Жұма, 8 Қараша 2024
Ақмылтық 1224 1 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 13:24

Түркілер тұтастығын сақтағысы келсе - «Түркістан» атауын қайтаруы қажет!

Сурет malim.kz сайтынан алынды.

Осыдан біраз бұрын, қазан айының басында Түркияның білім министрлігі оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіп жатқанын жаздық.

Түркияның ұлттық білім министрлігі тарих бойынша оқу бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Енді «Орталық Азия» термині – «Түркістан» деп өзгереді.

Сурет Abai.kz скрині.

Біз осыған қатысты белгілі тарихшы, ғалым Мәмбет Қойгелдіге хабарласып, пікір сұраған едік.

Мәмбет Құлжабайұлы Түркі елдері өздерінің әлемдік кеңістікте жеке дара дербестігін сақтағысы келсе – «Орталық Азияны» - «Түркістан» деп атау маңызды екенін атап айтты.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы:

– Тәуелсіздіктің арқасында халқымыз жаңа сападағы өмірге жетті. Түркияның ОА-ны «Түркістан» деп атау туралы ұсынысының, идеясының біздің елде айтылып жүргеніне біраз болды. Өкінішке орай, іске аспады. Бірден бір себебі - Кеңестік кезеңнің қалыптасқан саяси идеологиясынан әлі күнге дейін шыға алмай келе жатырмыз.

Негізінде «Түркістан» ұғымы - көне ұғым, түркі этностары мен елдерінен бұрыннан келе жатқан идея. Бұл идея Түркі - Қытай қатынасынан, Түркі-Эллиндер, Түрік-Араб, Түрік-Иран, Түрік-Моңғол, Түрік-Орыс қатынастарынан сатылап, сәтті өткен. Негізгі басты мазмұны - түркілер жеке мемлекет, этнос, ұлт, қауымдастық ретінде алпауыт мемлекеттер арасында өздерін сақтап қалуы керек. Біздің екі көршіміз, шығыста – Қытай, батыста - Ресей екі ірі держава қоршап тұр. Түркі этносы болса осы екі ұлы державаның ортасындағы этнос.

Аттила заманында, Қарахан мемлекеті тұсында, Шыңғыс хан билеген уақытта, Әмір Темір заманында түркілер алып империялар құрды. Жеке этнос, мәдениет, мемлекет ретінде түркі халқы әлемді мойындатты. Бұл-тарихи шындық. Түркілердің қара күшімен, жеке интеллектісімен, ақыл-ойымен салынған империяларды бірде-бір мемлекет жоққа шығармайтыны анық. Бірақ, өкінішке орай, кейінгі 3-4 ғасырда түркі идеясы әлсіреп кетті. Түркілер өзінің қуатты, империялық деңгейдегі күшінен айырылып қалды.

Негізінен түркі этносы өз тұтастығын, ұлттық ерекшелігін, мүддесін сақтағысы келсе, «Түркістан» атауын қайтаруы қажет. «Түркістан» атауын-географиялық атау және этникалық ұғым ретінде де қарастырамыз. Түркияда қабылданған шешімнің астарында түркі елдерінің бірлігі идеясы жатыр.

Экономикалық, саяси, мәдени, әскери тұтастық идеясы. Әлемдік кеңістікте, саясатта, күресте өзімізді сақтағымыз келсе бірігуіміз қажет...

Материалды дайындаған Аружан Байжан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1132
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2341
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2350