Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2653 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 07:43

Қайраңда қалған балықтар қырылып жатыр

«Каспий теңізінің солтүстік жағалауларына жайылған сумен шығып, қайраңда қалған балықтар қырылып жатыр» деп хабарлайды Атырау облысы Исатай аудандық балық инспекциясының бастығы Есенжан Сәрсенбаев.
Қалың балық қырылып жатқан жер жағалаудың саяз және теңіз суының Айдың тартылыс әсерінен толысуы мен арнасына қайту амплитудасы ең ұзаққа құлаштайтын тұсы екен. Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының айтуынша, балықтарға келген кесел әлдеқандай аурудан емес, осы су жайылуынан келген.
Каспий теңізінде судың көтерілуі мен кері қайтуы кездерінде Атырау тұсындағы жағалаулары ондаған шақырымға әрлі-берлі жылжып отырады. Кезекті цикл кезінде құрлыққа қарай 7-8 шақырымға дейін жайылған теңіз суын, бағытын күрт өзгерткен қатты жел кері қарай айдаған. Соның салдарынан шұңқырлар мен ойпат жерлердегі суларда өте көп балық қалып қойған. Артынша теңізден кесіліп қалған әлгі сулар тартылып, шалшықтың үстінде шоршыған балықтарға қырылу қаупі туған.

Балық инспекциясының қызметкерлері тонналаған балықтың қайраңда жатқандығы туралы жергілікті билікке, облыстық қоршаған ортаны қорғау қызметіне хабарлаған. Исатай ауданындағы Зинеден ауылының тұсындағы шұңқырда қалған қалың балықты шығарып алу үшін балық аулауға рұқсаттары бар барлық кооперативтер жұмылдырылған. Теңіз суынан бөлініп қалған қазандардағы сазан, табан балық, қара балықтардың бәрін алып шығу мүмкін емес, ішіндегі ұсақтары бәрібір батпақта қалады. Өйткені олар өте көп. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің айтуынша, шұңқырлардағы тұрып қалған су күннің көзіне қызып, балықтар қырылып қалса, Каспийдің осы жағалауындағы фауна мен флораға санитарлық-эпидемиологиялық қауіп төнбек.
Ђткен жылдары Солтүстік Бозашыдағы Қаламқас бөгеті тұсында толқынмен жағаға шығып қалған мыңнан астам бекіре балығы мен жүздеген итбалықтың шіруге айналған өлекселері табылған болатын. Каспийде алғаш мұнай өндіріле бастаған жылдары итбалықтар мыңдап қырылушы еді. Маңғыстау мен Атырау жағалауларындағы өлекселерді жою үшін арнайы пештер жасалынып, оларды отқа өртеуге біраз уақыт жұмсалатын болған. Итбалықтар өз алдына, теңіз жағалауларын енді шіріген балық сасытпасын деңіз.

Қайыржан ТӨРЕЖАН
“Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5438