Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4778 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 10:36

Тірі жетім қайдан шығады?

Қазақстанда 5 миллионға жуық бала болса, соның 46 мыңнан астамы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екен. Бұл – жетімдер жөніндегі ресми деректер. Ал қазақстандық мамандар келтірген бейресми деректер бойынша жыл сайын елімізде 100 мыңнан астам бала ата-анасы бола тұра, олардың қарауынсыз қалуы салдарынан кезбе-қаңғыбастыққа салынады екен. Айта кетерлігі, елімізде ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың ресми статистикасы жүргізілмейді. Алайда ата-аналардың балаларын ұрып-соғып, жәбірлеп, өздерінің ішімдікке салынып, нашақорлыққа душар болуы, қоғамдағы тірі жетімдердің санын күннен-күнге арттырып отыр.
Мамандар «осынау әлеуметтік проблеманы шешудің тиімді жүйесінің болмауы қараусыз қалған балалардың көбеюіне апарып соғуда» дейді. Қазіргі таңда балалар үйіндегі балалардың 14 пайызы ата-анасы бола тұра, әке-шешесінің сотталып немесе ата-аналық құқығынан айырылуы салдарынан тірі жетім атанып, балалар үйінде тәрбиеленуде.

Қазақстанда 5 миллионға жуық бала болса, соның 46 мыңнан астамы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екен. Бұл – жетімдер жөніндегі ресми деректер. Ал қазақстандық мамандар келтірген бейресми деректер бойынша жыл сайын елімізде 100 мыңнан астам бала ата-анасы бола тұра, олардың қарауынсыз қалуы салдарынан кезбе-қаңғыбастыққа салынады екен. Айта кетерлігі, елімізде ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың ресми статистикасы жүргізілмейді. Алайда ата-аналардың балаларын ұрып-соғып, жәбірлеп, өздерінің ішімдікке салынып, нашақорлыққа душар болуы, қоғамдағы тірі жетімдердің санын күннен-күнге арттырып отыр.
Мамандар «осынау әлеуметтік проблеманы шешудің тиімді жүйесінің болмауы қараусыз қалған балалардың көбеюіне апарып соғуда» дейді. Қазіргі таңда балалар үйіндегі балалардың 14 пайызы ата-анасы бола тұра, әке-шешесінің сотталып немесе ата-аналық құқығынан айырылуы салдарынан тірі жетім атанып, балалар үйінде тәрбиеленуде.
Әдетте ата-анасының қарауынан тыс қалған балалар көше кезіп кетеді екен. Олардың көп шоғырланатын жері вокзал мен базар маңы, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен шатырларының асты болып келеді. Аталмыш жерлерден полицияның назарына ілінген жеткіншектер алдымен кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және қайта бейімдеу орталығына жеткізіледі. Жыл сайын мұндай жерлерге шамамен 200 мыңдай бүлдіршін жіберілетін көрінеді. Олардың арасында өзіміздің жеткіншектерге қоса, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан нан табу мақсатында келетіндер де баршылық екен. Себебі қараусыз қалған балалардың көпшілігі нан табу мақсатында үлкен қалаларды жағалайтын көрінеді.
Мұнда әке-шешесіне сұрау салынып, баласының үйден безіп кетуіне ата-анасының «үлесі» болған жағдайда бірнеше рет ескерту ретінде ата-анаға айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылады. Ал айыппұлмен тәртіпке көне қоймағандар ата-аналық құқығынан айырылып, балалары балалар үйіне тапсырылады. Ал ата-ананың баланы ұрып-соққаны дәлелденген жағдайда Қылмыстық кодекстің 137-бабымен жауапқа тартылады. Ол бойынша ата-анаға айыппұл салу көзделсе, осы баптың екінші тармағы бойынша ата-ананы бас бостандығынан айыру көзделген. Ал егер баланы ұрып-соқпай, тек ата-анасынының бала тәрбиесімен айналыспағаны белгілі болған жағдайда, 111-баппен ата-аналық құқықтан айырып, әкімшілік жаза ретінде айыппұл төлеуі қарастырылған. Айыппұл көлемі бірінші кезекте бес айлық есептік көрсеткішпен (6 365) өлшенеді. Егер ата-анасы бір жылда екі рет осы жазаға тартылса, 6-10 айлық есептік көрсеткішпен (7 638 - 12 730) жазаланады. Ал баланы аяусыз ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, жәбірлегені анықталса, 50-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (127 300-63 650) айыппұл төлеуге мәжбүрленеді. Қосымша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Айта кетерлігі, өткен 2008 жыл мен биылғы жылдың төрт айы ішінде бірде-бір ата-анаға ата-аналық құқық қайтарылмапты. Тек 2007 жылы ғана екі-ақ ата-ана ата-аналық құқық қайтару туралы өтініш жазып, нәтижесінде сот арқылы ата-аналық құқығы қайтарылған. Бірақ өкінішке орай, құдай берген ата-аналық құқығын қайтаруға көптеген ата-ана асықпайтын көрінеді.
Мамандардың пікіріне сүйенсек, ата-аналық құқықтан айырылғандардың балалары қылмысқа бейім болып келеді екен. Сондай-ақ балалардың көбісі балалар үйіне тапсырылған соң, ата-анасы қанша жерден араққұмар болса да туған үйін аңсап, қашып кетіп жатады екен. Бұл бала үшін ата-анасының орны бөлектігінің айғағы болса керек.
«Ананың көңілі балада» деген нақыл сөздің желге ұшқаны ма деген көңіліміздегі күдікпен наркологиялық диспансерде емделіп жатқан ата-аналарды жағаладық. Өзін Айман деп таныстырған ана: «Өткеннің бәріне өкінем. Арақ мені ар-ұят, дүние-мүлкімнен ғана емес, балаларымнан да айырды. Мен оны іштім бе деп жүрсем, ол мені түбіме дейін ішіпті. Әйел адамға арақ мүлдем керек емес нәрсе. Соны түсіндім. Осы жерден ем алып шыққан соң, балапандарымды қайтарғым келеді… » — деді, көзіне жас алып. Үміт оты жылт етті. Бір баланың болса да «Әрқашан болсын анам, болайын мен де аман» деген тілегінің орындалатынына қуандық.
Айгүл Шөпшекбаева, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
«Өткен жыл бойынша Алматы қаласында 37 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылып, 47 бала балалар үйіне тапсырылған. Ал биылғы жылдың төрт айы ішінде жеті ата-ана ата-аналық құқығынан айырылып, 12 бала «тірі жетім» атанып, балалар үйіне жөнелтілді. Ең өкініштісі, бұлардың 50 пайызы өзіміздің қаракөздер. Қалғаны басқа ұлт өкілдері. Мұндай ата-аналар Алматы қаласының Түрксіб, Әуезов аудандарында көптеп кездеседі. 2009 жыл бойынша Алматы қаласында 1080 тұрмыстық жағдайы нашар отбасы біздің есебімізде тұрады. Осының ішінде біз жеті ата-ананы ғана ата-аналық құқықтан айырдық. Қалғанын мүмкіндігі келгенше баласынан айырмай тәрбиелеп, қатарға қосудың амалын жасап жатырмыз. Биылғы жыл бойынша ата-аналық құқығынан айырылған жеті ата-ана осы уақытқа дейін бірнеше рет айыппұл төлеп, тәрбие жұмыстарына көнбегендіктен, ата-аналық құқықтан айрылып отыр. Нашақорлық пен араққұмарлыққа шалдыққан ата-аналарды 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықта тегін емдеу-сауықтыру шараларын да ұйымдастырамыз. Алайда көбісі қайтадан бәз баяғы қалпына түсуге бейім тұрады».

 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
“Алаш айнасы” газеті 26 Мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407