Сенбі, 23 Қараша 2024
269 0 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 14:59

Тіл мен мәдениет – мемлекетті байытушы құндылықтар!

Сурет Әбдірашит Бәкірұлының мұрағатынан алынды.

Тіл мен  мәдениет – әрбір халықтың рухани байлығының іргесін құрайтын рухани құндылықтар жүйесін құрайды. 

Сондықтан, осы екі іргенің бір жағы әлсіз болып жатса, ол міндетті түрде екіншісіне әсер етеді. Қазақстандағы ұлтаралық күрделі ахуал осыған қатты әсерін тигізуде. Өйткені, осы ғасырдан бастап қазақ халқы әлемнің барлық елдерімен, әртүрлі мәдениеттермен тікелей тығыз араласа бастады. Оның үстіне, Қазақстанның өзі да халықаралық миграциялық поцестердің аумағына еніп кетті. Әрине, оның қарқыны әзірге баяу өтуде. Алайда, Қазақстан бейбітшілікті ұстанған мемлекет, ал, қазақ халқы өзінің табиғатынан өзге ұлттар мен халықтарға толерантты халық болғандықтан – болашақта халқының саны мол, жұмыссыздық басым Индия, Пәкістан, Ауғанстан сияқты Азия елдерінен, халқының тұрмыс жағдайы өте төмен көптеген Африка елдерінен, әлемдегі соғыс ошақтары пайда болған өзге елдерден Қазақстанға қарай миграциялық көштің легі арта түседі.  Қазір ол күнделікті байқалып жатқан жоқ. Бірақ, осы үрдіс осы қарқынмен жалғаса беретін болса, біз көп ұзамай оның анық белгілерін байқай бастайтын боламыз...

Ең қиыны, бұл процесс елімізде қазақ тілі мен мәдениетінің толық үстемдікке қол жеткізіп, халықтың өзін‑өзі идентификациялау деңгейі оның ұлттық дамуымен теңескенге дейін басталып жатыр. Оның көрінісі мен зардаптары күнделікті байқалуда. Мысалы, елімізге келетін шетелдіктердің көпшілігі әлемдегі унитарлы (бір ұлтты) мемлекеттердің қалыбына сай, Қазақстанға келерде «қазақ тілін меңгеру» ниетімен келеді. Олар бастапқы «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Сізге рахмет», «Қалай?», «Қайда?» және т.т. сөздерді үйреніп келеді. Бірақ, олар Қазақстанға келген соң, олар үшін жағдай күрт өзгереді – біздегі халықтың көбі олармен тек орыс тілінде, тіптен, кейде таза ағылшын тілінде сөйлесуге бейім тұрады. Содан кейін, олар таңданысын жасыра алмаса да, өздері де орыс тілінде үйрене бастайды...

Міне, сөйтіп, олардың Қазақтың тілі мен мәдениетіне деген бастапқы құрметі, оны үйренуге деген бастапқы ынта‑жігері (энтузиазм)  сап тиылады. Соңынан, осы туралы олардың еліне «кері ақпараттар» жетіп, көп елдерде  көбіне «Қазақстан жұмыс істеп ақша табатын», не болмаса, «біршама жақсы жағдайда өмір сүруге қолайлы мемлекет» деген ғана түсінік қалыптаса бастады. Бұл – Қазақстанды тарихи тұрғыдағы унитарлы мемлекетке емес (Қазақ мемлекетіне), әлемнің әр түкпірінен және әр ұлттардан шоғырланған адамдар мекендейтін «азаматтық мемлекетке» бастайтын құбылысқа айналып келеді...

Егер, біздің мемлекет осы үрдістің алдын алып, оны қазіргі қазақ ұлтының қазіргі мәдени дамуы деңгейімен және оның әлемге танылуы деңгейімен үйлестіруге күш салмаса – бұл миграциялық процестің соңы қазақ ұлтын «әртектілікке» апарады. Сөйтіп, біз әлемдік саяси алаңда «унитарлы мемлекет» деп мойындалған Қазақстанның бет‑бейнесін біртіндеп жоғалта бастайтынымыз анық. Бұл, әлі де экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда іргесі беки қоймаған Қазақстан үшін аса қауіпті құбылыс.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349