Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2774 0 пікір 4 Ақпан, 2013 сағат 07:08

Берік Әбдіғали: «Біз орыс тілінен, Ресейден қорғануымыз керек!»

- Беке, ұлық болып кеткеніңізге 3 жылдай, соның ішінде Арқалықтай елеусіз қалған қалаға әкім болғаныңызға 7 ай толыпты. Сізге қай жұмысыңыз ұнайды: сарапшылығыңыз ба, әкімдігіңіз бе?

- Әкімнің жұмысы маған жат емес. 12 жыл бұрын Теміртауда Серік Ахметовтің орынбасары болып істегенмін. Ұлытауға бармай тұрып, негізгі ойым - у-шу қаладан, саясаттан шаршап, ауылға кету-тұғын. Өйткені кезінде көп нәрселерді айтқанмын. Бәрі бекер сөз сияқты. Сөзжарыс болып кетті. Кім әдемі сөз айтады, соған жақсы. Өкінішке орай, бір мінез көрсетіп, іс-қимылға бара алмаймыз. Кезінде қаншама сөз айттым. Қазір сол сөздерімді біреулердің қайталап жүргенін естіп қаламын. Менің осыдан 3-4, 5-6 жыл бұрын айтқандарымды біреулер қазір айтып жүр... Саясатқа қызығушылығым жоғалды! Ендігі қызығатыным - өзім бұрын айналысқан тарих, этнология. Түбінде сол тарихи-ғылыми жұмысыма қайтып баратын шығармын.

Негізгі ойым - у-шу қаладан, саясаттан шаршап, ауылға кету-тұғын. Өйткені кезінде көп нәрселерді айтқанмын. Бәрі бекер сөз сияқты. Сөзжарыс болып кетті. Кім әдемі сөз айтады, соған жақсы.

- Сонда саясаттан іргеңізді мүлдем аулақ ұстайсыз ба?

-  Әлгінде айттым, саясат мені дәл қазір еш қызықтырмайды. Ол кейін өзгеріп, күн тәртібіне жаңа мәселелер шығып жатса, баруым мүмкін. Бірақ қазір Үкімет бәрібір менің қазақ тілі, қазақты дамыту туралы айтқандарымды қабылдамайды. Мен саясаткер емеспін! Тек саяси технология, ақпараттық технология бойынша бір саланың маманы ғанамын. Саясаткер болып қызметке барсам, ертеңіне-ақ қуып шығады.

Қазір Үкімет бәрібір менің қазақ тілі, қазақты дамыту туралы айтқандарымды қабылдамайды.

- Сізді Астанаға шақырып жатыр деген сыбыс бар. Барасыз ба?

- Шақырулар бар. Арқалыққа мені 1-1,5 жылға жіберген. Бірақ бәрі өзгеріп кетті. Өзіме салса, осы жұмысымды істей бергім келеді. Бастадым ғой. Бірақ ана жақтағы басшылар қажет деп шешсе, барамын. Бір қуанатыным, 3 жылдық тәжірибем басқа әкімдердің 10 жылынан кем емес. Өйткені әр түрлі жерлерде істегендіктен, салыстырып отырамын.

- Президент Жолдауында "латын қарпіне көшеміз" деген сөз айтылып қалды. Бұл ненің нышаны?

- Біздің қоғам Ресейдің ықпалынан қорқады. Халықтың көкейінде "Ресейдің қолтығына қайтадан кіріп барамыз" деген алаңдаушылық бар. Кеше Елбасының латын қарпі дегені де бекер емес. Біз енді қазақ тілін, ұлттық рухымызды сақтап қалуға білегімізді сыбанып кірісуіміз керек. Ертеңгі күні Қазақстанның кәстөмін киіп алып, Қазақстанда шығарылған телефонмен сөйлесіп, Қазақстанның көлігіне мініп алып, орысша шүлдірлеп жүргеніміздің не керегі бар?! Ондай "казахский экономиканың" не керегі бар?!

Қазақстанның кәстөмін киіп алып, Қазақстанда шығарылған телефонмен сөйлесіп, Қазақстанның көлігіне мініп алып, орысша шүлдірлеп жүргеніміздің не керегі бар?!

Дәл қазір бізге қажет ең басты экономика - ұлттық рух! Ұлттық рухымызды шайқалтып отырған Ресейдің ақпараттық экспансиясы. Өйткені идеологиялық жағынан бәсекелес бола алмай, ұтылып жатырмыз. Мысалы, біздің теледидар (орыстілді арналар) өз өнімдерімізді шығаруы керек. Олардың өнімдері анау "НТВ", "ОРТ"-лардан бірде кем болмауы керек. Сонда халықтың беті бұрылады. Ұлттық рухқа БАҚ-тың ықпалы өте зор. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыратын солар. Қазір Германия, Франция сиияқты алпауыттардың өздері ағылшын тіліне, АҚШ-қа тәуелділіктен қорғанып жатыр.

Біз орыс тілінен, Ресейден қорғануымыз керек! Қытайдан демография жағынан қауіп болмаса, тілден қауіп жоқ!

Сұхбаттасқан - Төлен Тілеубай

Тақырып өзгертіліп алынды. Түпнұсқадағы тақырып: Астанаға шақырып жатқаны рас, өзіме салса, осы жұмысымды істей бергім келеді

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354