Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9764 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 07:40

Ауылдардың ескі атаулары өзгеретін кез жетті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сұхбатында: «...Қайткен күнде де орысша атауларды өзгертсек болды деген оймен елді мекендерге Жаңаөмір, Еңбек даңқы, Алғабас, Жасампаз, Төңкеріс тәрізді кешегі кеңестік дәуірдің аузымызға салып, санамызға сіңіріп кеткен атауларын ұсынып әуре. Меніңше, жер-су атауларына ерекше ыждағаттылық қана емес, тарихи таным мен өлкетанушылық мол білім тұрғысынан келген жөн», – деп өзекті мәселені салқын ақыл, сабырмен шешу қажеттігін баса айтқан болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елді мекендерге кісі аттарын жөнді, жөнсіз қоя бергенді доғару керектігіне назар аударып, есімін де, еңбегін де көпшілік біле бермейтін бәзбіреулердің атын көшелерге, елді мекендерге, тіпті ауыл мен ауданға беру бәсекеге айналып тұрғандығына қынжылыс білдірген еді. Осы пікірді әсте ескергеніміз абзал.
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанғалы Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар ономастикалық шаралар жүзеге асырылып, өңірдің сәні кіріп қалды. Бұрын Ленин, Возвышен, Москва, Соколов, Совет тағы басқадай аталып келген аудандарға Аққайың, Айыртау, Ақжар, Қызылжар деп тарихи жер аттары берілді. Ал бірқатары Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев сияқты ардақты тұлғалардың есімдерін иеленді. Бүгінгі күні облысымыздағы он үш ауданның 11-і қазақша аталады.

1999 жылдан бері 26 елді мекеннің атауы қайта аталды және транскрипциясы өзгертілді. Облыстық ономастикалық комиссия елді мекендерден келген ұсыныстарды байыпты зерттеп, лайығына қарап атау беру немесе бұрынғы атын өзгерту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, бұрынғы Комсомольское – Ұзынкөл, Кировка – Баймағанбет Ізтөлин, Новокрасновское – Мортық, Херсонское – Қаратерек, Мәдениет – Қарасай батыр, Златогорка – Ағынтай батыр, Володарское – Саумалкөл, Толбухинское – Телжан, Озерное – Тілеусай, Западное – Тоқсан би, Менжин – Кенащы, Ленин – Байшілік деп аталды. Қандай жарасымды десеңші! Тәуелсіздіктің туы желбіреген туған жерімізде өзіміздің төл тарихымызбен байланысты ауыл атауларын аузымызға қуана аламыз емес пе?!
Соңғы екі жылда облыстық ономастикалық комиссияға он бес елді мекеннің атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті. Соның 10-ы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, 9 елді мекеннің атауын өзгерту туралы ұсыныс оң шешімін тапты. Сөйтіп Айыртау ауданындағы Қызыләскер ауылы – Құмтөккен, Альжанка селосы – Әлжан, Ақжар ауданындағы Найдорф селосы – Ақсары, Шал ақын ауданындағы Октябрь селосы – Ұзынжар, Чапаево – Мерген, Жамбыл ауданы бойынша Западное селосы – Нұрымбет, Ғабит Мүсірепов ауданының Гавриловка селосы – Көкалажар, М.Жұмабаев ауданындағы Фурмановка селосы – Бәйтерек, Уәлиханов ауданындағы Чернигов селосы Қондыбай ауылы болып өзгертілді.
Алайда мұнымен тоқмейілсуге болмайтыны сөзсіз. Бүгінгі таңда облысымыздағы елді мекендердің 34 пайызының ғана атауы қазақша. Тереңірек үңілер болсақ, әлі күнге дейін тәуелсіз еліміздің келбетіне сәйкес емес кеңестік атаулар сіресіп тұр. Мәселен, Мамлют, Тайынша, Жамбыл, М.Жұмабаев аудандарында Октябрь, Октябрьское, Мамлют, Тимирязев, Аққайың аудандарында Ленино, Ленинское, Тайынша ауданында Ильичевка, Ильич, Комсомолец, Тимирязев ауданында Дзержинское, Жамбыл, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда Буденное, Жамбыл ауданында Бауманское, Чапаевка, Матросовка, Мамлют ауданында Қызыләскер, Краснознаменное, М.Жұмабаев ауданында Пролетарский, Ақжар ауданында Коммунизм, Есіл, М.Жұмабаев аудандарында Советское, Шал ақын ауданында Социал.
Сонымен қатар Кладбинка, Кабань, Дашка-Николаевка, Конюхово, Куломзино, Барашки, Пулеметовка, Ташкентка, Чернозубовка, Разгульное, Тахтаброд, Краматоровка сияқты тілге орамсыз әрі мағынасыз елді мекендер атауларын әрбір ауданнан кездестіруге болады.
Айта кететін жайт, осындай елді мекен аттарын өзгертуге ауылдықтар асығар емес. Мәселен, Мамлют ауданындағы Ленин селосын қайта атау туралы бес рет жиналыс өткізілген. 2007 жылғы маусымның 7-сі күнгі жиналыстың хаттамасына сүйенсек, жиынға қатысқан 95 ауыл тұрғынының 73-і елді мекеннің сол қалпында «күн көсемнің» есімімен аталып қалғанын қалаған. Әрине, ауылды жаңаша атауға келгенде тұрғындардың бірауыздылық таныта алмаулары өкінішті-ақ.

Фарида ТҰЯҚОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы
“Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445