Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5914 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 13:31

Ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Қала әкімдігінде ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті. Шара «сұрақ-жауап» түрінде ұйымдастырылды.

      Сұрақ: Қаламыздың аумағына Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандарынан 41 елді мекен қосылды. Осы жағдайда ветеринария саласында бірқатар міндеттер артылды және осы ақырғы кезде ит құтыру проблемасы көбеюде. Бұған не дейсіз?

      Қала әкімінің орынбасары Баймұханов Тимур Султанбекұлы: «Шынымен, Шымкент қаласы – бүкіл  Орта Азиялық үлкен қалалардың ішінде – бірегей Агроазықтық белдеуге ие. Бүгінгі күні қаламыз Бас жоспарға сай жалпы аумағы 116 мың гектарға жетті. Оның ішінде 50 пайызы ауыл шаруашылығы жерлері және оның көлемі 2014 жылға қарағанда 6 есеге өсті.

      Ал ірі қара мал саны – 5 есеге, құс басы – 35 есеге артты.

      Агроқұрылымдар саны – 13 есеге

      Соның ішінде:

     - өндірістік кооператив – 2 есеге,

      - ауыл шаруа қожалықтар - 15 есеге өскен.

      Осы жағдайда ветеринария саласының дамуы бүгінгі күннің талабы. Әкімдіктің құрылымындағы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі осы салаға жауапты және ветеринария саласында үлкен жұмыстар атқаруда. Қала әкімінің тапсырмасына сай қаламыздың 2016-2020 даму тұжырымдамасы әзірленіп, осы тұжырымдамаға сәйкес ауыл шаруашылығы және ветеринария саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Тағы айта кететін бір мәселе ол, қаланың «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының биылғы жылға дейін өзінің қызметтік үй-жайы, көлік тұрақтары және дәрі-дәрмек сақтайтын қоймалары да болмаған. Осы мәселені шешу үшін қаламыздағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен келіссөздер жүргіздік. Бүгінгі күні ол мәселелер шешілді. Университет қабырғасындағы ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерінің білімін «Ветеринарлық қызмет» МКК вет дәрігерлерімен бірлесіп, тәжірибемен ұштастыруды көздей отырып, Университет «Ветеринариялық қызмет» МКК ға қызметтік үй жай, көлік тұрағы сондай ақ дәрі-дәрмек сақтайтын қоймамен қамтамасыз етті. 37 студентті  ветеринариялық санитар мамандығына дайындап, ветеринарлық жұмыстарға тартылды. 

      Сондай-ақ,  қалаға қосылған елді мекендердің 100 % жеке секторлар. Яғни жеке қосалқы шаруашылық жүргізуші тұрғындар. Елді мекендерде барлығыңызға белгілі мал шаруашылығына қатысты көп қағидалар, ветеринарлық-санитарлық нормалар соның ішінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидалары сақталмайды. Соның салдарынан тұрғындарды иттердің тістеп алу фактілері көптеп тіркелуде. Ит асырайтындар иттерін бос, байламай ұстайды. Оған қоса ауласы қоршалмаған жаңақұрылыстарда иттерді егелері бос жібере салады. Осындай сияқты бірнеше себептерге байланысты қаламызда қаңғыбас иттер мен мысықтар саны көбеюде. Ал, қаңғыбас иттерден адам өмірі үшін қауіпті аурулар тарайды. Осы қаңғыбас ит және мысықтар мәселесін шешу бойынша 20.06.2016 жылы қала әкімдігі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, «Вторая жизнь» ЖШС қоғамдық қоры және «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұйымдастыруымен «Қаңғыбас ит және мысықтар мәселесі және оны шешу жолдарын іздеу» тақырыбы аясында практикалық конференция өткіздік. Конференцияда қаңғыбас ит мысықтардың  пайда болуының бірнеше себептері аталып, сол себептермен күресудің жолдары талқыланды. Бұл мәселемен күресу үшін алдағы уақытта бағдарлама қабылдап, сол бағдарлама негізінде жұмыс жүргізіледі».

      Сұрақ: Ауыл шарушылығы жануарларының адам денсаулығы үшін қауіп тудыратын аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қандай ветеринариялық іс шаралар атқарылуда?

      Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысының орынбасары Жұбанов Төрәлі Ондыбайұлы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» №7-1/559 бұйрығына сәйкес «Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі» бекітілген. Тізбеде жануарлардың 69 аса қауіпті аурулары көрсетілген. Соның ішінде біздің қаламызда 15 түріне бюджет қаражаты есебінен екпе жасалса 25 түріне диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Олар, құтырма, бруцеллез,  ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң, туберкулез, аусыл, күл, инфекциялық анемия, қарасан, қойдың жұқпалы эпидидимиті, брадзот тағы осылар секілді аурлар.

      Осының ішінде адамдар ауыратын, емі жоқ, созылмалы түрде өтеніні ол бруцеллез ауруы. Биылғы жылы бұл ауруға 20864 бас ІҚМ, 36985уақ мал зерттеліп, соның ішінен 24 бас ІҚМ мен 69 бас уақ мал бруцеллезбен ауыратыны анықталды. Барлық ауру мал арнайы мал сою бекетінде санитариялық әдіспен сойылып, өңдеуге жіберілді».

      Сұрақ: Иттердің тұрғындарды жарақаттауы, тістеу жағдайлары кене шаққандар саны да азаймай отыр. Осындай жағдайда қандай жұмыстар жүргізілді?

      Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Абетаев Дүйсенбек Темірханұлы: «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою қаламызда бірқатар жолға қойылған. Бұл жұмысты жүргізу үшін «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жанынан 10 ит аулау бригадасы құрылған. Тұрғындардың өтініші бойынша және күнделікті ерте таңғы уақытта яғни тұрғындар көшеге шықпаған кезде, арнайы Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралмен аулау жүргізіледі. Қазіргі таңда 17520 бас ит пен 1420 бас мысық аулап жойылды. Адамдардың иттерден құтырма ауруын жұқтырып алмасы үшін құтырма ауруына қарсы вакциналарды қолданылады. 2016 жылы Облыстық ауыл шарушылығы басқармасынан 85677 доза құтырма ауруына вакцина сұратылып, соның ішінде қаламызға жеткізілген вакцина саны 23963 доза. Барлық жеткізілген вакциналар иттер мен мысықтарға егілді. Қала тұрғындарының назарына айта кету қажет, ол жеке иелігіндегі иттер мен мысықтарын облыстық мәслихаттың бекітілген иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін сақтауы қажет. Себебі иті бос, ауласынан көшеге шыққан жағдайда қаңғыбас иттер мен мысықтардан ауруды жұқтырып алуы мүмкін.

      Кенеге қарсы залаласыздандыру жұмыстары бойынша қазір көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Облыстық ауыл шаруашылығы бекіткен жоспарға сәйкес  74 336 бас ірі қара мал кенег қарсы дәрімен бүркілді, 117409 бас уақ мал шомылдырылып, 1948 631 шаршы метр аумақ қора жай мен оған жапсарлас аумақтар толығымен залалсыздандырылды. Залалсыздандыру жұмыстарына дәрі дәрмектер тек мал ұстайтын аулаларды залалсыздандыруға беріледі. Қаламызда адамдарды кенелер шаққан жағдайларға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларымен талдау жасағанымызда барлық кене шағу жағдайлардың 2016 жылдың 6  ай мәліметінде 24,7 % -ы мал ұстайтын аулаларда орын алып отыр. Бұл дегеніміз бюджет есебінен жүргізілетін дәрілеу жұмыстарымен мәселе толық шешілмейді. Осыған байланысты  қала тұрғындарына айтарымыз аулаларда, демалысқа табиғатқа барғанда қай жерде болса да кенеге мұқият болуларын сұранамыз». 

      Cұрақ: Жаз айларында ішкі сауда объектілерінде (базарлар, супермаркеттер, маркеттер) сатылымға түскен мал, сүт, құс, балық өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстары қалай жүргізіледі?

      Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау секторының меңгерушісі Абдихаев Беглан Мамырбекович: «Шымкент қаласының ірі азық-түлік базарларына, супермаркеттерге және маркеттерге мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер бекітілген.  Ішкі сауда объектілерінде (базарлар, супермаркеттер, маркеттер) мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 «Ветеринариялық қағидаларды бекіту туралы» бұйрығының  2-тармақ 12-параграфнің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ішкі сауда объектілеріне (базарлар, супермаркеттер, маркеттер) сатылымға түскен мал өнімдері ( ет, сүт, құс, балық т. б.) міндетті түрде ветеринариялық сараптаудан өтуі тиіс. Сараптаудан өтпеген мал өнімдері сатылымға жіберілмейді.

      Мал өнімдерін ветеринариялық  сараптаудан  ветеринариялық сараптау зертхана мамандары жүргізеді. Зертхана мамандары мал өнімдерін яғни мал етінің ұшасын, iшкi мүшелері мен басын, қолжетімді барлық лимфа түйiндерiн ашып қарай отырып және ішкі мүшелерін тіле отырып,  органолептикалық қараудан (түсі, иісі т.б) өткізеді. Өнім күдікті болған жағдайда мал өнімін уақытша алып қойып осы өнімнен сынама алынып, ветеринариялық сараптау зертханасына қосымша зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі сапалы болған жағдайда өнімге сараптау актісі толтырылып сатылымға жіберіледі.

      Ішкі сауда объектілерінде мал өнімдерін (ет, сүт, құс, балық т. б.) сатып алу кезінде міндетті түрде ветеринариялық сараптау зертханасының сараптау актісін сұраған абзал және мүмкіндігі болса мал етінде сараптаудан өткені жөніндегі мөр басылғандығын байқау қажет. Өнімнің сараптау актісі және мөрі болмаған жағдайда өнімді алудан бас тартып, сол объектілерге бекітілген мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге хабарласқаны жөн. Маман болмаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің  39-04-21 сенім телефонына хабарласуға болады».

      Cұрақ: Мал базарларға сатылымға түсетін ауыл шаруашлығы жануарларының ( ірі қара мал, жылқы, уақ мал т.б) егелеріне қандай ветеринариялық талаптар қойылады?

      Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау секторыныңбас маманы Мыңбатыров Әуез Қанбатырұлы:

      «ҚР 10.07.2010 жылғы «Ветеринария туралы» Заңының 32-бабының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендірілуі тиіс және дерек қор базасына ендірілуі қажет. Осыған сәйкес мал базарларға сатылымға түсетін жануар егесі тұрғылықты әкімшілік аумақтың жануарлар ауруынан қолайлы аймақ жөнінде ветеринариялық анықтама, жануардың ветеринариялық  паспорты, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу іс-шарасы туралы мәлімет және ірі қара, уақ малдарда құлақ жапсырмасы (сырғасы) жылқы малында таңба (табро) болуы қажет.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарлары мал базарларға сатылымға жіберілмейтіндігі жөнінде базардың кіреберісіне және қала көшелеріндегі  билбордтарға хабарлама берілген.

      Осы Заң талаптары сақталған жағдайда Халық арасында аса қауіпті жұқпалы індеттердің таралуын болдырмауға және мал ұрлығын алдын алуға мүмкіндік береді. Ветеринариялық қауіпсіздік халықтың саулығын сақтаудағы маңызды қадам».

      Сұрақ: Қала тұрғындарына аса қауіпті ауруларды жұқтырып алмасы үшін не айтаредіңіз?

      Қала әкімінің орынбасары Баймұханов Тимур Султанбекұлы: «Ауруды жұқтырмас үшін, иелігіндегі малдары ауырмас үшіндұрыс күтіп ұстауы қажет. Малдарға ауру  алиментарлық жолмен яғни жем-шөп, су арқылы, ауа арқылы, ауру малмен жанасқанда жұғады. Ветеринария саласындағы Заңнама бойынша жануарларының ауруға қарсы егілуіне, зерттелуіне және олардың бірдейлендіріп, деректер қорына енгізуіне жауапты. Малы ауырса, ауруға күдікті болып тұрса міндетті түрде ветеринар дәрігерлерге хабарласуы қажет және сол ветеринар дәрігер келгенше малын өзге сау малдардан оқшаулап қою керек. Малын сатқанда немесе етке сояр алдында ветеринар дәрігерлерден арнайы үлгідегі анықтамалар алуы тиіс. Ал сатып алған кезде ауру таратпасы үшін карантинге қойып, жаңадан мал сатып алғандығы туралы ветеринар дәрігерге хабарласып малын есепке алу керек. Ішкі сауда объектілеріне (мал базарлары, азық-түлік базарлары, дүкендер, маркеттер, супермаркеттер) келіп түскен өнімді сатып алған кезде ол өнімдердің сараптамадан өткендігі туралы анықтамасын ал, жануарлардың ветеринариялық паспортын талап етуі қажет».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485