АТТАЙ ҚАЛАП АЛДЫРТҚАН ЛЕГИОНЕРЛЕРІМІЗ ҚАНДАЙ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ?
Рио 2016 Олимпиадасы аяқталып, төртжылдықтың байрақты бәсекесіне ел намысын қорғауға барған спортшыларымыз жалпы командалық есепте 22-орынға тұрақтады. 104 спортшының 17-і Олимпиада жүлдесін қанжығалап қайтты. Соның ішінде Қазақстанның әнұраны Рио төрінде үш рет шырқалды.
Жә, дода додасымен болғанда, салпалақтап жетіп барған көп спортшымыз жарыста жетістірмеді.
Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасы болардан сәл ертеректе «Abai.kz» порталы Риода ел намысын қорғайтын спортшылардың сапында есім-сойы елге беймәлім, шетелдік спортшылардың басым болғанын жазған болатын. Ол кезде толық емес тізімде (86 спортшы) бар болғаны 26 қазақ спортшысын көрген едік.
Хош, өзге ұлт болса да Қазақстан топрағында туылса бір сәрі дер едік. Ал шетелден шақыртып, аттай қалап, атандай сұрап алған спортшылар маңырақ қойдай сасқалақтап, сыбанып сайыса алмағаны өкіндіреді.
Жақында «informburo.kz» порталы Қазақстан атынан жарысқа қатысқан легионерлердің Риодағы жетістіктерін есептеп шығыпты.
1. Нұрислам Санаев, еркін күрес – Ресей Федерациясы.
Туған жылы, айы, күні: 2 ақпан 1991 жыл.
Туған жері: Тува
Нәтижесі: 12 орын. 0 – жеңіс, 2 – жеңіліс.
2. Жұлдыз Эшимова, әйелдер күресі – Қырғызстан.
Туған жылы, айы, күні: 1 ақпан 1988 жыл.
Туған жері: Бішкек
Нәтижесі: 5 орын. 1 – жеңіс, 2 – жеңіліс
3. Арли Чонтей, ауыратлет – Қытай, Қырғызстан.
Туған жылы, айы, күні: 1 шілде 1992 жыл.
Туған жері: Нарын
Нәтижесі: 4-орын. 6 мүмкіндіктің 3-ін ғана көтерді.
4. Фархад Харки, ауыратлет – Қытай, Қырғызстан.
Туған жылы, айы, күні: 20 сәуір 1991 жыл.
Туған жері: РФ, Самара облысы
Нәтижесі: 3-орын. 6 мүмкіндіктің 4-ін ғана көтере алмады.
5. Ниджат Рахимов, ауыратлет – Әзірбайжан.
Туған жылы, айы, күні: 13 тамыз 1993 жыл.
Туған жері: Баку
Нәтижесі: 1-орын. 6 мүмкіндіктің 4-ін ғана көтере алмады.
6. Елена Потапенко, бессайыс – Украина.
Туған жылы, айы, күні: 20 сәуір 1993 жыл.
Туған жері: Луганск облысы
Нәтижесі: 10-орын.
7. Гүзел Манюрова, әйелдер күресі – Ресей.
Туған жылы, айы, күні: 24 қаңтар 1978 жыл.
Туған жері: Саранск облысы
Нәтижесі: 2-орын. 3 жеңіс, 1 жеңіліс.
8. Отгонцэцэг Галбадрах, дзюдо – Моңғолия.
Туған жылы, айы, күні: 25 қаңтар 1992 жыл.
Туған жері: Ұлан батыр
Нәтижесі: 3-орын.
9. Ярослава Шведова, теннис – Ресей.
Туған жылы, айы, күні: 12 қыркүйек 1987 жыл.
Туған жері: Мәскеу
Нәтижесі: Бірінші айналымда жеңіліп қалды.
10. Галина Воскобоева, теннис – Ресей.
Туған жылы, айы, күні: 18 қыркүйек 1984 жыл.
Туған жері: Мәскеу
Нәтижесі: Бірінші айналымда жеңіліп қалды.
11. Илья Мокрецов, Семсерлесу – Ресей.
Туған жылы, айы, күні: 17 сәуір 1984 жыл.
Туған жері: Қазан қаласы
Нәтижесі: Бірінші айналымда жеңіліп қалды.
12. Павел Ильяшенко, бессайыс – Ресей.
Туған жылы, айы, күні: 23 маусым 1990 жыл.
Туған жері: Уфа қаласы
Нәтижесі: 36 спортшының ішінде 35-орын.
13. Инна Клинова, байдаркада есу, - Украина.
Туған жылы, айы, күні: 13 мамыр 1986 жыл.
Туған жері: Черкассы қаласы
Нәтижесі: 10- орын.
14. Виталий Худяков, су марафоны – Қырғызстан.
Туған жылы, айы, күні: 7 тамыз 1994 жыл.
Туған жері: Бішкек
Нәтижесі: Жүзу барысында 2 рет ережені өрескел бұзғандығы үшін жарыстан шеттетілген.
Сондағы 14 легионердің төртеуі ел қанжығасына Олимпиада медальін салған. 1 – алтын, 1 – күміс және 2 – қола.
Ал енді Рио Олимпиадасында өзге ел атынан жарысқа қатысқан қазақстанды спортшылардың жетістіктері аз емес екен.
Софиья Великая (Алматы қаласының тумасы) Ресей атынан шықты. Жекелей семсерлесуден күміс медаль (2-орын) командалық сайыста 1-орын.
Елмұрат Тасмұратов (Шымкент қаласының тумасы), грек-рим күресінен Өзбекстан атынан жарысқа қатысып, 3-орын алды. Елмұра Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Камран Шахсуварлы (Ақтөбе қаласының тумасы) ӘІзірбайжан атынан қатысып, бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz