған дейін есеңгіреп жүрген бе әлде Кувейтте сайқымазақ «әнұранды» кеудесіне қолын қойып, маңқиып тыңдап тұрған ұлты басқа спортшының «патриоттығы» «жандарына қатты батып», «жүректерін жаралаған» соң барып, есін жиған спорт және дене шынықтыру агенттігі (http://www.mts.gov.kz/?lang=kk) спортшылардың әнұранды жатқа білуін талап етіп, қадағалап отыратындығын мәлімдеді.

Жалпы, мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің айшықты белгілері қазақ баспасөзіне ғана керек пе деген ой келеді. Өйткені, жоғарыда сөз еткен жайттардың бәрі де баспасөзде көтеріліп, қоғамның наразылығын тудырған соң ғана барып, назарға алынып, шара қолданылды. Ал, егер журналисттер сөз етпесе, шенеуніктер шіреніп жүре берер еді.

Алдағы қазан айында талқыланатын мемлекеттік рәміздер туралы заң жобасына республика аумағындағы барша мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен мектептер, жоғарғы оқу орындарында әр жұмыс күні әнұранды жатқа айтып, көк туды көтерумен және оның мемлекет Тәуелсіздігіндегі ерекше орны жайлы жалынды үгіт сөздер айтылумен басталуын міндеттейтін арнайы тармақ енгізілуі тиіс! Әйтпесе, туды тулақ, әнұранды мазақ ететіндер тыйылмасы анық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434